Home page » Archive 2017 year

№1 лот бойынша іріктеу қорытындысы (2017 жылғы 31 қазандағы DutyPaid дүкенін ашу құқығына арналған коммерциялық алаңдарды іріктеу хабарландыруы)

DSC_4991-1

2017 жылғы 31 қазандағы DutyPaid дүкенін ашу құқығына арналған коммерциялық алаңдарды іріктеу қорытындысы бойынша №2 жолаушылар терминалында «Dufry Central Asia» ЖШС бір өтінім қабылданды. Өтінімді қарастыру талаптарына сәйкестігін ескере отырып, Қоғам «Dufry Central Asia» ЖШС компаниясын жеңімпаз деп таниды. «Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы» АҚ «Іріктеу құжаттамасының 1-бабы 6-тармағына сәйкес, жеткізушімен шарт жасаспау құқығын пайдалануға шешім […]

Railnews.kz: “Әуежайда — кезекті рекорд!”

Жыл басынан бері Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы 4 миллион адамға қызмет көрсетті. Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында әуежайдың осы 4 миллионыншы жолаушысы анықталды. SCAT авиакомпаниясының DV 724 рейсімен ұшып келген Әлішер Сейфуллиннің әуежайдың 4 миллионыншы жолаушысы болып шыққаны  екені ол үшін шын мәнінде мүдем күтпеген «тосынсый» болғаны анық. «Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы» АҚ басқарма төрағасы Паоло Ричиотти […]

«Астана халықаралық әуежайы» АҚ жаңа терминалы төрт миллионыншы жолушыға қызмет көрсетті

6

2017 жылғы 1 қаңтардан бастап Астана халықаралық әуежайы 4 миллион адамға қызмет көрсетті. Құрметті төрт миллионыншы жолаушы SCAT авиакомпаниясының DV 724 рейсімен Ақтөбе қаласынан ұшып келген Алишер Сейфуллин болды. Төрт миллионыншы жолаушының аты лотерея жүргізу әдісімен, кездейсоқ анықталды. «Астана халықаралық әуежайы» АҚ Басқарма төрағасы Паоло Ричиотти БАҚ өкілдерінен лототроннан отырғызу талонының нөмірін алып шығуды ұсынды. Әуежайдың […]

«Астана халықаралық әуежайы» АҚ жаңа терминалы миллионыншы жолушыға қызмет көрсетті

VBakhurevich-Millionnyi passazhir (3)

2017 жылғы 5 маусым-30 қараша аралығында Т1 терминалы 1 миллион адамға қызмет көрсетті. Құрметті миллионыншы жолаушы Air Astana авиакомпаниясының КС218 рейсімен Новосибирск қаласынан ұшып келген Алексей Французов болды. Миллионыншы жолаушының аты лотерея жүргізу әдісімен, кездейсоқ анықталды. «Астана халықаралық әуежайы» АҚ бас директоры Рәділбек Әдимолда БАҚ өкілдері мен қонақтар алдында лототроннан отырғызу талонының нөмірін алып шықты. […]

Aktobegazeti: Нұрсұлтан Назарбаев әуежайына миллионыншы жолаушы ұшып келді

Нұрсұлтан Назарбаев атындағы Астана халықаралық әуежайының жаңа терминалы 1 миллионыншы жолаушыға қызмет көрсетті. Әуежайға миллионыншы жолаушы Air Astana әуе компаниясының КС218 рейсімен 30 қараша күні түсте Новосібір қаласынан ұшып келді. Миллионыншы жолаушының есімі — Алексей Французов. Айта кетейік, жолаушының есімі лотерея жүргізу әдісімен кездейсоқ анықталды. «Астана халықаралық әуежайы» АҚ бас директоры Рәділбек Әдимолда БАҚ өкілдері […]

24.kz: “Новосібір тұрғыны Астана әуежайының бір миллионыншы жолаушысы атанды”

Нұрсұлтан Назарбаев атындағы Астана халықаралық әуежайының жаңа терминалы бүгін 1 миллионыншы жолаушысын күтіп алды. Ол – Новосібір  қаласынан ұшып келген Алексей Французов. Миллионыншы жолаушы лотерея арқылы бұқаралық ақпарат құралдары мен көпшілік алдында анықталды. Алексей Французовқа Air Astana әуе компаниясының кез келген халықаралық бағытына бизнес класқа 2 билет және бағалы сыйлық табысталды. Айта кетейік, Астана әуежайы […]

I-news.kz: Нұрсұлтан Назарбаев әуежайына миллионыншы жолаушы ұшып келді

Нұрсұлтан Назарбаев атындағы Астана халықаралық әуежайының жаңа терминалы 1 миллионыншы жолаушыға қызмет көрсетті. Әуежайға миллионыншы жолаушы Air Astana әуе компаниясының КС218 рейсімен 30 қараша күні түсте Новосібір қаласынан ұшып келді. Миллионыншы жолаушының есімі — Алексей Французов. Айта кетейік, жолаушының есімі лотерея жүргізу әдісімен кездейсоқ анықталды. «Астана халықаралық әуежайы» АҚ бас директоры Рәділбек Әдимолда БАҚ өкілдері мен меймандар […]

2017 жылғы 31 қазандағы «Коммерциялық алаңдарды жалға алушыларды іріктеу» бойынша қосымша ақпарат

astanaairport-logo-2017

«Астана халықаралық әуежайы» АҚ хатқалталарды ашу рәсімі 2017 жылғы 8 желтоқсан сағат 14:20-ға ауыстырылатынын хабарлайды. Хатқалталарды ашу орны өзгеріссіз қалады.

«Астана халықаралық әуежайы» АҚ 2017 жылдың 10 айында жүк ағыны көлемін ұлғайтып, жолаушылардың рекордтық санына қызмет көрсетті

copy-astanaairport-logo-20171.png

«Астана халықаралық әуежайы» АҚ 2017 жылдың 1 қаңтар-31 қазан аралығында 3 609 123 жолаушыға қызмет көрсетті, ол 2016 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғандағы көрсеткіштен 25% асып кетеді. Ішкі әуе жолдарындағы жолаушылар саны 2256505 адамды құрады, ол былтырғы сандық көрсеткіштермен салыстырғанда 17% жоғары, халықаралық жолдарда -1352618 адам, ол 2016 жылдың қаңтар-қазан айлары аралығындағы кезең бойынша 41% көп. Оның ішінде […]

Коммерциялық алаңдарды жалдаушыларды іріктеу

DSC_4991-1

«Астана халықаралық әуежайы» АҚ (Т2) жолаушылар терминалы аймағында Duty Paid дүкенін ашу құқығын алуға арналған  іріктеуге қатысу үшін жеткізушілерінен ұсыныстарды қабылдау басталғаны туралы жариялайды. Толық ақпаратты және ашық іріктеуге шығарылған әр лоттың сипаттамасын қоса берілген құжаттардан табуға болады. Анықтама телефондары: +7 (7172) 777-733 Лот №1 – Duty Paid дүкені 1- Іріктеу құжаттамасы  2- Бағалау өлшемшарттары […]

«Астана халықаралық әуежайы» АҚ жаңа тұрақты тікелей рейсті ашады

astanaairport-logo-2017

«Астана халықаралық әуежайы» АҚ 2017 жылғы 04 қарашанан бастап Астана-Павлодар бағыты бойынша жаңа тұрақты тікелей рейстерді ашады. Рейстер Павлодар қаласына аптасына 3 рет «Qazaq Air» АҚ-пен орындалатын болады.  

Астана әуежайында Республикалық «Жер-2017» командалық-штабтық жаттығулары өтті.

IMG_9742

2017 жылғы 13 қазанда Астана әуежайында үш жылда бір рет өтетін дәстүрлі Республикалық «Жер-2017» командалық-штабтық жаттығулары өтті. Аңызға сенер болсақ, Қазақстан Республикасының оңтүстік өңірінде Рихтер шәкілі бойынша 9 ұпайға дейін жойқын жер сілкінісі болған жағдайда, Астана әуежайы жер сілкінісінің жағымсыз салдарын жоюда зардап шеккен өңірлерге көмек көрсету үшін авиациялық тасымалдауды қамтамасыз ететін қызмет болады. Астана […]

«Астана халықаралық әуежайы» АҚ мүдделі тұлғаларды макулатураны әуежай аумағынан шығару бойынша конкурсқа қатысуға шақырады

copy-astanaairport-logo-20171.png

«Астана халықаралық әуежайы» АҚ мүдделі тұлғаларды одан әрі өңдеу үшін макулатураны (пайдаланылған қазадар, яғни қалдықтар) Әуежай аумағынан шығару бойынша конкурсқа шақырады «Астана халықаралық әуежайы» АҚ мүдделі тұлғаларды одан әрі өңдеу үшін макулатураны (пайдаланылған қағаздар, яғни қалдықтар) Әуежай аумағынан шығару бойынша конкурсқа шақырады. Мүдделі заңды тұлғаларға қойылатын талаптар: Қалдықтар орындаушының автокөлігімен және орындаушының жұмысшылары шығару қажет. […]

Реттелетін коммуналдық қызметтерге тарифтерді бекіту

copy-astanaairport-logo-20171.png

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Астана қаласы бойынша департаментінің 2017 жылғы 31 шілдедегі № 90-НҚ, 2017 жылғы 15 қыркүйектегі 116-НҚ және 117-НҚ бұйрықтарымен қуаттылығы аз табиғи монополия субъектісіне «Астана халықаралық әуежайы» АҚ келесі реттелетін қызметтеріне тарифтер және тарифтік сметалар бекітілді: – суды тарату желілері арқылы беру– […]

«Астана халықаралық әуежайы» арнайы техниканы сату бойынша ашық аукцион өтетінін хабарлайды

aukcion1

«Астана халықаралық әуежайы» АҚ 2017 жылғы 19 қыркүйекте сағат 14.00-де Астана қаласы, Әуежай 14-ПББ, «Штаб» ғимаратында арнайы техниканы сату бойынша ашық аукцион өтетінін хабарлайды.  Меншік құқығын сату жөніндегі аукционға сауда-саттықтың голландиялық тәсілі бойынша келесі техника қойылады:  Лоттың № Арнайы техниканың типі және маркасы Шығарылған жылы Бастапқы баға, теңге 1. TKW-63 1981 14 373 320,00 Өтінімдер ақпараттық […]

Астана әуежайы Duty Paid дүкенін ашу бойынша ұсыныстарды қабылдаудың басталғаны туралы жариялайды

ZHA_8763 (Копировать)

Әлеуетті жалдаушыларға ішкі рейс ұшу аймағында 100-140 шаршы метр алаңда орналастыру ұсынылады. Дүкен ұсынатын тауардың сапасына кепілдік беруі керек, сондай-ақ  әмбебап түрлерін, сусын, тәттілер, парфюмерия, баспа өнімі, кәдесый, электроника және жолға арналған басқа да тауарларды қамтуы керек. Ұсыныста болу керек: Ұсынылатын тауардың нақты түрлері; Сыртқы түрін, кіреберіс есіктер, дүкен интерьерін көрсету; Қаржылық шарттар. **Әуежай конкурсқа […]

«Астана халықаралық әуежайы» АҚ мүдделі тұлғаларды қара металл сынықтарын шығаруға шақырады

astanaairport-logo-2017

«Астана халықаралық әуежайы» АҚ мүдделі тұлғаларды қара металл сынықтарын шығаруға шақырады «Астана халықаралық әуежайы» АҚ 12 000 (он екі мың) килограмм мөлшеріндегі қара металл сынықтарын әуежай аймағынан алып кетуге мүдделі заңды тұлғаларды шақырады. Мүдделі заңды тұлғаларға қойылатын талаптар: Мүдделі заңды тұлға металл сынықтарын жинау, өңдеу қызметін жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасының Заңнамасында қарастырылған барлық рұқсат […]

Алғашқы рет Астанадан Жезқазғанға Qazaq Air бірге

220px-Jezkazgan_02

Астана әуежайы 2017 жылғы 19 тамыздан бастап Qazaq Air авиакомпаниясы аптасына 1 рет сенбі күні Bombardier Q400 жайлы авиалайнерінде Астанадан Жезқазған қаласына тұрақты тікелей авиақатынасты ашатынын қуана хабарлайды. Жезқазған – бай өнеркәсіпті инфрақұрылымы және көптеген мәдени-білім және спорт мекемелері бар көпұлтты қала. Астана-Жезқазған авиақатынасы өңірдің өндірістік әлеуетін дамытуға жағдай жасайды. * Qazaq Air авиакомпаниясы Астанадан […]

Астана әуежайы Duty Paid дүкенін ашуға қызығушылық білдіреді

DSC_4991-1

Сауда алаңдарының, қоғамдық тамақтану пунктілерінің, сондай-ақ, әуежай жолаушылары мен келушілерінің жайлылығын арттыруға бағытталған басқа да қызметтердің заманауи және жарқын көрінісін қамтамасыз ету мақсатында, елорда әуеайлағы әлеуетті қызмет жеткізушілеріне Т2 терминалының ішкі ұшулар аумағында  алаңы шамамен 100 ш.м. сауда аймағын жобалауға, салуға және пайдалануға қызығушылық білдіруге сұрау салады. Алаңның нақты көлемі соңғы кезеңдерде анықталатын болады. Толық […]

Алғашқы рет Астана әуежайынан Делиге

XOjlP_croper_ru

2017 жылғы 2 шілдеден бастап «Эйр Астана» авиакомпаниясы Қазақстан және Үнді елдерінің елордалары арасында ұшуларды бастайды. Астана-Дели-Астана бағыты бойынша рейс аптасына үш рет дүйсенбі, бейсенбі және жексенбі күндері Airbus A320 және Embraer 190 жайлы әуе кемелерінде орындалатын болады. Ұшу ұзақтығы 4 сағат 5 минутты құрайды. Анықтама: Индия – талай сыннан өткен саяхатшының өзін таң қалдырмай […]

Астана әуежайының басымдылығы – қауіпсіздік

221B6213

Астана халықаралық әуежайында қауіпсіздіктің қосымша шараларын қамтамасыз ету мақсатында жолаушылар терминалының кіре берісіне тексеру жабдығы орнатылды. Терминал екі есіктен кіруге болады. Жолаушыларды тексеруді әуежай қызметкерлері тәулік бойы жүзеге асырады. Осы орайда, жолаушылардан әуежайға қосымша тексеру рәсімінен өтетін уақытты ескере отырып келуін сұраймын.

Елорда тұрғындары мен қонақтары «Нұрсұлтан Назарбаев» әуежайынан ұшатын болады

 

Алғашқы рет Астана әуежайынан Хельсинки қаласына Finn Air авиакомпаниясымен бірге

Лого финнэйр

 19 маусымда Хельсинки-Астана-Хельсинки бағыты бойынша Finn Air  авиакомпаниясы бірінші рейсінің тұсаукесері өткізілді. Астанадан Хельсинкиге (Финляндия) дейінгі ұшулар Airbus-319 жайлы авиалайнерінде аптасына екі рет дүйсенбі және жұма күндері орындалатын болады. Астана-Хельсинки жаңа тікелей тұрақты рейс Астана халықаралық әуежайы мен Финляндияның ұлттық тасымалдаушысы – Finn Air арасындағы ұзақ мерзімді серіктестігінің басын бастайды. Аталған қатынас қазақстандық-фин ынтымақтастығының, екі […]

Астана әуежайы LOT Polish airlines авиакомпаниясының Boeing 787 Dreamliner ұшағын қарсы алды

1068408_aviokomp_nijas_lot_polish_airlines_p_rst_vniec_ba_latvij_logo

Жаңа «армандағы лайнердің» ұшып келуіне байланысты елорда әуежайында оны қарсы алу салтанаты өтті. Boeing-787 Dreamliner жолаушыларын және экипажын Астана әуежайының басшылығы, авиаспоттерлер, БАҚ және авиакомпания өкілдері қарсы алды. Астана әуежайы Boeing-787 қосқанда, әуе кемелердің барлық түрлерін қабылдайды. Дримлайнерге қызмет көрсету үшін авиакомпанияға жаңа арнайы техника, білікті персонал, замануи инфрақұрылым ұсынылады. Boeing 787 Dreamliner әуе кемесі […]

Астана әуежайының жаңа терминалында бірінші рет Lufthansa авиакомпаниясының Франкфурт қаласынан ұшып келген рейске қызмет көрсетілді

DSC17111

2017 жылғы 16 маусым сағат 02:00-де Астана әуежайының жаңа терминалында бірінші рет Lufthansa German Airlines авиакомпаниясының Франкфурт қаласынан ұшып келген тұрақты рейсіне қызмет көрсетілді. 10 жыл бойы Астана әуежайы әлемдегі ірі авиатасымалдаушылардың бірі болып табылатын Lufthansa German Airlines авиакомпаниясымен жұмыс істеп келеді. Осы кезең ішінде елорда әуежайы Lufthansa German Airlines авиакомпаниясы ұшуларының сәтті орындалуы үшін […]

Жазды «Georgian Airways» бірге өткізіңіз

Georgian_Airways_VQeIeDV

Астана әуежайынан чартерлік рейстер бағдарламасы 2017 жылғы 18 маусымнан басталады, оны Батуми бағыты бойынша «Georgian Airways» авиакомпаниясы ұйымдастырады. Әр дүйсенбі сайын аптасына бір рейстік жиілікпен ұшатын Б-737 авиалайнерінде орындалады. Астана қаласынан ұшып шығу уақыты сағат 05:20-да, межелі әуежайға ұшып келу уақыты сағат 08:30-да (жергілікті уақыт). Туристік чартерлік бағдарламалар туристерге қара теңіз жағалауында дем алуға мүмкіндік береді.

Астана әуежайының жаңа терминалында бажсыз сауда аймағы ашылды

ZHA_8759 (Копировать)

Duty Free бажсыз сауда аймағы Астана әуежайы жаңа терминалының халықаралық ұшулар аймағында орналасқан. Мұнда халықаралық авиажелілер жолаушылары әлем және жергілікті брендтердің 1000-ға жақын түрін сатып ала алады. «Бажсыз сауда дүкенінің ашылуы елорда әуежайының дамуындағы маңызды қадам. Астана қаласының халықаралық әуеайлағы бола отырып, әуежайда бажсыз сауданың лайықты аймағы болу қажет және осы жобаны іске асырғанымызға қуаныштымыз» […]

Астана әуежайы Wizzair авиакомпаниясының бірінші рейсін қарсы алды

wizz-air-logo

2017 жылғы 8 маусымда Астана әуежайына Будапешт қаласынан Wizzair авиакомпаниясының бірінші рейсі келіп қонды. Wizzair жаңа лоу-кост авиатасымалдаушы елорда әуежайының Т1 жаңа терминалында қызмет көрсетілген жаңа авиакомпаниялардың бірі. Бірінші ұшатын жолаушыларды бірінші рейсімен Венгрияның Ұлттық экономика министрі Михай Варга, Астана әуежайы Басқармасының төрағасы Паоло Ричиотти және Қазақстандағы Венгрия Елшісі Андраш Барани құттықтады.  Wizzair авиакомпаниясын тұрақты […]

Әуежайдың жаңа терминалы Мәскеу-Астана алғашқы халықаралық рейсін қабылдады

Аэрофлот

5 маусымда Астана халықаралық әуежайының жаңа терминалы «Аэрофлот» әуе компаниясының Мәскеу- Астана рейсімен келген алғашқы жолаушыларды қабылдады. Бұл күні жаңа терминал Airbus- 320 ұшағымен Мәскеуге ұшқан жолаушыларға қызмет көрсетті. Сондай-ақ, бүгін  халықаралық бағдарларға Ташкентке («Өзбек әуежолы»)  мен Франкфуртке («Lufthansa») ұшақтар жіберу жоспарланып отыр. «Барлығы Астана әуежайының жаңа терминалының ашылуын күтті. Міне, енді біз халықаралық әуежай […]

Арнайы техниканы өткізу бойынша ашық аукционды өткізу

лого

«Астана халықаралық әуежайы» АҚ 2017 жылғы 15 маусымда сағат 11.00-де Астана қаласы, Әуежай 14-ПББ, «Штаб» ғимаратында арнайы техниканы сату бойынша ашық аукцион өтетінін хабарлайды. Сату бойынша аукционда меншік құқығы сатудың ағылшындық тәсілі бойынша ұсынылады: Лот № Арнайы техниканың типі және маркасы Шығарылған жылы Бастапқы баға, теңге 1. TUG ML 2003 381 655,00 2. TKW-63 1981 […]

«Астана халықаралық әуежайы» АҚ мүдделі тұлғаларды одан әрі өңдеу үшін макулатураны әуежай аумағынан шығару бойынша конкурсқа шақырады

лого

«Астана халықаралық әуежайы» АҚ мүдделі тұлғаларды одан әрі өңдеу үшін макулатураны (мұрағат құжаттар, кітаптар, газеттер, журналдар, бланкілер және өзге де қағаздар), пайдаланылған картон бұйымдарын және сусындардан қалған  пластик бөтелкелерін әуежай аумағынан шығару бойынша конкурсқа шақырады «Астана халықаралық әуежайы» АҚ мүдделі тұлғаларды одан әрі өңдеу үшін макулатураны (мұрағат құжаттар, кітаптар, газеттер, журналдар, бланкілер және өзге де […]

“Ellin Air” авиакомпаниясы Салоники қаласында ұшулар жалғасады

image34473[1449]

“Ellin Air” авиакомпаниясы 10 күнде бір рет жиілікпен Салоники – Астана – Салоники бағыты бойынша Грецияға Астана халықаралық әуежайынан ұшатын рейстерін қайта жаңғыртқанын хабарлаймыз. Ұшулар А-319 жайлы авиалайнерінде орындалатын болады. Тұрақты рейстер Астана әуежайынан 2017 жылғы 9 маусымнан бастап жүзеге асырыла бастайды. Астана қаласынан ұшып шығу уақыты сағат 03:00-те, межелі әуежайға ұшып келу уақыты сағат 05:40-та […]

Алғашқы рет Астана әуежайынан Минеральные Воды қаласына

IMG_3304

Ағымдағы жылғы 2 маусымнан бастап «Scat» авиакомпаниясы алғашқы рет Астана – Минеральные Воды – Астана бағыты бойынша дүйсенбі және жұма сайын аптасына екі рейс жиілікпен ұшатын тікелей рейстерді жүзеге асырады, рейстер Б-737 жайлы ұшағында орындалады. Жолдағы уақыт 3 сағат 30 минутты құрайды. Аталған рейстің ашылуы Минеральные Воды қаласының бірегей курорттарымен және өндірілетін минералды сулармен рақаттануға […]

Астана әуежайы Бейжің қаласынан Air China авиакомпаниясының бірінші рейсін қарсы алды

IMG_7965

2017 жылғы 01 маусымда Астана әуежайы су аркасын ұйымдастыра отырып, Бейжің-Астана бағыты бойынша өзінің бірінші рейсін орындаған әуежайдың жаңа клиенті Air China авиакомпаниясының бортын салтанатты түрде қарсы алды. Бірінші рейспен 70 адам келді. Рейстер Airbus-320 жайлы авиалайнерінде аптасына 3 рет сейсенбі, бейсенбі және жексенбі күндері орындалатын болады. «Air China» авиакомпаниясы рейсінің ашылуына байланысты елорда тұрғындары […]

Алғашқы рет «Air China» авиакомпаниясы Астана әуежайынан рейстерді орындайды

20100330163259839538

Ағымдағы жылғы 1 маусымнан бастап «Air China» авиакомпаниясы алғашқы рет Астана қаласынан Қытай Халық Республикасының астанасы Бейжің қаласына дейін сейсенбі, бейсенбі және жексенбі сайын аптасына үш рейс жиілікпен ұшатын тікелей рейстерді жүзеге асырады, рейстер А-320 жайлы ұшағында орындалады. Астана қаласынан ұшып шығу уақыты сағат 22:30-да, ұшып келу уақыты сағат 05:30-да (жергілікті уақыт). Анықтама: «Air China» авиакомпаниясы […]

Астана әуежайында Астана-Варшава жаңа бағыттың ашылуы бойынша салтанатты рәсім өтті

IMG_7819

2017 жылғы 30 мамырда Астана әуежайы өзінің жаңа серіктесін – LOT Polish Airlines авиакомпаниясын қарсы алды, ол бүгін Астана-Варшава бағыты бойынша өзінің бірінші рейсін орындады. Астана және Варшава арасындағы тікелей тұрақты қатынасы бірінші рет ашылып отыр. Рейстер Boeing-737 жайлы авиалайнерінде аптасына 4 рет сейсенбі, бейсенбі, сенбі және жексенбі күндері орындалатын болады. Рейстің ашылуының салтанатты рәсімі […]

Астана халықаралық әуежайынан Армения Республикасының астанасы – Ереван қаласына алғашқы рет

IMG_3304

2017 жылғы 31 мамырдан бастап «Скат» авиакомпаниясы алғашқы рет Астана халықаралық әуежайынан Армения Республикасының астанасы Ереван қаласына сәрсенбі және сенбі сайын аптасына екі рейстік жиілікпен ұшатын тікелей рейс ашады. Рейстер Б-737 авиалайнерінде орындалады. Астана қаласынан ұшып шығу уақыты сағат 10:10-де, межелі әуежайға ұшып келу уақыты сағат 11:40-та (жергілікті уақыт). Жолдағы уақыты 3 сағат 30 минут. Жаңа […]

Алғашқы рет «LOT Polish Airlines» авиакомпаниясы Варшава қаласына рейс ашады

1068408_aviokomp_nijas_lot_polish_airlines_p_rst_vniec_ba_latvij_logo

2017 жылғы 30 мамырдан бастап «LOT Polish Airlines» авиакомпания өз тарихында алғашқы рет Астана әуежайынан Варшава қаласына ұшуларды жүзеге асыратын болады. Рейстер аптасына 4 рет ұшатын Б737 авиалайнерінде төмендегі кесте бойынша орындалатын болады: Рейстің нөмірі Бағыты Ұшатын күндері Ұшақтың типі Ұшып шығу уақыты Ұшып келу уақыты LO-196 Астана-Варшава -Астана Сейсенбі, Бейсенбі, Сенбі, Жексенбі Б737 13-00 […]

Ақпараттық хабарлама

«Астана халықаралық әуежайы» АҚ мiндеттемелерiн оның меншiктi капиталының он және одан көп процентiн құрайтын шамаға ұлғайту және iрi мәмiле жасасу туралы ақпарат. «Астана халықаралық әуежайы» АҚ Директорлар кеңесінің шешіміне (2017 жылғы 03 мамырдағы № 25 хаттама) сәйкес: «Mabco constructions S.A.» фирмасымен 2014 жылғы 17 қарашадағы Астана халықаралық әуежайының реконструкциясы бойынша кешендік жұмыстарды сатып алу туралы […]

Астана халықаралық әуежайы «Эйр Астана» авиакомпаниясын 15 жылдық мерекесімен құттықтайды

IMG_8452

2002 жылғы 15 мамырда «Эйр Астана» авиакомпаниясы Астана әуежайынан Алматы қаласына бірінші рейсін орындады. Серіктестіктің 15 жылы бойы  «Эйр Астана» авиакомпаниясы жыл сайын жолаушылар ағымын көбейтіп отыр. Авиакомпанияның сәтті дамуының арқасында Қазақстанның 15 қаласына және ТМД мен алыс шетелдерге 17 бағыт бойынша ұшуға болады. Астана әуежайынан тасымалданған жолаушылардың көлемі бойынша “Эйр Астана” көшбасшы авиакомпания болып […]

Астана әуежайы KLM авиакомпаниясын серіктестіктің бір жылдығымен құттықтайды!

29804_fullimage_klmairplane_560x350

2017 жылғы 03 мамыр –  KLM авиакомпаниясының алыс магистраль Амстердам-Астана бағыты бойынша аптасына 4 рет жиілікпен алғашқы рейсінің бір жылдығы. Тура бір жыл бұрын Астана әуежайынан Шипхол әуежайына рейсті салтанатты  ұшыру өтті. Осы мерзім аралығында Астана-Амстердам бағыты бойынша 20 мың жолаушыны тасымалдады. Жолаушылар KLM авиакомпаниясының арқасында Амстердамды ғана емес, әлемнің 357 қаласына барып қайтуға мүмкіндігі […]

«Астана халықаралық әуежайы» АҚ арнайы техниканы сататын аукционшы қызметі қажет

Бірыңғай жарнама операторын іріктеу

«Астана халықаралық әуежайы» акционерлік қоғамына (бұдан әрі – Тапсырыс беруші)       2016 жылғы 31 желтоқсанға дейінгі кезеңде ашық аукциондар (сатудың ағылшын және голланд әдістері арқылы) өткізуге байланысты, арнайы техниканы сататын аукционшы қызметі қажет. Үміткерлерге қойылатын негізгі талаптар: Жоғары кәсіби білімі; Аукционды сауда өткізуге арналған біліктілік куәлігінің болуы; Аукционды сауданы өткізу бойынша бес жылдан […]

Астана әуежайының басшылығы және қызметкерлері жалпы қалалық сенбілікке шықты

IMG_8310л

Ағымдағы жылдың 29 сәуірінде Астана әуежайының қызметкерлері «Қаланы таза ұстайық!» ұранымен қаланың көркейтілуі және  санитарлық тазалық үшін жалпы қалалық  сенбілікке белсенді қатысты. Іс-шараға Басқарма төрағасы Паоло Ричиоттимен бірге елордалық әуежайдың 800-ге тарта қызметкері қатысты. Әуежай аймағында төңіректі көркейту, қоқыстан және қатты тұрмыстық қалдықтардан тазарту, ағаштарды және бұталарды әктеу, сондай-ақ, құрғақ ағаштарды кесу бойынша жұмыстар жүргізілді. […]

«Астана халықаралық әуежайы» АҚ мүдделі тұлғаларды қара металл сынықтарын шығаруға шақырады

Бірыңғай жарнама операторын іріктеу

«Астана халықаралық әуежайы» АҚ 68 100 (алпыс сегіз мың) килограмм мөлшеріндегі қара металл сынықтарын әуежай аймағынан алып кетуге мүдделі заңды тұлғаларды шақырады. Мүдделі заңды тұлғаларға қойылатын талаптар: 1. Мүдделі заңды тұлға металл сынықтарын жинау, өңдеу қызметін жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасының Заңнамасында қарастырылған барлық рұқсат беретін құжаттары болуы тиіс; 2. Өзінің қабылдау пункттері, бөлшектеу үшін […]

Елордалық әуежай түнгі автобус бағыты қатынасының басталғандығы туралы хабарлайды

автобус

Астана әуежайы ағымдағы жылдың 7 сәуірінен теміржол бекетінен – Астана әуежайына дейін жаңа талап етілген түнгі бағытта № 200 автобусы енгізілгенін хабарлайды. Бағдар Теміржол вокзалынан басталып Біржан сал көшесі – Жеңіс даңғылы – Кеңесары көшесі – Республика даңғылы – Қабанбай батыр даңғылы – Сарайшық көшесі – Тұран даңғылы – Достық көшесі – Қабанбай батыр даңғылы […]

Астана халықаралық әуежайының жаңа жолаушылар аумағында бірыңғай жарнама операторын іріктеу қорытындысы (2017.31.03 іріктеу туралы хабарландыру)

Бірыңғай жарнама операторын іріктеу

Астана халықаралық әуежайының жаңа жолаушылар аумағында бірыңғай жарнама операторын іріктеу қорытындысы бойынша «MYD Production» ЖШС жеңімпаз болып танылды.

Астана әуежайы әскери шеруге дайындыққа байланысты уақытша ұшу кестесін өзгертеді

photo_124295

Астанада ҚР Қарулы күштерінің құрылғанына 25 жыл толуына орай әскери шеруді өткізу және дайындау кезінде әуе кеңістігін пайдалануға қысқа мерзімге шектеу енгізіледі. 21, 25, 26 сәуірде жергілікті уақыт бойынша сағат 09.20 – 13.00-ге дейін; 28, 29 және 02,03,04 мамырда сағат 10.00 – 13.00-ге дейін, шеруді өткізу кезінде 07 мамыр сағат 10.00 – 13.00-ге дейін елорда […]

“Atlas Global” авиакомпаниясы тұңғыш рет Астана халықаралық әуежайынан Ыстамбул қаласына рейс ашады

istanbul_1_1270813674

2017 жылғы 28 сәуірден бастап тұңғыш рет «Atlas Global» авиакомпаниясы Астана халықаралық әуежайынан Ыстамбул қаласына тікелей рейс ашатынын хабарлаймыз. Аптасына 2 рейс әрбір сейсенбі және жұма күндері Airbus 320 әуе кемесімен орындалады. Астана қаласынан ұшу уақыты сағат 06:30-де,  межелі әуежайға қону уақыты сағат 08:00-де (әрбір әуежайда жергілікті уақыт бойынша). Енді Астана әуежайынан Ыстамбул қаласына дейін […]

Астана әуежайы жыл сайынғы есеп беруді тыңдау өткізеді

Бірыңғай жарнама операторын іріктеу

«Астана халықаралық әуежайы» АҚ реттеліп көрсетілетін қызметтерді ұсыну бойынша 2016 жылдағы қызмет нәтижелері туралы тұтынушылар және басқа да мүдделі тұлғалардың алдында жыл сайынғы есеп беруді тыңдау өткізеді: 2017 жылғы 28 сәуірде сағат 15:00-де – «ӘК ұшуы – қонуы», «ӘК авиациялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету; 2017 жылғы 28 сәуірде сағат 16:00-де – «Электр қуатын беру және тарату», […]

Астана әуежайы көктемгі-жазғы маусымдарға дайындық өткізді

Бірыңғай жарнама операторын іріктеу

«Астана халықаралық әуежайы» АҚ 2017 жылғы көктемгі-жазғы маусымдарға  белсенді дайындық өткізді. Жоспарға сәйкес, кәсіпорын қызметтері жер үсті жабдықтарын, техникаларды, механизация құралдарын, ғимараттар мен имараттардың үздіксіз жұмысын қолдау және әзірлеу бойынша ұйымдастыру-алдын алу іс-шаралар кешенін өткізеді, қызметкерлерді оқытуды жүзеге асырады. 2017 жылғы 07 сәуірде ӘОК қызметінде өртке қарсы дайындық сабақтары өткізілді. Қызметтің қызметкерлері мен мамандары жанар-жағармай […]

Астана әуежайында вокзал маңындағы алаңды жаңарту басталды

01

2017 жылғы 07 сәуірде вокзал маңындағы алаңды кеңейту және жолаушылардың жайлылық деңгейін көтеру жөнінде жұмыстар басталды. Қайта жөндеу кезінде әуежай терминалы алдындағы аймақ  жолаушыларды отырғызу және түсіру кезінде ғана қолжетімді. Автомобильді тұраққа қою балама тегін тұрақта іске асады. Терминалдың жабық қорғалатын паркингі өз жұмысын бұрынғыдай жалғастырады. «Астана әуежайындағы құрылыс жұмыстары вокзал маңындағы алаңды жаңғырту сатысына […]

Астана халықаралық әуежайы жазғы кестеге көшті

06

«Астана халықаралық әуежайы» АҚ жазғы кестесінде рейстер 46 бағыт бойынша, оның ішінде 7 алғаш рет жасалады. 5 жаңа авиакомпаниялар – «LOT Polish Airline», «Finnair», «Wizz Air», «Air China», «Ural Airlines» Астана халықаралық әуежайы жазғы мезгіл жаңа ұшу кестесіне көшті, ол 2017 жылғы 28 қазанға дейін әрекет етеді. Жазғы кесте 46 бағыт бойынша рейстерден тұрады, оның […]

Бірыңғай жарнама операторын іріктеу

Бірыңғай жарнама операторын іріктеу

«Астана халықаралық әуежайы» АҚ 2017 жылғы 31 наурыз – 14 сәуір аралығында өтетін Астана қаласы әуежайының жаңа салынып жатқан терминалы аумағында Бірыңғай жарнама операторын іріктеуге қатысу үшін өтінім қабылдаудың басталғаны туралы жариялайды. Толық ақпаратты қоса берілген құжаттардан табуға болады. Анықтама телефондары: +7 (7172) 777-733, 777-898. 1.Іріктеу бойынша құжаттама 2.Жалпы ақпарат 3.Өтініш

Жаңа жолаушылар терминалында қызметті жүзеге асыру үшін жарнама операторын іздеу

Бірыңғай жарнама операторын іріктеу

«Астана халықаралық әуежайы» АҚ (бұдан әрі – Қоғам) Астана халықаралық әуежайының жаңа жолаушылар терминалы аумағында қызметті жүзеге асыру үшін жарнама операторын тез іріктеу туралы жариялайды. Қоғамды санды технология қолдана отырып, жоғары сапалы жарнама ұсынатын компаниялар қызықтырады. Жарнама операторының расталған жұмыс тәжірибесі, сондай-ақ халықаралық бренд ұсынатын клиенттердің көптеген деректер базасы болуы керек. Анықтама телефондары: +7 (7172) […]

Астана әуежайында мүгедектерге арналған жайлылық және қолжетімділік тексерілді

IMG_8682

2017 жылғы 27 ақпанда «Нұр Отан» партиясының Астана қалалық филиалы (Есіл ауданы) қоғамдық жұмысының барлық саласында мүмкіндіктері шектеулі адамдарды қолдауға бағытталған «Кедергісіз келешек» – «Будущее без барьеров» партиялық жоба аясында «Астана халықаралық әуежайы» АҚ аумағында кездесу өткізді. Іс-шара мүгедектер мен халықтың қауқары аз топтары үшiн кешендік қолжетімділігіне Әуежайды мониторингтеу мақсатында, сонымен қатар мүмкіндіктері шектеулі адамдар […]

Астана халықаралық әуежайында арнайы-тактикалық оқу-жаттығулар өткізілді

Астана халықаралық әуежайында арнайы-тактикалық оқу-жаттығулар өткізілді

2017 жылғы 16 ақпанда «Астана халықаралық әуежайы» АҚ аумағында елордалық өрт сөндіру қызметі Әуежайдың қызметтерімен бірлесіп «Елорда әуежайының қауіпсіздігі және жайлылығы» кешендік жоспарын орындау аясында арнайы-тактикалық оқу-жаттығулар өткізді. Іс-шара мақсаты – басқару органдарының іс-әрекеттерін, жасақтар басшыларының тәжірибесі мен дағдыларын жетілдіру, жеке құрамды төтенше жағдайлар салдарын жою кезінде шебер іс-әрекеттерге дығдылау, сонымен қатар әуежай жасақтарының дайындық […]

№ 1 және № 2 лоттар бойынша қорытындылар (2016 жылғы 06 желтоқсандағы іріктеу туралы хабарландыру)

02

Астана халықаралық әуежайының жаңа жолаушылар терминалында коммерциялық қызметті жүзеге асыру үшін жеткізушілерді іріктеу қорытындысы бойынша № 1, № 2 лоттар бойынша келесі үміткерлер жеңімпаз болып танылды: ▪ № 1 лот – Стерильді аймақ, ауданы – 1 225,93 ш.м.; Жеңімпаз – “Дьюфри Централ Эйжа” ЖШС. ▪ № 1 лот – Жалпы аймақ, ауданы – 100,04 ш.м.; […]

Әуежайдың еңбек ұжымында ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауын талдау

IMG_7386

2017 жылғы 09 ақпанда Астана халықаралық әуежайының еңбек ұжымында 2017 жылғы 31 қаңтардағы ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауын талдау ұйымдастырылды. Іс-шараға әуежайдың еңбек ұжымы, сондай-ақ ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Павел Казанцев, «Нұр Отан» партиясының Есіл аудандық филиалы төрағасының орынбасары Ахмет Сеитов, «Нұр Отан» партиясы саяси кеңесінің мүшесі Ханзада […]

Жаңа жолаушылар терминалына іріктеудің қорытындысын шығару күнін өзгерту

selection results

«Астана халықаралық әуежайы» АҚ жаңа жолаушылар терминалы аумағында коммерциялық қызметті жүзеге асыру құқығына іріктеудің қорытындысын шығару күнін өзгерткені туралы жариялайды. Іріктеу қорытындысын шығару күні: 2017 жылғы 13 ақпан. Анықтама телефондары: +7 (7172) 777-733, 777-898.

Алғашқы рет: «Скат» авиакомпаниясы Талдықорған қаласына рейс ашады

TDK_murat_urikbayev_taldykorganairport_pv84z62qml

2017 жылғы 6 ақпаннан бастап авиакомпания өз тарихында алғашқы рет Астана әуежайынан Талдықорған қаласына ұшуларды жүзеге асыратын болады. Рейстер аптасына 4 рет ұшатын CRJ200 авиалайнерінде төмендегі кесте бойынша орындалатын болады: Рейстің нөмірі Бағыты Ұшатын күндері Ұшақтың типі Ұшып шығу уақыты Ұшып келу уақыты DV-795 Астана-Талдықорған-Астана Дүйсенбі CRJ200 15-40 17-00 DV-795 Астана-Талдықорған-Астана Сейсенбі, Жұма, Сенбі CRJ200 […]

Жаңа жолаушылар терминалына іріктеудің қорытындысын шығару мерзімін өзгерту

Бірыңғай жарнама операторын іріктеу

Берілген өтініштер санының көп болуына, сондай-ақ оларды өңдеу үшін қосымша уақыттың қажеттілігіне байланысты, «Астана халықаралық әуежайы» АҚ жаңа жолаушылар терминалы аумағында коммерциялық қызметті жүзеге асыру құқығына іріктеудің қорытындысын шығару мерзімін өзгерту туралы жариялайды. Іріктеу қорытындысын шығару күні: 2017 жылғы 01 ақпан. Анықтама телефондары: +7 (7172) 777-733, 777-898.

№ 1 және №2 лоттар бойынша іріктеудің нәтижесі (2016 жылғы 26 желтоқсандағы іріктеу туралы хабарландыру)

Бірыңғай жарнама операторын іріктеу

№ 1 және №2 лоттар бойынша қолданыстағы жолаушылар терминалы аумағында төлем терминалдары мен вендингтік аппараттарды орналастыру үшін орындарды жалға алу құқығына іріктеу нәтижесі бойынша жеңімпаз болып келесі үміткерлер танылды: 1-лот  Төлем терминалдары: “Империя” ЖК “QPAY (КЮПЕЙ)” ЖШС 2-лот Вендингтік аппараттар: “Ишим” ЖК

№ 1 және № 2 лоттар бойынша ұсыныстары бар хатқалталарды ашу қорытындылары (2016 жылғы 06 желтоқсандағы іріктеу туралы хабарландыру)

Бірыңғай жарнама операторын іріктеу

Сараптама комиссиясы ұсыныстары бар хатқалталарды ашу қорытындылары бойынша келесі үміткерлердің ұсыныстарын қарауға жіберетінін шешті: «Сеитова» ЖК «Ремесло народов Казахстана» ЖШС «Сатти Астана 2011» ЖШС «Береке Дюти Фри» ЖШС «Дьюфри Централ Эйжа» ЖШС «Арабика А» ЖШС «Асанова Б.А.» ЖК «I.Caffe» ЖШС «La Tartine» ЖШС «HRTS» ЖШС және «Coffee CTS Group» ЖШС-нан туратын консорциум «Приоритет Астана» ЖШС […]