Home page » Archive 2015 year

Астана әуежайы Жаңа жыл мерекесімен құттықтайды!

IMG_1249

Астана әуежайы Жаңа жылды қарсы алуға дайын. Жолаушылар терминалында қонақтарды көздің жауын алатын әсем шырша қарсы алады. Мерекеге сай безендірілген терминал қарсы алушылар, шығарып салушыларға қыстың ең қуанышты мерекесі келіп жеткенін естеріне салатындай. Астана әуежайының жолаушыларын тұңғыш рет Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің ансамблі белгілі әндер композициясын орындап, құттықтады.  Барлық жерде мерекелік көңіл-күй сезіледі. Эйр Астана […]

Жолаушылардың ресми тасымалдаушысын анықтау нәтижесі

лого

Ағымдағы жылғы 18-24 желтоқсан аралығында өткен Астана қаласы әуежайының жолаушыларын ресми тасымалдаушысын анықтау нәтижесі бойынша жеңімпаз болып «Автотранс-ХОЗУ» ЖШС танылды.

Priority Pass «Kazakh TV» телеарнасындағы тележобаға қатысу

Бірыңғай жарнама операторын іріктеу нәтижесі

лого

Ағымдағы жылғы 18-24 желтоқсан аралығында өткен Астана қаласы әуежайының бірыңғай жарнама операторын іріктеу нәтижесі бойынша жеңімпаз болып «MYD Production» ЖШС танылды.

Ресми таксиді таңдау

IMG_7311

«Астана халықаралық әуежайы» АҚ 2015 жылғы 18-24 желтоқсан аралығында өтетін Астана қаласы әуежайының жолаушыларын ресми тасымалдаушыны іріктеуге қатысу үшін өтінім қабылдаудың басталғаны туралы жариялайды. Үміткерлерге қойылатын талаптар  1) Қазақстан Республикасының автомобиль көлігі саласындағы  заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкестігі; 2) Елорданың көлік органдарымен жасасқан елордада жолаушыларды және багажды таксимен тасымалдау қызметін көрсетуге арналған қолданыстағы шарттың болуы; 3) […]

Бірыңғай жарнама операторын іріктеу

лого

«Астана халықаралық әуежайы» АҚ 2015 жылғы 18 – 24 желтоқсан аралығында өтетін Астана қаласы әуежайы бірыңғай жарнама операторын іріктеуге қатысу үшін өтінім қабылдаудың басталғаны туралы жариялайды. Үміткерлерге қойылатын талаптар            Үміткерлерге келесі талаптар қойылады: Құқық қабілеттілігін иелену. Осы талаптаркелесі құжаттармен: – заңды тұлғаны, жеке кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің немесе […]

Елордалық әуежайда мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізушілерге арналған семинар-тренинг өтті

IMG_1007

Тәуелсіздік күні қарсаңында Қазақстан Республикасында Тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында және бөлімнің жылдық іс-шаралар жоспарына сәйкес, тілдерді дамыту бөлімі терминология және аударма мәселелеріне арналған семинар-тренинг өткізді. Жалпы семинарға құрылымдық бөлімшелерде мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізетін қызметкерлер, мемлекеттік тілді оқыту сабақтарының іс қағаздарын жүргізу  тобына қатысатын отызға жуық  қызметкер […]

Астана әуежайынан Шарджаға ұшатын рейстер саны көбейтілді

CVIAT_croper_ru

Ағымдағы жылдың 12 желтоқсанынан бастап «Air Arabia» Астана-Шарджа бағыты бойынша рейстер жиілігін аптасына сейсенбі, бейсенбі, жұма және жексенбі күндері 3 реттен 4 ретке дейін көбейтті. Шарджа – Парсы және Оман шығынақтарында орналасқан жалғыз әмірлік және Дубаймен шектеседі. «Air Arabia» рейстер санын көбейтуінің арқасында, Шарджаға барар жол жақындай түседі.

«Air Astana» Астана әуежайынан Бангкокқа рейстерін қайта жалғастырады

XOjlP_croper_ru

Ағымдағы жылдың 17 желтоқсанынан бастап «Air Astana» авиакомпаниясы аптасына 2 рет жиілікпен бейсенбі және сенбі күндері Боинг-757 жайлы авиалайнерінде Бангкокқа рейстерін қайта жалғастырады. Бангкок – оңтүстік-шығыс Азияның маңызды және ірі қалаларының бірі, елорда, сондай-ақ Тайландтың мәдени және экономикалық орталығы. Бангкок Шығыстың бейтаныс жұмбақ мәдениеті қызықтыратын қонақтарын таңдандыра алады. Бангкок қаласына рейстің қайта жалғастырылуының арқасында елорда […]

«Астана әуежайы жібек жолына апаратын жолда». 2015 жылғы желтоқсандағы AERO INTERNATIONAL журналындағы мақала

Астана халықаралық әуежайы қауіпсіздік шараларын күшейтіп жатыр

лого

Кейбір шет мемлекеттерде болып жатқан қайғылы оқиғаларға байланысты Астана әуежайы қауіпсіздік шараларын күшейтуде. Әуежайда 2015 жылғы 14 қарашадан бастап жолаушылар терминалының кіреберісіне тексеру жабдықтары орнатылды. Барлық жолаушылар, әуежай қызметкерлері, сондай-ақ шығарып салушы және қарсы алушы тұлғалар қолмен тексеріледі. Жолаушыларды тексеру тәулік бойы жүргізілетін болады. Осыған байланысты, Астана халықаралық әуежайының басшылары, барлық жолаушылардан әуежайға халықаралық рейстерге […]

Бизнес-терминалға duty-free операторын іріктеудің нәтижесі

лого дьюфри

Ағымдағы жылдың 10-16 қараша аралығында өткен Астана қаласы әуежайының бизнес-терминалында бажсыз сауда дүкенінің операторын іріктеудің нәтижесі бойынша DUFRY сауда маркасымен «Дьюфри Централ Эйжа» ЖШС жеңімпаз деп танылды

Астана әуежайы мен «Эйр Астана» авиакомпаниясы 2016 жылғы қысқы навигацияға дайын

IMG_0410

2015 жылғы 26 қазаннан бастап Астана әуежайы мен «Эйр Астана» авиакомпаниясы 2016 жылғы 26 наурызға дейін әрекет ететін рейстердің күзгі-қысқы кестесіне көшті. Қауіпсіздікті және тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатында Астана халықаралық әуежайында 2015-2016 жылдардағы күзгі-қысқы кезеңге дайындық бойынша жоспарлы іс-шаралар өткізілді. Аталған жоспар аясында әуеайлақты күтіп ұстау және әуе кемелеріне қызмет көрсету үшін жерүстіндегі арнайы техника […]

Бизнес-терминалдың duty-free операторына іріктеу өткізу

Терминал Бизнес авиации

«Астана халықаралық әуежайы» АҚ 2015 жылғы 10 – 13 қараша аралығында өтетін Астана қаласы әуежайы бизнес-терминалындағы бажсыз сауда дүкенінің операторын іріктеуге қатысу үшін өтінім қабылдаудың басталғаны туралы жариялайды.  Үміткерлерге қойылатын талаптар  1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, бажсыз сауда дүкендері қызметін жүзеге асыратын тұлғалар үшін қажетті қолданыстағы рұқсат және басқа да құжаттарының болуы. Бұл талап келесі […]

Qazaq Air Астана-Талдықорған бағытын іске қосады

IMG_8620

Жас Qazaq Air авиакомпаниясы ұшулар географиясын кеңейтуде. 2015 жылғы 11 қарашадан бастап Астана әуежайынан  жайлы Bombardier авиалайнерінде аптасына 3 рет жиілікпен дүйсенбі, сәрсенбі және жұма күндері Талдықорғанға рейстер ашылады. Бұл Астана әуежайынан Qazaq Air авиакомпаниясының рейстерін жүзеге асырудағы екінші бағыты. Қазіргі уақытта Qazaq Air авиакомпаниясы Алматыға рейстерді жүзеге асырады. Qazaq Air – Астана әуежайынан рейстерді […]

Астана әуежайы халықаралық әуежайлар мен әуеайлақтардың дамуына қосқан қомақты үлесі үшін марапатталды

фото межгоссессия 23.10.15

Елорда әуежайы 2015 жылғы 23 қазанда Әзербайжанның Баку қаласында өткен авиация және әуе кеңістігін пайдалану бойынша халықаралық мемлекетаралық кеңестің 35-сессиясына қатысты. Сессия Халықаралық мемлекеттік кеңестің атқарушы органы болып табылатын Халықаралық мемлекетаралық авиациялық комитеттің  (МАК) алдағы 25-жылдығына және Азаматтық авиацияның халықаралық ұйымының (ICAO) 70-жылдығына орай өткізілді. Елорда әуежайы көптеген халықаралық марапаттаулармен расталған Қазақстанның үздік әуежайы атағына […]

Әуежайдың жаңа серіктесі – Flydubai елордалық әуежайдан жаңа бағыт ашуда!

fly_dubai лого

Елордалық әуежай жолаушыларына Біріккен Араб Әмірлігіне саяхат жасауға тағы да бір мүмкіндік туып отыр. 2015 жылғы 27 қазаннан бастап Астана әуежайының жаңа клиенті – Flydubai авиакомпаниясы  Дубай қаласына бағыт ашады. Рейстің жиілігі аптасына 2 рет сейсенбі және сенбі күндері заманауи ұзаққа ұшатын Боинг 737 авиалайнерінде орындалатын болады. Қысқы навигация басталғалы бері Астана әуежайы тағы да […]

Эйр Астана елордалық әуежайдан Дубайға рейстерді қайта жаңартады

dubai-

Енді Біріккен Араб Әмірлігі біздің елордаға одан сайын жақындай түсті. 2015 жылғы 25 қазаннан бастап Астана әуежайынан Эйр Астана авиакомпаниясы жиілігі аптасына 4 рет, дүйсенбі, сейсенбі, жұма және жексенбі күндері Airbus-320 жайлы авиалайнерінде Дубай қаласына рейстерін қайта жаңартады. Дубай – теңдесі жоқ сәулет өнері бар Таяу Шығыстың ірі сауда, қаржы және туристік орталығы. Астана – […]

Астана әуежайының екінші тынысы ашылады (2015 жылғы 29 қыркүйектегі № 69 (2006) Қазақстан теміржолшысы газетіндегі мақала)

  Астана әуежайының екінші тынысы ашылады Астана қаласының халықаралық әуежайы «ҚТЖ» ҰК» АҚ құрылтайшысы болып саналатын «Аэропорт Менеджмент Групп» ЖШС тарапына қарайтыны белгілі. Міне, осындай ынтымақтастықтың арқасында, бүгінде аталған ісі ауқымды маңызды нысанда жаңарып-жаңғыру жұмыстары қарқынды жүруде. Жалпы, қазіргі кезде елордалық әуежай, тәулігіне орташа алғанда 12 мың жолаушыға қызмет көрсетіп, 140 рейс бойынша бабын жасайды […]

Астана әуежайында «Біз мемлекеттік тілде қызмет көрсетеміз» акциясы өтті

IMG_9928

2015 жылғы 23 қыркүйекте Астана қаласының жаңа жолаушылар терминалында Қазақстан халқы тілдерінің XVII қалалық фестивалі аясында Қазақстан халықтары күні мерекесі күніне орай «Біз мемлекеттік тілде қызмет көрсетеміз» акциясы өтті. Аталған акцияны «Астана халықаралық әуежайы» АҚ, Астана қаласы бойынша тілдерді дамыту басқармасы «Нұр Отан» партиясының қалалық филиалымен және «Қазақстан» РТРК АҚ бірлесе отырып ұйымдастырды. Бұл күні […]

Астана халықаралық әуежайы «Транзит Транс Қазақстан» көрмесіне қатысты

16-09-2015transit-pr-01

«Астана халықаралық әуежайы» АҚ Алматы қаласында 2015 жылғы 16-18 қыркүйек аралығында «Транзит Транс Қазақстан» көлік және логистика бойынша өткен Қазақстандық халықаралық көрмеге қатысты. Биылғы жылы Астана әуежайы стендінен келушілер оның жоспары және даму перспективаларымен, ЭКСПО-2017 дайындық қызметі, әуежайдың инфрақұрылымы мен қызметтері туралы нақты ақпаратпен танысуға мүмкіндік алды. «Транзит Транс Қазақстан» халықаралық көлік бизнесі өкілдерінің, көбінесе, […]

Елорда әуежайы «Біз –таза қала үшін!» сенбілігін өткізді

IMG_3631

2015 жылғы 07 қыркүйектен 07қазан аралығында елорда әкімі жариялаған экологиялық айлықты өткізу бойынша қалалық акция және абаттандыру, көгалдандыру және санитариялық тазалау бойынша қалалық сенбілік аясында елорда әуежайының қызметкерлері «Біз-таза қала үшін!» атты күзгі дәстүрлі іс-шараға белсене қатысты. Күзгі-қысқы навигация кезеңі қарсаңында тек қана көрсетілетін қызмет сапасымен ғана емес, аумақты таза күйінде ұстау жағынан да еліміздің […]

Елорда әуежайына дейін жаңа автобус бағыты ашылды!

картинка по экспресс-маршрутам

2015 жылғы 29 тамызда жолаушыларды барынша тезірек жеткізу мақсатында, аялдамалардың саны азайтылған Теміржол вокзалы – Астана халықаралық әуежайы бағыты бойынша жаңа №100 экспресс – бағыт ұйымдастырылды. Енді әуежайдан вокзалға дейін 45 минуттың ішінде жетуге болады. Аралық уақыты -10-15 минут. Бір жақтағы аялдамалардың жалпы саны -13. Жол жүру құны 150 теңгені құрайды. Автобус бағытымен мына жерде […]

Жаңа «Казах Эйр» авиакомпаниясы Астана әуежайынан ұшуларды орындауды бастады

Лого Казах Эйр

2015 жылғы 27 тамызда жаңа «Казах Эйр» авиакомпаниясы Астана әуежайынан ұшуларды орындауды бастады. Астана әуежайынан қазақстандық авиакомпанияның орындаған бірінші бағыты Алматы қаласы болды. Астана қаласынан ұшулар Бомбардир 7 жайлы ұшағында, аптасына 7 рет, сейсенбі және сенбі күндерінен басқа, аптаның барлық күндері жүзеге асырылатын болады. Астана әуежайы жаңа «Казах Эйр» авиакомпаниясымен ұзақ уақыт жұмыс жасайтындығына сенім […]

Астана әуежайы жарық-сигнал жабдығын жөндеу бойынша жоспарлы реттеу жұмыстарын жүргізеді

лого

2015 жылғы 19-25 тамыз аралығында Астана әуежайы жарық-сигнал жабдығын жөндеу бойынша жоспарлы реттеу жұмыстарын жүргізеді, нақтырақ айтқанда, ұшу-қону жолағында жарық-сигнал оттарын жөндейді. Осыған байланысты, Астана әуежайы жергілікті уақытпен 22 сағ. 00 минуттан бастап  03 сағ. 00 минутқа дейін әуе кемелерін  қабылдамайды және шығармайды. Әлемдік тәжірибе бойынша мұндай жұмыстардың түрлері үнемі авиакәсіпорын үшін қолайлы уақытта жүргізіледі. […]

Астана әуежайы өрт сөндіру қолданбалы спорты бойынша жарыстың жүлдегері

20150815_094924

2015 жылғы 15 тамызда  «Құлагер» спорт кешенінде Астана қаласының Төтенше жағдайлар департаменті Өрт сөндіру қызметінің жұмыс жоспарына сәйкес Қазақстан Республикасы Конституциясының  20 жылдығына және ТЖ қызметінің құрылған күніне арналған елорданың мемлекеттік емес өртке қарсы қызмет кәсіпорындары арасында өрт сөндіру қолданбалы спорты бойынша  алғаш рет жарыс өтті. Жарыстың мақсаты –   мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтерде қызметтік […]

Астана әуежайында басшылық ауысты

лого

2015 жылғы 14 тамызда «Airport Management Group” басқарушы компанияның шешімімен «Астана халықаралық әуежайы» АҚ Басқарма төрағасы Қ.К. Жауханов өз еркімен атқаратын лауазымынан босатылды. Басқарма төрағасының міндетін атқарушы болып Басқарма төрағасының бірінші орынбасары Рәділбек Өкенұлы Әдимолда тағайындалды. Р.Ө. Әдимолда 1983 жылы Рига қаласындағы Азаматтық авиация институтын және 1987 жылы Ленинград қаласындағы Азаматтық авиация академиясын аяқтады. Азаматтық […]

Астана әуежайында Asiana Airlines авиакомпаниясының бірінші рейсінің салтанатты ашылуы болып өтті

IMG_9668

2015 жылғы 08 тамызда сағат 22:30-да Астана әуежайында «Asiana Airlines» авиакомпаниясының бірінші рейсінің салтанатты ашылуы болды. Рейсті ашу рәсімі Астана әуежайы Басқарма төрағасының бірінші орынбасары Р. Әдимолданың құттықтау сөзімен басталды. Ол өз сөзінде бірлесіп табысты жұмыс жасауға тілектестігін білдірді. Сонымен қатар, жаңа авиакомпания –бұл халықаралық орталықтармен әуе бағытын қамтамасыз ету бойынша «100 нақты қадам» бағдарламасын […]

Әуеайлақ қызметінің 24kz телеарнасындағы «Страна труда» тележобаcына қатысуы

Тұңғыш рет Asiana Аirlines авиакомпаниясы Астана әуежайынан Сеул қаласына тұрақты рейс ашады!

asiana-airlines-3-logo-primary

2015 жылғы 08 тамыздан бастап Астана әуежайынан Asiana Аirlines авиакомпаниясы тұңғыш рет Сеул қаласына (Оңтүстік Корея) А330 алыс магистральді авиалайнерінде аптасына 1 рет жиілікпен сенбі күндері ұшуларды бастайды. Енді Эйр Астана және Asiana Аirlines авиакомпанияларының код – шерингтік келісімнің арқасында елордалық әуежайдан аптасына 2 рет Сеул қаласына ұшуға болады. Елордалық әуежай жаңа серіктестеріне қашанда риза […]

Астана әуежайында шағын футболдан турнир өткізілді

IMG_9405

2015 жылғы 24 шілдеде Астана әуежайында қызметтер арасында шағын футбол бойынша дәстүрлі турнир өтті. Салауатты өмір салты үшін жағдай жасап, қызығушылығын арттыру – елордалық әуежайдың басым бағыттарының бірі. Авиакәсіпорын қызметтері арасындағы өткен турнирде:             1 орынға – тексеру қызметі;             2 орынға – әуе кемелеріне техникалық және сервистік қызмет көрсету қызметі;             3 орынға –әкімшілік-басқарушы […]

Астана әуежайынан шуақты Батумиға!

лого

2015 жылғы 30 шілдеден бастап елордалық әуежайдан тұңғыш рет Батуми (Грузия) қаласына тікелей чартерлік туристік бағдарлама ашылады. Рейсті жайлы CRJ-100 авиалайнерінде Авиаста.kz авиакомпаниясы аптасына бір рет жиілікпен жұма күндері орындайтын болады. Батуми – Грузияның екінші қаласы. Бұрын Астана әуежайынан Тбилиси қаласына жаңа бағыт ашылған болатын. Бүгінгі күні Батуми Грузияның маңызды мәдени, экономикалық және туристік орталығы […]

Астана әуежайында «Балаларды мектепке жинайық!» атты қайырымдылық акциясы өтті

IMG_9099

2015 жылғы 23 шілдеде «Балаларды мектепке дайындайық!» атты қайырымдылық акциясы өтті. Акция мақсаты елордалық әуежай қызметкерлерінің әл-ауқаты төмен, көп балалы отбасыларына қолдау көрсету болып табылады. Акция шындығында осыны қажет ететін балаларға көмек көрсетуге мүмкіндік береді. Дәстүрлі іс-шара жаңа жолаушылар терминалында өтті, мектеп оқушыларына салтанатты түрде қажетті кеңсе құралдары мен спорттық костюм, аяқ киімі бар сөмкелер […]

Құрметті елорда тұрғындары мен қонақтары!

картинка диспетчера фото

Қызмет көрсетудің сапасын арттыру мақсатында 2015 жылғы 21 шілдеден бастап Астана халықаралық әуежайында анықтама қызметіне түсетін телефон сөйлесулері жазылады. Алынған аудиожазбаны синхрондау қызмет көрсету жағдайын қайта тыңдап, оны барынша объективті түрде бағалауға мүмкіндік береді. Жүгінген кезде анықтама бюросының кезекшісі сізге қызмет көрсететін қызметкердің нөмірін айтатынына назарыңызды аударамыз. Пікірлер мен ұсыныстар ретінде www.astanaairport.kz корпоративті сайтына жолаушылардан […]

Жаңа борттық тамақтану кешенінің ашылуы

10.09 - копия

Елордалық әуежай 45 жылдан астам борттық тамақтану бойынша табысты қызмет көрсетіп  келеді. Жылдан жылға жеткізілетін тағамдар мен тамақтану ассортименті ұлғаюда. Егер бұрын жолаушыларға бутербродтар және шай, кофе ұсынылса, бүгінгі таңда жолаушылар таңдауына тамақтанудың жетіден астам түрі ұсынылады. Жарты ғасыр бойы авиакомпания жолаушылары Астана әуежайында дайындалатын борттық тамақтануды абыроймен бағалай алды. Жолаушылар ағынының тұрақты өсуін ескере […]

Астана әуежайы 2015 жылдың І жартыжылдық жұмыстарының қорытындыларын шығарды

221B5978

Астана әуежайының жұмысының қорытындысы бойынша  2015 жылғы І жартыжылдықта жолаушылар ағыны 1,4 млн. адамды құрады, бұл өткен жылдың сол кезеңімен салыстырғанда 15,3%  артық. 2015 жылдың 6 айында ішкі бағыттар бойынша жолаушылардың жалпы көлемі 969 мың адамды құрады (2014 жылға қарағанда 19%-ға  өскен). Аса талап етілетін бағыттар Алматы, Шымкент және Ақтау болып табылады. 2015 жылдың І […]

Елорда әуежайынан ұшатын Скат авиакомпаниясының жаңа авиақатынасы

IMG_8477

2015 жылғы 06 шілдеде Қазақстанның елорда күнінде Скат авиакомпаниясының Астана – Қазан бағыты бойынша жаңа рейсінің ашылуы болды. Рейске 83 жолаушы тіркелді, яғни жүктеменің 50 пайыздан артығын құрады. Ол өз кезегінде, алғашқы рейстің табысты ұшуы болып саналады. Мерекелік безендірілген тіркеу орындары мен билбордтар елорда әуежайы жолаушыларына қуанышты көңіл-күй сыйлады. Ұшақтың бортында авиакомпания атынан жолаушыларға естелік […]

Елордалық әуежайда жаңа Qazaq Air авиакомпаниясының тұсаукесері өтті

IMG_8512

2015 жылғы 06 шілдеде Астана халықаралық әуежайында 100% акциясы «Самұрық-Қазына»  АҚ-ға тиесілі жаңа QazaqAir  авиакомпаниясының тұсаукесері өтті. Іс-шараға қатысушылардың алдында Qazaq Air компаниясының жаңа буындағы  қос қозғалтқышты  турбиналы-бұрандалы Bombardier Dash 8 Q400 ұшағы көрсетілді. Жаңа заманғы ұшақ ерекше техникалық мінездемеге ие, оперативтілігі жағынан да, жолаушыларға да жайлы. Елордалық әуежайға ұшып келген авиакомпанияның борты салтанатты түрде […]

Скат авиакомпаниясы Татарстан астанасы Қазан қаласына рейстердің ұшуын қайта бастайды!

Kazan

Құрметті елорда тұрғындары мен қонақтары, 2015 жылғы 06 шілдеден бастап «Скат» авиакомпаниясы елорда әуежайынан Қазан қаласына жиілігі аптасына 2 рет дүйсенбі және бейсенбі күндері Боинг-737 жайлы алыс магистральді авиалайнермен рейстердің ұшуын қайта бастайды. Қазан–тарихы мен мәдениеті бай, инфрақұрылымы дамыған, мыңжылдық сәулеті бар ірі саяси, экономикалық, білім орталығы. «Скат» авиакомпаниясының арқасында Қазанмен Астана арасы жақындай түседі.

Астана әуежайында өрт-техникалық жаттығулар өткізілді

IMG_8331

Бүгін, 2015 жылғы 29 маусымда «АХӘ» АҚ «Аварияға ұшыраған әуе кемесіндегі өртті сөндіру» тақырыбында өрт-техникалық жаттығулар өткізілді. Жаттығудың түсіндірмесі келесідей: Ұшақ экипажы қону кезінде ұшақты авариялық қондыруға рұқсат сұрады, ӘК ұшу-қону жолағынан шығып кеткендіктен өрт шықты. Ақтау әуежайында жақында болған авариялық жағдай осындай жайдайларды болдырмау үшін жоспардан тыс жаттығу өткізуге себеп болды. Аталған жаттығуларда басқару ұйымдары, […]

Уақытша поштаға ауысу туралы хабарландыру

лого

Корпоративтік поштаның жаңа серверге ауысуына байланысты, 2015 жылғы 26 маусым сағат 18.00 – 30 маусым сағат 09.00 аралығында ағымдағы пошталық сервер ажыратылады. Сыртқы ұйымдардан кіріс хаттарды қабылдау үшін  airport-info@inbox.ru уақытша пошта жәшігі ашылды. Барлық сұрақтар бойынша  777-099, 777-313, 777-544 телефондарына жүгінулеріңізді сұраймыз.

Астана әуежайында ұшу қауіпсіздігі бойынша семинар өтті

DSC_0323

2015 жылғы 18 маусымда Астана халықаралық әуежайында Цюрих (Швейцария) қаласыныңхалықаралық әуежайымен бірлесіп «Airport Management Group» басқарушы компания ұйымдастырған «Ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі тәуекел-менеджменті» тақырыбында семинар өз жұмысын бастады. Семинарға ұшу қауіпсіздігі жөніндегі инспекторлар, әуежайдың өндірістік қызметтерінің қызметкерлері қатысты.  Аталған семинардың басты мақсаты ұшу қауіпсіздігін басқару жүйесінің базалық үдерісін әуежай қызметіне енгізу, соңғы нәтижесінде – ұшу […]

Жүк тасымалдау қызметінің 24kz телеарнасындағы «Страна труда» тележобасына қатысуы

Әуе кемелеріне техникалық және сервистік қызмет көрсету қызметінің 24kz телеарнасындағы «Страна труда» тележобасына қатысуы

Елорда әуежайы жұмыскерлерінің арасында мемлекеттік тіл бойынша емтихан өтті

IMG_8211

Қазақстан Республикасы Елбасының Жолдауында: «Сіздер біздің саясатымыз туралы – 2025 жылға қарай қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін білуге тиіс екендігін білесіздер. Бұл үшін барлық жағдай жасалған. Қазақ тілі 2025 жылға қарай өмірдің барлық саласында үстемдік етіп, кез келген ортада күнделікті қатынас тіліне айналады. Осылай тәуелсіздігіміз бүкіл ұлтты ұйыстыратын ең басты құндылығымыз – туған тіліміздің мерейін […]

Астана әуежайында өртке қарсы техникалық жаттығулар өткізу

IMG_7920

Бүгін, 2015 жылғы 02 маусымда «Астана халықаралық әуежайы» АҚ Астана қаласының мемлекеттік өртке қарсы қызметінің бөлімшелерімен бірлесіп «Әуе кемесі авариялық жағдайда қонған кездегі басқару органдарының, күштер мен құралдардың әрекеттері» тақырыбында өртке қарсы техникалық жаттығулар өткізді. Аталған жаттығуларда басқару ұйымдары, өрт сөндіру тактикалары және байланыс қызметтері араларындағы жан-жақты өзара әрекеттесу мәселелері пысықталды. Іс-шараға саны 90 адамнан […]

Астана әуежайында «Балаға шаттық сыйла!» акциясы өтті

IMG_7869

1-2 маусымда – Астана әуежайында балаларды қорғау күніне арналған «Балаға шаттық сыйла!» акциясы өтті. Жасы 5 айлықтан 16 -ға дейінгі кішкентай жолаушыларға әуежай қызметкерлері суреттерді бояуға арналған дәптерлер, түрлі-түсті қарындаштар, ашық түсті дәптерлер мен қаламдарды сыйға тартты. Акция Қазақстанның әр өңірінен, қиыр және таяу шетелден  елордаға келген 150 баланы қамтыды. Жолаушыларға мерекелік көңіл-күй сыйлау елордалық […]

Астана әуежайында «Дабыл-2015» терроризмге қарсы жаттығулар өтті

02

Өркениетті қоғамда террорлық актілер оқиғалары көбейгендігін, әлемдегі тынышсыз жағдайды ескере отырып, көпшілік көп жиналатын қоғамдық орындардағы қауіпсіздік шараларын күшейту қажет. Осы мақсатпен 2015 жылғы 27 мамырда «Астана халықаралық әуежайы» АҚ «Дабыл-2015» терроризмге қарсы оқу жаттығуларын өткізді. Жаттығу 1999 жылғы 13 шілдегі «Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңының, уәкілетті органдардың бірлескен бұйрығымен бекітілген «Терроризм актісінің […]

Тұңғыш рет гректің «Ellinair» авиакомпаниясы Астана әуежайынан Салоникиге тура бағыт ашады

ellinair-personel_13129

2015 жылғы 05 маусымнан бастап Астана халықаралық әуежайынан «Ellinair» авиакомпаниясы Грекия аумағы бойынша екінші орындағы қаласы, ашық аспан астындағы византиялық мұражай – Солоники қаласына туристік чартерлік бағдарлама ашады. Рейстерді орындау  жиілігі – 10/11 күнде бір рет сейсенбі және жұма күндері. Боинг-737 бортында жолаушыларды дәстүрлі грек қонақжайлығы күтеді: ыстық тамақ, түрлі шырындар, грек елінің көзге көрінерлік […]

2015 жылғы 25 мамырдан бастап елордалық әуежайда ұшу жиілігі көбейді

лого

Жазғы маусым басталуымен елордалық әуежайдың кестесінде өзгерістер болды. Ішкі және халықаралық бағыттар бойынша ұшу жиілігінің өсуі кестеден байқалады. 2015 жылғы 25 мамырдан бастап «Скат» авиакомпаниясы Атырау қаласы бағыты бойынша ұшу жиілігін аптасына 5-тен 7-ге дейін ұлғайтады. Енді Атырауға сейсенбі және сенбі күндері қосымша ұшуға болады. Бұдан басқа, Ақтөбеге аптасына 4-тен 7-ге дейін (дүйсенбі, сәрсенбі және […]

Астана әуежайынан Сеул мен Тбилисиге рейстер ашылуда

airastana_logo

«Эйр Астана» авиакомпаниясы елорда араларын жалғастыруда! Тұңғыш рет Астана әуежайынан «Эйр Астана» авиакомпаниясы 2015 жылғы 02 маусымнан бастап Корея мен Грузия астаналары Сеул мен Тбилисиге тура бағыт ашады. Алдағы уақытта елорда қонақтары мен тұрғындары Сеул қаласына жайлы, ұзақ магистральді Боинг-767 авиалайнерінде аптасына бір рет сейсенбі күні және Тбилиси қаласына аптасына екі рет сейсенбі және сенбі […]

Астана әуежайында Волга – Днепр авиакомпаниясының валидациясы өткізілді

Лого Волга-Днепр

Еуропалық Одақ құрамына кірмейтін елдердің аумағынан ЕО елдері аумағына жүкті тасымалдау кезіндегі авиациялық қауіпсіздік мәселесін регламенттейтін Еуропалық комиссияның 2011 жылғы 25 тамыздағы №859/2001қаулысына сәйкес, ЕО мүше – мемлекеттердің авиациялық билігі 2014 жылғы 01 шілдеден бастап осындай ұшулардың орындалуына шектеулер енгізді. Қаулыда ЕО кірмейтін елдердің ішінен ЕО елдеріне жүк және поштаны жеткізетін барлық авиатасымалдаушылар міндетті түрде […]

Астана әуежайында санитариялық – эпидемияға қарсы іс-шаралар бойынша жаттығулар өткізілді

IMG_7529

Бүгінгі күні эпидемологиялық аурулар бойынша әлемдегі жағдай қиындап барады. Аталған жағдайға байланысты тәуекелге тиісті әрекет ету мақсатында, 2015 жылғы 13 мамырда Астана халықаралық әуежайы аумағында қаланың медициналық ұйымдарымен бірлесе отырып, Көліктегі тұтынушылардың құқығын қорғау жөніндегі департамент санитариялық эпидемияға қарсы іс-шаралар бойынша мүдделі құрылымдармен өзара әрекеттесуді пысықтау жаттығуларын өткізді. Жаттығулар барысында әртүрлі қызметтің қызметкерлері заманауи құралдарды […]

Эйр Астана авиакомпаниясы елордалық әуежайда өзін-өзі тіркеуге арналған дүңгіршектер орнатты

IMG_7316

Тұңғыш рет Эйр Астана авиакомпаниясы жолаушыларға қолайлы болу үшін елордалық әуежайда өзін-өзі тіркеуге арналған дүңгіршектер орнатты. Енді Эйр Астана авиакомпаниясының жолаушылары (2 жасқа дейінгі балалары бар жолаушыларды есептемегенде) өзін-өзі тіркеуге арналған дүңгіршектердің қызметтерін пайдалана алады. Өзін-өзі тіркеуге арналған дүңгіршектер рейске тіркелу рәсімін өздігінен өтуге, атап айтқанда: борттан орынды өзі таңдауға және отырғызу талонын басып шығаруға […]

2015 жылғы 07 мамырдағы (3253) № 48 Астана ақшамы, Азамат Есенжол, Әуежайда ардагерлерді әспеттейді

Астана әуежайы ардагерлерді құттықтады

IMG_3261

2015 жылғы 05 мамырда Ұлы Жеңіс мерекесі қарсаңында Астана әуежайы Ұлы Отан соғысының қатысушылары, авиация, тыл еңбеккерлері, ардагерлері және ауған жауынгерлеріне Жеңістің 70 жылдығына арналған салтанатты іс-шара ұйымдастырды. Жеңіс лентасы және қолында гүл шоқтары бар ардагерлер, Астана әуежайының басшылары бір минут үнсіздікпен қайтып келмес, бірақ тарих беттерінде мәңгі қалған қаза тапқан батырларды еске алды. Майдангер, […]

Астана әуежайында «ТІЛГЕ ҚҰРМЕТ – ЕЛГЕ ҚҰРМЕТ» атты сайыс сабағы өтті

IMG_3224

2015 жылдың 30 сәуірінде Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі тілдерді дамыту бөлімінің 2014-2015 жылдарға арналған іс-шаралар  жоспары аясында «Тілге құрмет – елге құрмет» сайыс сабағы өткізілді. Сабақты өткізген мемлекеттік тілді оқытушы Кенже Зәмзебай. Сабаққа жалғастырушы ІІ деңгей мен жоғары деңгей тыңдаушылары қатысты. «Тілге құрмет – елге […]

Астана әуежайында Астана қаласының әкімі Ә.Р. Жақсыбековтің төрағалық етуімен мәжіліс өтті

G35A2939

2015 жылғы 25 сәуірде Астана қаласының әкімі Ә.Р. Жақсыбеков Астана әуежайында «Авиакәсіпорындағы қызмет көрсету сапасы» тақырыбында жұмыс мәжілісін өткізді. Мәжіліске «Астана халықаралық әуежайы» АҚ Басқарма төрағасы Қ.К. Жауханов, қалалық құрылымдар, қазақстандық авиакомпаниялар, ҰҚК, ІІД, Тұтынушылардың құқығын қорғау департаментінің және т.б. өкілдері қатысып, мәжіліс алдында әуежайдың инфрақұрылымын қарап шықты. Қазіргі уақытта Астана әуежайында жаңа жолаушылар терминалының […]

Астана әуежайында жоспарлы жаттығулардың өткізілуі

foto_parad_2011_1_

«Астана халықаралық әуежайы» АҚ Ұлы Жеңіс күнін мерекелеу қарсаңында жаттығулар өткізіліп жатқанына байланысты, 2015 жылғы 24 сәуір-07 мамыр аралығында, 26-27 сәуірді және 01 мамыр 10:00-ден 13:00-ге дейінгі уақытты есептемегенде, Астана әуежайының әуе кеңістігі жабық болатындығын хабарлайды.* Рейстер туралы нақты ақпаратты авиакомпаниялардан алуға болады.

24 kz Телеарнасы, «Транспорт және логистика» тележобасы, 2015 жылғы 16 сәуірдегі эфир.

Әуежай Қарағанды облысында апаттан зардап шеккендерге көмек көрсетті

IMG_2908

Әуежай қызметкерлері «Астана халықаралық әуежайы» АҚ кәсіподақ жұмыскерлерімен бірлесе отыра, су тасқынынан зардап шеккен Қарағанды облысы тұрғындары үшін қажетті заттарды жинау жұмысын жүргізді. Аталған акция Қазақстанның барлық қалаларында жүріп жатыр. Қарағанды облысы тұрғындарына ерлерге, әйелдерге және балаларға арналған киім-кешек, ыдыс-аяқ және бұзылмайтын азық-түлік жиналды. Әуежай ұжымы Қарағанды облысының су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарына шын ниетімен […]

Елорда әуежайы сенбілік өткізді

IMG_2784

2015 жылғы 13 сәуір – 13 мамыр аралығында елорда әкімі жариялаған экологиялық айлықты өткізу бойынша қалалық акция және абаттандыру, көгалдандыру және санитариялық тазалау бойынша қалалық сенбілік аясында елорда әуежайының қызметкерлері көктемгі дәстүрлі іс-шараға белсене қатысты. Тек қана көрсетілетін қызмет сапасымен ғана емес, аумақты таза күйінде ұстау жағынан да еліміздің ең үздік әуежайлары атауын абыроймен ұстау […]

Төтенше жағдайларға Астана әуежайының дайындығы

IMG_2667

2015 жылғы 16 сәуірде «Астана халықаралық әуежайы» АҚ су тасқыны жағдайларына кәсіпорын қызметтерінің дайындығы мәселесі бойынша Басқарма төрағасының бірінші орынбасары Р.Ө. Әдимолданың төрағалық етуімен төтенше жағдайлар жөніндегі комиссия отырысы өтті. Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлары қаупі туындаған жағдайда қызметкерлер мен жолаушыларды қорғау, тәуекелді барынша азайту, қызмет ету тұрақтылығын арттыру, дайындық іс-шаралары әуежай қызметінде басым […]

Ақылы автотұрақта тегін тұру уақыты қысқартылды

вид терминала с привокзальной площади 1

Құрметті қала тұрғындары мен қонақтары! Әлемдік тәжірибе негізінде технологиялық үдерісті оңтайландыру мақсатында, 2015 жылғы 01 сәуір 00 сағат 00 минуттан  бастап Астана әуежайының вокзал жанындағы алаңда автокөліктің ақылы тұрақта тегін тұру уақыты 20 минутты құрайтын болады. Аталаған уақыт жолаушыларды отырғызу және түсіру үшін оңтайлы болып табылады.

Астана әуежайында «Ресми таксиді анықтау» конкурсының нәтижесі

лого такси Жебе

Астана әуежайында ресми такси конкурсының жеңімпазы болып барынша көп ұпай жинаған «Zhebe» таксомоторлы компаниясы атанды. Астана әуежайындағы ресми такси өз жұмысына 2015 жылдың 01 мамырынан бастап кірісетін болады.

Астана халықаралық әуежайы көктемгі-жазғы кезеңге дайындықты бастады

вид со стороны перрона

Астана халықаралық әуежайы көктемгі-жазғы кезеңге дайындықты бастады. Барлық әуежай құрылымдарының көктемгі-жазғы навигацияға дайындығын тексеру 2015 жылғы сәуірде аяқталады. Ұшуларға жерүстінде қызмет көрсетуді қамтамасыз ететін барлық қызметтер көлік пен арнайы техникаға маусымдық қызмет көрсетуді, технологиялық жабдықтың, әуеайлақтың және ұшу-қону жолағының пайдалануға дайындығын тексеруді бастады. Жолаушыларға және әуе кемесіне қызмет көрсетуге қатысатын бөлімше қызметкерлері арнайы нұсқамадан және […]

Әуежай Наурызды қалай қарсы алды (Қазақстанның азаматтық авиация саласындағы кәсіби журнал, №2, 2015 жылғы)

Көшбасшылық жолында

Авиатранспортное обозрение, 2015 жылғы қаңтар-ақпан, Артем Кореняко

Бақылау қалай және несімен күшейтілген? (Қазақстанның азаматтық авиация саласындағы кәсіби журнал, №1, 2015 жылғы)

«Bek Air» авиакомпаниясы тұңғыш рет Астана әуежайынан Қарағандыға тура рейс ашады

памятник шахтерской славы

2015 жылғы 06 сәуірден бастап Астана халықаралық әуежайынан «Bek Air» авиакомпаниясы Қарағанды қаласына тура рейстер ашады. Рейстің орындалу жиілігі – аптасына 2 рет, дүйсенбі және жұма күндері. Ұшу уақыты 30 минутты құрайды. Бұл Астана қаласынан 200 шақырым қашықтықта жақын орналасқан облыс орталығына ашылған жаңа межелі пункт. Қарағанды – Қарағанды облысының  орталығы, халқы саны бойынша Қазақстанның […]

Ақылы автотұрақта тегін тұру уақытын қысқарту туралы ақпарат

фото паркинга

Құрметті қала тұрғындары және қонақтары! Сіздерге вокзал жанындағы алаңдағы ақылы автотұрақта тегін тұру уақытын қысқарту кейінге қалдырылғандығын хабарлаймыз. Ақылы тұрақта тегін тұру уақытын қысқарту күні туралы нақты ақпаратты кейін хабарлайтын боламыз.

Астана әуежайында «Жүкті және поштаны жинақтау (ULD)» тақырыбында тренинг өтті

IMG_2160

2015 жылғы 17-20 наурыз аралығында Астана халықаралық әуежайында Lufthansa авиакомпаниясының жетекшілік етуімен жүк тасымалдау қызметі үшін «Жүкті және поштаны жинақтау (ULD)» тақырыбында тренинг өтті. Тренингке жүк терминалының 12 қызметкері қатысты. Семинар аясында мамандар жүк және поштаны жинақтау бойынша мәселелерді талқылады.  Іс-шара мақсаты – жүк терминалы мамандарының жүкті пакеттеп орау құралдарын пайдалану бойынша біліктілігін арттыру. Әуежайды […]

Астана халықаралық әуежайы «Наурыз мейрамы» мерекесін өткізді

DSC_0921

2015 жылғы 21 наурызда Пригородный кентінде  ұлттық мереке «Наурыз мейрамына» арналған салтанатты іс-шара өткізілді. Аталған іс-шара «Астана халықаралық әуежайы» АҚ Астана қаласының Есіл ауданы әкімдігімен бірлесе отырып ұйымдастырылды. Іс-шараға №24 мектеп, кәсіптік – техникалық колледж, «Нұр Отан» партиясының мүшелері, «Әлжан ана» мешітінің имамы қатысты. Арнайы дайындалған алаңда қонақтар тек қызығып қарап қана қоймай, қонақжай қазақ […]

“Астана халықаралық әуежайы” АҚ Басқарма төрағасы Қайрат Жауханов “Хабар” телеарнасының “Көзқарас” бағдарламасына қатысты

Тұңғыш рет «AirAstana» авиакомпаниясы Астана әуежайынан Парижге тікелей рейс ашады!

эйфелева башня на сайт

2015 жылғы 29 наурыздан бастап «Air Astana» авиакомпаниясы Астана  халықаралық әуежайынан Франция астанасы Парижге тікелей рейс ашады. Рейстің жиілігі – аптасына 3 рет, сәрсенбі, жұма және жексенбі күндері жайлы Боинг-757 авиалайнерінде орындалады. Ғасырлар бойы Еуропада Париж мәдениет, өнер, сән және бизнес орталығы болып есептеледі. Енді Астанадан ұшатын тікелей рейс арқасында қазақстандық авиатуристерге Эйфель мұнарасы, Лувр, […]

Астана әуежайында ресми таксиді анықтау

Taxi_internet2

 «Астана халықаралық  әуежайы» АҚ (бұдан әрі – Қоғам) Астана қаласы әуежайының жолаушыларын ресми тасымалдаушыны анықтауы туралы хабарландыру   Астана қаласы әуежайының жолаушыларын ресми тасымалдаушысы үміткерлеріне келесі талаптар қойылады: 1) Автомобиль көлігі саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасымен белгіленген талаптарға сәйкес келу; 2) елорда көлігі органымен жасасқан елордада жолаушылар мен багажды таксимен тасымалдау қызметін көрсетуге арналған шарттың болуы; […]

Ақылы автотұрақта автокөліктің тегін тұру уақыты қысқартылды

221B5978

Құрметті қала тұрғындары мен қонақтары! Әлемдік тәжірибе негізінде технологиялық үдерісті оңтайландыру мақсатында, 2015 жылғы 01 сәуір 00 сағат 00 минуттан  бастап Астана әуежайының вокзал жанындағы алаңда автокөліктің ақылы тұрақта тегін тұру уақыты 20 минутты құрайтын болады. Аталған уақыт жолаушыларды отырғызу және түсіру үшін оңтайлы болып табылады. Шетел әуежайларында тегін уақыт жоқ немесе 15 минутты ғана […]

Құрметті қала тұрғындары мен қонақтары!

IMG_1579

Жолаушылар терминалын қайта жаңартуға байланысты, жолаушылар терминалынан 150 м қашықтықта орналасқан жұмыс істеп тұрған қонақүй 2015 жылғы 02 наурыздан бастап қызмет көрсетуін тоқтатты. Қазіргі уақытта қонақүйде әуежай қызметтерінің кеңселері орналасқан. Сіздер үшін жолаушылар терминалының бірінші қабатында (терминал мен жабық автотұрақ арасында) орналасқан қонақүй қызмет көрсетуді жалғастырады. Байланыс телефоны: +7 7172 777 170.        

Астана әуежайында мемлекеттік тілді дамыту жағдайы

IMG_1480

2015 жылғы 24 ақпанда сағат 15:00-де Астана әуежайында авиакәсіпорын қызметкерлері үшін тіл саясатын түсіндіру мақсатында, мемлекеттік тілдің рөлін насихаттау және онамастика жұмыстары бойынша ақпараттық күн өтті. Семинардың модераторы – Л.Н. Гумилев атындағы Еуразиялық ұлттық университетінің профессоры, филология ғылымдарының докторы Бекжан Әбдуәлиұлы. Аталған семинарға әуежайдың 35 қызметкері қатысты. Ақпараттық күн аясында кейбір сөздер мен сөз тіркестерін […]

Airport vision Астанада

Қазақстан азаматтық авиациясының кәсіби журналы, Авиация.kz, #2, 2014.

Хабарлама!

силуэт-оператора-18150992

«Астана халықаралық әуежайы» АҚ келесі қызметтерді сатып алу үшін жоспарлы тендер өткізетіндігі туралы хабарлайды: Қайта жаңарту жүргізіліп жатқан кезді аудио-бейне түсіру (2015 жылғы наурыздан 2017 жылғы сәуір аралығы); «Әуежайды қайта жаңарту туралы» фильм жасау. Сұрақтар туындаған жағдайда Оспанов Азаматқа 8-702-180-20-88 ұялы телефонына, +7(7172) 777-650  жұмыс телефонына хабарласыңыз.

Астана әуежайы 2014 жыл бойынша жұмыс қорытындысын шығарды

вид терминала с привокзальной площади 1

Астана әуежайы қызметінің қорытындысы бойынша 2014 жылы жолаушылар ағыны 2 960 181 құрады, ол өткен жылмен салыстырғанда 13% көп. 2014 жылы қызмет көрсетілген рейстер саны – 22 550 рейс, ол 2013 жылғы ұқсас кезеңмен (20 272 рейс) салыстырғанда 11% көп. Осы ретте, тұрақты рейстердің саны 10%  өссе, кешігулер 2% төмендеді. 2014 жылы өңделген жүк және поштаның саны 9 653 тоннаны […]