Жалпы ақпарат

NPT

Кішігірім ұшақтарға қызмет көрсету үшін 1931 жылы негізі қаланған шағын әуежай, бүгінгі күні, 80 жыл өткеннен кейін, Еуразия құрлығындағы заманауи әуежайлардың бірі болып табылады. Әуежайда тәулік сайын алыс және таяу шетел аймақтарына ұшатын 80 шақты ұшаққа қызмет көрсетіледі.

Әуежай алыс және таяу шетелдеріне жататын тұрақты жолаушылар рейсін жүзеге асырушы 19 авиакомпанияға қызмет көрсетеді. Олар:  «Эйр Астана», «СКАТ», «Жетісу», «Бек Эйр», “Қазақ Эйр”, «Аэрофлот», «Люфтганза», «Этихад Эйруэйс», «Флайдубай», «Тюркиш Эйрлайнз», «Аэросвит», «Узбекистон Хаво Йуллари», «Белавиа», «Украина халықаралық авиажелілері», «ЧайнаСаузенЭйрлайнз», «Эйр Арабиа», «Ресей»  және басқалар. Астана әуежайында жыл сайын жаңа бағыттар ашылуда.

Астана әуежайынан Қазақстан Республикасының барлық облыс орталықтарына, сондай-ақ ТМД-ның: Мәскеу, Ташкент, Омбы, Санкт–Петербург, Красноярск, Киев, Минск, Екатеринбург, Баку, Новосибирск қалаларына тұрақты рейстер ұшады. Сондай-ақ алыс шетелдің: Франкфурт, Әбу – Даби, Ыстамбұл, Бейжің, Анталья, Үрімші, Шарджа, Лондон, Бангкок қалаларына дейін рейстер ұшады. 2015 жылы әуежай 3 366 мың жолаушыға қызмет көрсетті және 8 045 тонна жүкті өңдеуден өткізді.

Astana

Бүгінгі күні Астана әуежайының әуе кемелердің барлық түрлерін шектеусіз қабылдауға мүмкіндігі бар. Әуежайдың ИСО 9001-2001 Қазақстан Республикасы стандарттардың СМЖ талаптарына сәйкестік сертификаты және IQNet бірыңғай халықаралық үлгідегі сертификаты бар. Елордалық әуежайдың дамуы ИАТА (Әуе көлігінің халықаралық ассоциациясы) және ИКАО (Азаматтық авиацияның халықаралық ұйымы) халықаралық стандарттарына сәйкес жүргізіледі. Жүк және жолаушылар тасымалдайтын жаңа авиакомпаниялармен қарым-қатынас жасау үшін қолайлы жағдайлар жасалуда. Әуежайдың географиялық орны, яғни Еуразия орталығында орналасуы авиакомпаниялардың қарым-қатынас жасауға қызығушылығын тудырады.

Астаналық әуежай азаматтық авиация халықаралық ұйымының (ИКАО) ІІІА санатымен сертификатталған.

Орнатылған заманауи жабдық әуе қозғалысын басқару мұнарасынан диспетчерлер монитордан көрінетін ұшу жолағындағы әуе кемесін, арнайы техниканы табу, сәйкестендіру және алып жүруге мүмкіндік береді. Бұл нашар көрінетін кездерде әуеайлақты бақылауға және қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Қазір Астана әуежайы 200 метр және одан да жоғары ұшу – қону жолағынан әуе кемелерін көріп отырып қабылдайды және шығарып салады, ал бұған дейін әуеайлақтың метеоминимумы 350 метр болған. Елордалық әуежай жаңбыр, боран және дауыл кезінде де 200 метрлік көлденең және 15 метрлік тік көз көрерлікте әуе кемесін қауіпсіз қондыра алады.

Airport2

Әуежай жаңа қызметтерді ұсына отырып, әуежайға келетін жолаушыларға ыңғайлы қызмет көрсету үшін барлық жағдай жасауға барынша тырысады. Астана әуежайында жолаушыларға арналған екінші “DutyFree” дүкені, дәріхана, «Сәттілік» мейрамханасы, «Кофе ауласы» кафесі, тұтынушыларды ақпараттық қолдау орталығы (Call-орталығы) бар. Астана әуежайы өз жолаушыларына ең қолайлы қызметтерді ұсынады: СИП және ВИП залдары, ана мен бала бөлмесі, діни әдет-ғұрыптар бөлмесі, жүк сақтау камерасы, ұшу залында орналасқан шылым шегу бөлмесі. Рейсті күту кезінде жолаушылар үшін мейрамхана, бар, кафе жұмыс істейді. Сондай-ақ аэровокзал кешенінде пошта қызметін, бірнеше банктер банкоматтарының қызметін, валюта айырбастау пунктінің қызметін пайдалануға болады. Авиабилеттерді аэровокзалдың екінші қабатындағы әуежай және авиакомпаниялар кассаларынан сатып алуға, өзіңізге немесе достарыңызға сыйлық алғыңыз келсе кәдесый өнімдері дүкенінен ұлттық кәдесыйлардың түр–түрін сатып алуға болады. Жолаушылардың жеке автокөлігіне арналған көлік тұрағы қарастырылған.

Астана халықаралық әуежайында жолаушыларға – ресми такси қызмет көрсетеді.

Астана әуежайы – мемлекеттің бет пердесі, сондықтан Астананың әрбір қонағы Астана туралы ең жақсы әсер алуы үшін барлық мүмкіндіктерді жасайды.