25.11.2016
Астана әуежайы қар тазалайтын арнайы техниканы сатып алды

Ағымдағы жылғы қарашада елорда әуежайы қолданыстағы қар тазалайтын техника паркін «SCHMIDT» неміс компаниясы шығарған жаңа шағын өнімділігі жоғары әуеайлақтық сыпырғыш-үрлегіш екі машинамен толықтырды. Аталған арнайы көлік қарсы алды қар тазалағыш қайырмамен, өсаралық щеткамен және ауа үрлегішпен жабдықталған.

Қар тазалайтын техниканың маневрлілігі ұшу алаңындағы қарды ғана емес, сонымен қатар перрондағы және вокзал маңы алаңындағы қарды тазалау үшін пайдалануға жол береді.

Қар тазалайтын машиналардың қосымша саны әуеайлақ аумағының жұмыс күйін тиімді бақылаумен қамтамасыз етуге жол береді.

Астана әуежайының басшылығы авиакәсіпорын инфрақұрылымын кезеңдік жаңғырту  бойынша жоспарды енгізіп, 2017 жылы пайдалануға берілетін жаңа терминалға қызмет көрсетуге дайындалып жатыр.