Құрылымдық бөлімшелер

Маркетинг бөлімі

Маркетинг бөлімі авиатасымалдаушыларды тарту, әуежайдың корпоративтік клиенттерімен, қатысушыларымен, серіктестерімен ұзақ мерзімді өзара тиімді қарым-қатынас орнату, әуежайдың маркетингтік стратегиясын, ақпараттық–бедел-бейне саясатын іске асыру, сондай-ақ, маркетингтік коммуникациялар мен зерттеулерді жүзеге асыру жұмыстарын жүргізеді.

 Әуежайдың өндірістік – диспетчерлік қызметі

Әуежайдың өндірістік-диспетчерлік қызметі әуе тасымалдау жоспарының жедел орындалуын, олардың тиесілігіне қарамастан әуе кемелерін жөнелтулердің жоғарғы жиілігін және әуе кемесіне қызмет көрсету кезінде әуежай қызметтерінің қызметін үйлестіруді және жедел басшылық етуді қамтамасыз етеді, ақпараттық-анықтамалық қамтамасыз ету үдерісін жетілдіру және ұйымдастыруды жүзеге асырады.

Қауіпсіздік қызметі

Қауіпсіздік қызметі заңсыз араласу актілерінен азаматтық авиацияның қауіпсіздігін қамтамасыз ететін ескертулердің және алдын алу шараларының, қағидалар мен рәсімдердің барлық кешендерін қамтамасыз етеді, жоғары қауіп-қатер немесе төтенше жағдай туындаған кезеңде ерекше шараларды, әуежай аумағында орналасқан объектілерді күзетуді, әуежай меншігінің сақталуын және олардың өртке қарсы жағдайын қамтамасыз етеді.

 Тексеру қызметі

Жолаушыларды әуе көлігімен тасымалдау және Астана қаласы әуежайына ұшып келетін авиакомпаниялардың талаптарына сәйкес, барлық авиажолаушылар, ұшақтың жүк таситын бөлігіне жіберілетін олардың қол жүгі мен багаждардың қауіпсіздігіне толық бақылаудан өтеді. Сондай-ақ тексеруден жүк терминалы арқылы жөнелтілетін барлық жүктер және авиатасымалдау учаскесінде өңдеуден өтетін барлық пошта жөнелтілімдерімен борт қорлары өтеді. Қауіпсіздікті бақылау арнайы жабдықталған пункттерде жүзеге асырылады. Аталған пункттер халықаралық стандарттардың талаптарына сәйкес келетін заманауи техникалық құралдармен жабдықталған. Қауіпсіздікті бақылайтын қызметкерлердің осы салада жұмыс тәжірибелері бар. Қызметкерлер кезеңдік дайындықтан өтіп отырады, олардың алған білімдері рұқсаттама – сертификаттарымен расталады. Рейстерге қызмет көрсету кезінде дауыс зорайтқыш байланысы арқылы әуе көлігімен тасымалдауға тыйым салынатын заттар туралы ақпарат беріледі. Барлық жабдықтар сертификатталған және қызметкерлер мен жолаушылар үшін қауіпсіз.

Тілдерді дамыту бөлімі

Тілдерді дамыту бөлімі Қазақстан Республикасының Тіл туралы заңнамасына сәйкес жұмыстарды ұйымдастыру және қамтамасыз ету, Астана әуежайында Тілдерді қолдану мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасын және басқа да нормативтік-құқықтық актілерін енгізу және іске асыру, ішкі құжаттама мен іс қағаздарын мемлекеттік және ағылшын тілдерінде жүргізу, құжаттаманы орыс тілінен мемлекеттік тілге, орыс тілінен ағылшын тіліне,мемлекеттік тілден орыс тіліне, ағылшын тілінен орыс тіліне аударылуын қамтамасыз ету, авиакәсіпорын жұмыскерлеріне мемлекеттік тілді оқыту үшін құрылған.

Cатып алу басқармасы

Сатып алу басқармасы «Астана халықаралық әуежайы» АҚ қажеттіліктері үшін тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алу рәсімін жүзеге асырады.

 Отын кешені

Отын кешені нормативтік талаптарға және тұтынушылардың талаптарына сәйкес, әуе кемелерін сапалы авиациялық жанар-жағармай материалдарымен, арнайы сұйықтықтармен үздіксіз және уақтылы қамтамасыз етеді.

Отын сұйық қоймаларының жалпы көлемі 15 200 тонна. Әуе кемелеріне отын құю отынқұйғыш парк көмегімен және құрамына 8-тұрақтағы 16 отын гидрант және 3 гидрантты диспенсер енетін ұшақтарға орталықтандырылған автоматты отын құю жүйесі арқылы жүргізіледі. Әуе кемесіне құю үшін кондициялы ЖЖМ дайындау және беру отын механикалық қоспалардан және судан үш сатылы технологиялық тазартумен қамтамасыз етіледі. Әуе кемесіне беру кезінде нақты сүзгі 1 мкн құрайды. АвиаЖЖМ әуе кемесіне құюға беруге дайындық кезіндегі сапасын бақылауды қажетті құралдармен жабдықталған отын кешенінің зертханасы қамтамасыз етеді.

 Жылу-техникалық және санитарлық-техникалық қамтамасыз ету қызметі

Жылу-техникалық және санитарлық-техникалық қамтамасыз ету қызметі әуежайдың барлық ғимараттары бойынша жылу энергиясын өндіру және таратумен, ауаны баптаумен, сумен жабдықтаумен және суды бұрумен айналысады. ЖТжСТҚ қазандығында Түркия-Германияда жасалған әр қайсысының қуаттылығы сағатына 11,5кл үш қазандық құрастырылды. Салқындату жүйесі сегіз ЧИЛЛЕРДЕН тұрады, ауаны дайындайтын 55 агрегаттан және 70 сплит-ауабаптығыштардан тұрады.

 Аэровокзал кешені

Аэровокзал кешені аэровокзал кешені иелігіндегі ғимараттар мен құрылыстарды белгіленген пайдалану қағидаларына және нормативтік-техникалық құжаттама талаптарына сәйкес пайдаланылуын, аэровокзал кешені (ЕЖТ, ЖЖТ, әкімшілік ғимараты, VIP ғимараты) әуе кемелеріне қызмет көрсетуге, жолаушыларды, багажды және жүкті қабылдауға тұрақты дайындығын қамтамасыз етеді.

Аэровокзал кешені сыртқы ұйымдармен, сондай-ақ, жарнама берушілермен байланыс жүйесін реттеу, әуежайдың коммерциялық әлеуетін барынша пайдалану үшін жалға алушыларды тарту, жолаушыларға ұсынылатын авиациялық емес қызметтердің сапасын бақылау бойынша жұмыстарды қамтамасыз етеді.

 Ұшулар қауіпсіздігі жөніндегі инспекциясы

Ұшуларды іздестіруді, апаттан құтқаруды қамтамасыз ету қызметі ұшулардың қауіпсіздігін қамтамасыз ете отырып, Қазақстан Республикасының, ТМД елдерінің және алыс шетелдегі Азаматтық әуе кемесінің авиациялық оқиғалар мен қақтығыстардың алдын алу жұмыстарын жүзеге асырады.

 Сапа менеджменті жүйесін басқару бөлімі

Сапа менеджменті жүйесін басқару бөлімі сапа менеджменті жүйесін және Әуежай тұтынушыларының қанағаттануына кепілдік беретін қызметкерлердің кәсібилігін қолдай отырып, сондай-ақ сапа менеджменті жүйесін әзірлеуді, жұмысқа жарамды жағдайда ұстауды және үнемі жетілдіруді жүзеге асырады (ИСО ХС9001:2008, ҚР СТ ИСО 9001-2009, ИКАО, ИАТА стандарттары және т.б.).

 Күрделі құрылыс бөлімі

Күрделі құрылыс бөлімі әуежайдың ғимараттары мен құрылыстарының құрылысын және күрделі жөндеулерін, ағымдағы жөндеулерін жүзеге асырады.

 Кеңсе

Кеңсе құпия емес ішкі және сыртқы құжаттардың толық және уақтылы есепке алынуын, бақылануын, орындалуын және сақталуын қамтамасыз етеді.

 Еңбекті қорғау және еңбек қауіпсіздігі қызметі

 Еңбекті қорғаужәне еңбек қауіпсіздігі қызметі жұмыс берушінің атынан өндірісте қауіпсіз және денсаулыққа пайдалы еңбек жағдайын жасау, Әуежайдың құрылымдық бөлімшелерінде өндірістік жарақат пен кәсіптік аурулардың алдын алу бойынша шаралардың әзірленуіне және орындалуына ішкі бақылауды, сондай-ақ, ұжымдық шартқа сәйкес қауіпсіздік және еңбекті қорғау саласында жұмыс берушінің міндеттерін орындауды жүзеге асырады.

 Стандарттау және метрология қызметі

Стандарттау және метрология қызметі Әуежайдың құрылымдық бөлімшелерін метрологиялық қамтамасыз ету бойынша бақылайды және реттейді.

Экологиялық бақылау бөлімі

Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау туралы заңнамасына сәйкес, қоршаған ортаға Астана әуежайы қызметінің әсер етуін анықтау мақсатында, сондай-ақ анықталған Қазақстан Республикасының Табиғатты қорғау заңнамасын бұзушылықтарды жою бойынша шаралар қолдану үшін өндірістік бақылауды жүзеге асырады.

Ұшуларды өртен және апаттан құтқаруды қамтамасыз ету және төтенше жағдайлар қызметі

ҰӨАҚҚжТЖҚ ұшуларды өртен және апаттан құтқаруды қамтамасыз етудің (ҰӨАҚҚ) және төтенше жағдайлардың (ТЖ) алдын алу және жою жөніндегі тұрақты әрекет ететін орган болып табылады. Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар қаупі болғанда немесе туындаған жағдайда және ерекше кезеңде қызметкерлерді және кәсіпорын объектілерін қорғау бойынша нормативтік-құқықтық актілерге сәйкес іс-шараларды жоспарлап,  жүзеге асырады.