13.04.2017
Астана әуежайы көктемгі-жазғы маусымдарға дайындық өткізді

«Астана халықаралық әуежайы» АҚ 2017 жылғы көктемгі-жазғы маусымдарға  белсенді дайындық өткізді. Жоспарға сәйкес, кәсіпорын қызметтері жер үсті жабдықтарын, техникаларды, механизация құралдарын, ғимараттар мен имараттардың үздіксіз жұмысын қолдау және әзірлеу бойынша ұйымдастыру-алдын алу іс-шаралар кешенін өткізеді, қызметкерлерді оқытуды жүзеге асырады.

2017 жылғы 07 сәуірде ӘОК қызметінде өртке қарсы дайындық сабақтары өткізілді. Қызметтің қызметкерлері мен мамандары жанар-жағармай материалдарымен жұмыс жасаған кездегі  қауіпсіздік шараларын, тиісті нұсқаулықтарды зерделеді, проблемаларды және ағымдағы мәселелерді талқылады. ТЖ және АҚ бөлімінің мамандары оттың тұтануы пайда болған жағдайдағы әрекеттер тәртібін жеткізді, өрт қауіпсіздігі құралдарын пайдалану бойынша қызмет мамандарымен тәжірибелік сабақтар өткізді.

Оқыту барысында алынған білім  қызметкерлерге штаттық емес жағдайлар туындаған кезде жағдайды дұрыс бағалауға, алдын алу әрекеттерін епті жүргізуге, туындайтын қауіптердің санын азайтуға және ауыр салдардың туындауының алдын алуға мүмкіндік береді.