Әуежай туралы

NPTКішігірім ұшақтарға қызмет көрсету үшін 1931 жылы негізі қаланған шағын әуежай, бүгінгі күні, Астана қаласының әуежайы, 80 жыл өткеннен кейін, Еуразия континентіндегі қазіргі әуежайларға сай келетін әуежайлардың бірі болып табылады. Әуежайда тәулік бойы алыс және жақын шетел аймақтарына ұшатын 80 шақты ұшаққа қызмет көрсетіледі.

Әуежай алыс және жақын шетелдердің құрамындағы 15 авиакомпанияның тұрақты жолаушылар рейстеріне қызмет көрсетеді. Бұлар,  «Эйр Астана», «СКАТ», «Жетісу», «Бек Эйр», «Трансаэро», «Люфтганза», «Этихад Эйруэйс», «Австрия авиажелілері», «Туркиш Эйрлайнз», «Аэросвит», «Узбекистон Хаво Йуллари», «Белавиа», «Украина халықаралық авиажелілері», «Чайна Саузен Эйрлайнз», «Эйр Арабия», «Ресей»  және басқалар. Жыл сайын Астана әуежайында кем дегенде екі – үш авиакомпания жаңа рейс ашады.

Астана әуежайынан Қазақстан Республикасының барлық облыс орталықтарына, сондай-ақ ТМД қалалары: Мәскеу, Ташкент, Омск, Санкт – Петербург, Красноярск, Киев, Минск, Екатеринбург, Баку, Новосибирскке дейін тұрақты рейстер ұшады. Сондай-ақ алыс шетел қалалары: Франкфурт, Вена, Абу – Даби, Стамбул, Бейжін, Анталия, Үрімші, Шарджа, Лондон, Бангкок қалаларына дейін рейстер ұшады. 2014 жылы әуежай 2 960 мың жолаушыға қызмет көрсетті және 9 653 тонна жүкті артып, тиеп түсірді.

AstanaБүгінгі күні Астана әуежайы әуе кемелердің барлық түрлерін шектеусіз қабылдауға мүмкіндігі бар. Астаналық әуежайды дамыту жұмыстары ИАТА (Әуе қатынасының халықаралық ассоциациясы) және ИКАО (Азаматтық авиацияның халықаралық ұйымы) халықаралық стандарттарына сәйкес жүргізіледі. Әуежай Ground Handling Council IATA халықаралық ұйымының құрамында. Жүк тиеу және жолаушыларға қызмет көрсету жұмыстары бойынша жаңа авиакомпаниялармен ынтымақтастықта болу үшін қолайлы жағдайлар жасалуда. Авиакомпания үшін әуежайдың Еуразия орталығында орналасқан географиялық орны көз тартымды болып табылады. Астаналық әуежай азаматтық авиация халықаралық ұйымының (ИКАО) ІІІА санаты бойынша сертификатталған.

Қазіргі заманға сай орнатылған жабдық – басқару мұнарасында отыратын диспетчердің монитордан ұшу алаңындағы әуе кемелерін, сондай-ақ арнайы техниканы көріп отыруына, теңестіруіне және сүйемелдеуіне мүмкіндік береді. Бұл нашар көрінетін кездерде әуеайлақты бақылауға және қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Қазір Астана әуежайы 200 метр және одан да жоғары ұшу – қону жолағынан әуе кемелерін көріп отырып қабылдайды және шығарып салады, ал бұған дейін әуеайлақтың метеоминимумы 350 метр болған. Әуежай жаңа қызметтерді ұсына отырып, әуежайға келетін жолаушыларға ыңғайлы қызмет көрсету үшін барлық жағдай жасауға тырысады.

Airport2Астана әуежайында жолаушыларға арналған екінші “Duty Free” дүкені, дәріхана, «Сәттілік» мейрамханасы, «Кофе ауласы» атты кафе, тұтынушыларды ақпараттық қолдау орталығы (Call-орталығы) ашылды.

Астана әуежайы өз жолаушыларына ең қолайлы қызметтерді ұсынады: СИП және ВИП залдары, ана мен бала бөлмесі, діни әдет-ғұрыптар бөлмесі, жүк сақтау камерасы, ұшу залында орналасқан шылым шегу бөлмесі. Рейсті күту кезінде жолаушыларға мейрамхана, бар, кафе қызметкерлері қызмет көрсетеді. Сондай-ақ аэробекет кешенінде пошта қызметін, бірнеше банктер банкоматтарының қызметін, валюта айырбастау пунктінің қызметін пайдалануға болады. Авиабилеттерді аэробекеттің екінші қабатындағы кассалардан сатып алуға, өзіңізге немесе достарыңызға сыйлық алғыңыз келсе кәдесый дүкенінен ұлттық кәдесыйлардың түр – түрлерін сатып алуға болады. Жолаушылардың жеке автокөлігіне арналған көлік тұрағы қарастырылған.

Астана әуежайы мемлекеттің бет пердесі болғандықтан, Астананың әрбір қонағында Астана туралы ең жақсы әсер қалуы үшін барлық мүмкіндіктерді жасайды.