Тарихы

a_President_RK

Астана әуежайы – бүгін Еуразия құрлығындағы заманауи әуежайлардың бірі болып табылады, 1930 жылы Ақмола қаласынан, қазіргі Астанадан 3 км қашықтықта әуежай салынды. Әуежайдың аумағында ұшақтардың ұшуына және қонуына арналған шаршы тәріздес алаңы, шағын ғана залы бар, 8 бөлмеден тұратын саманнан жасалған вокзал, ұшқыштарға арналған екі үй, бензин сақтайтын жертөле, сондай-ақ саманнан жасалған май, су жылытатын шағын үйі болатын.

1931 жылғы 1 желтоқсанда (кәсіпорын құрылған күн) Ақмола-Семей аралығында тұрақты ұшатын әуе қатынасы ашылды. Ауа райы қолайсыз болған күндері әуежай жабылып, қала мен әуежай телефон, паром, жаяу жүргіншілер жолы арқылы байланысатын (Есіл өзені арқылы өтетін көпір болған жоқ).

Алғашқы жылдары әуе қозғалысы тұрақты болған жоқ, кестеде «Ұшақ дүйсенбі күні таңертең ұшады» немесе «сәрсенбі күні күн шығыста ұшады» деп көрсетілетін.

Жолаушыларды, пошта жүктерін тасымалдау қызметі К-4, К-5, ПР-5, П-5,П-2 ұшақтарымен жүзеге асырылды.

1934 жылдан бастап тұрақты ұшатын ұшақтар қызмет көрсете бастады:

1.Алматы-Бертрас-Қарағанды-Ақмола-Атбасар-Қостанай-Свердловск.

2.Қарағанды-Петропавл-Қорғалжын-Ақмола-Жаңа-Арқа-Пресновка.

1946 жылдың басында Ақмолалық әуежайға тұрақты қызмет көрсету мақсатында ПО-2 ұшақтарының алғашқы тізбегі келе бастады. Бұл ұшақтар Қарағанды авиакәсіпорнына қарады.

Жолаушыларды, поштаны тасымалдайтын Ақмола – Қорғалжын – Жолымбет – Ақсу – Бөгембай – Бестөбе – Астрахан – Балқаш – Благодать (Ақмола облысының елдімекені) арқылы ұшатын жолдар ашылды. 1946 жылы 2 адамнан құрылған тасымалдау қызметі ұйымдастырылды.

Осы жылы санитарлық авиация – халық шаруашылығы да қызмет көрсете бастады.

1947 жылдың соңында – 1948 жылдың басында Ақмола әуежайында ПО-2 ұшағының тұрақты мамандары ретінде 3 адамнан құрылған бөлім ашылды, бұл бөлім Қарағандыда орналасқан авиажасақтың құрамына кірді.

Ақмола әуежайы сол кезге сай келетін құралдармен жабдықталды, құрылысы біршама кеңейтіліп, радиостанцияға арналған фин үйі, саманнан жасалған үш үй және гараж салынды. Қызмет көрсететін штат құрамы 40-50 адамға дейін өсті. Әуежай жеңіл ұшақ түрлерінен басқа ЛИ-2 типті ауыр ұшақ түрлерін де қабылдай бастады.

ҰҚЖ кеңейтілгеннен кейін 1951 жылдың мамыр айында ИЛ-12ұшағы, көп кешікпей ИЛ-14 ұшағы алғашқы рет қонды.

1954 жылы авиаэскадрилья құрылды. Ұшақ паркі ЯК-12, АН-2 әуе кемелерімен толықты. 1956 жылы Ақмола әуежайы тәулік бойы жұмыс істеу тәртібіне көшті.

1959 жылғы 9 мамырда Ақмолалық біріккен авиажасақ ұйымдастырылды. Осы жылы Ақмола бірлескен авиажасағына қосымша АН-2 ұшақтары бөлінді, бұл жергілікті әуе желілерінің бірден көбеюіне әсерін тигізді.

1960 жылғы 16 қазанда Ақмола әуежайына үшінші сынып атағы берілді.

1961 жылы алғашқы ЛИ-2-ші ұшақтары қабылданды, бұл ұшақтар Степногорск -Қостанай әуе қатынасы бойынша тұрақты ұша бастады.

1963 жылғы 4 қарашада Целиноград әуежайы, бұрынғы Ақмола әуежайы қаладан 18 км қашықтықта орналасқан жаңа әуежайда алғашқы ИЛ-18 ұшағын қабылдады.

1963 жылдың желтоқсан айынан бастап ИЛ-18 ұшағымен тұрақты рейстер жүзеге асырылды. Аэровокзал кешенінің құрылысы аяқталмағандықтан, қазіргі 2 қабатты медициналық санитарлық бөлім ғимараты аэровокзал ретінде пайдаланылды, бұл ғимаратта әуе қозғалысын басқару қызметі орналасты.

1966 жылғы 28 ақпанда жаңа аэровокзал пайдалануға қабылданды, осы жылдың маусым айында біріккен авиажасақтың барлық қызметтері жаңа әуежайға орналасты. 1930 жылдан бастап қызмет атқарған ескі әуежай 1966 жылы ААФЫЕҚ спорт клубына берілді.

1969 жылғы 21 сәуірде Целиноград авиажасағының ұшақтар паркі алғашқы АН-24 ұшақтағымен толтырылды. АН-24 ұшақтары қосылғаннан кейін, жолаушылар, пошта және жүк тасымалының көлемі бірден өсті. Өз паркімізден бұрынғы Одақтың қалаларына ұшақтар ұша бастады.

1975 жылдан бастап біздің ҰҚЖ ТУ-154 ұшағы алғашқы рет қонып, осы кезден бастап Алматы-Целиноград-Мәскеу және керісінше бағыттары бойынша ТУ-154 ұшақтың тұрақты рейсі ашылды.

Ақмола (Астана) авиаторлары үшін тарихи елеулі кезең елорданың Алматыдан көшірілуі болып табылады. Әуеайлақты қайта жаңарту құрылысы қысқа мерзім ішінде басталды және аяқталды: ұшу-қону жолағы 3500 м дейін жасанды жабынмен ұзартылып, рульдеу жолақтары мен перрон кеңейтілді. Жарық жүйесі және радионавигациялық жабдықтар ауыстырылды, VIP ғимараты салынды, аэровокзал кешені қайта жаңартылды.

2002- 2005 жылдары аралығында әуежайды қайта жаңартудың ірі ауқымды халықаралық жобасы жүзеге асырылды. 2005 жылғы 2 ақпанда әуежайдың жаңа жолаушылар терминалы салтанатты түрде ашылды.

Бүгінгі күні Астана халықаралық әуежайы ІІІА – Азаматтық Авиацияның Халықаралық Ассоциациясы санатына ие, сондай-ақ ұшу салмағына шектеу қоюсыз әуе кемелерінің барлық түрлеріне – Ил-76, Ан-124, Б747-400F қызмет көрсетеді.