30.11.2017
Aktobegazeti: Нұрсұлтан Назарбаев әуежайына миллионыншы жолаушы ұшып келді

001

Нұрсұлтан Назарбаев атындағы Астана халықаралық әуежайының жаңа терминалы 1 миллионыншы жолаушыға қызмет көрсетті.

Әуежайға миллионыншы жолаушы Air Astana әуе компаниясының КС218 рейсімен 30 қараша күні түсте Новосібір қаласынан ұшып келді. Миллионыншы жолаушының есімі — Алексей Французов.

Айта кетейік, жолаушының есімі лотерея жүргізу әдісімен кездейсоқ анықталды. «Астана халықаралық әуежайы» АҚ бас директоры Рәділбек Әдимолда БАҚ өкілдері мен меймандар алдында лототроннан ұшаққа отырғызу нөмірін алып шықты.

«Осымен Астанаға екінші рет келіп отырмын. Іскерлік сапарымда Астанаға бар-жоғы 1 күнге ұшып келген едім. Бизнес аясында қазақстандық әріптестеріммен кездеспекпін. Шыны керек, мұндай сыйды күткенім жоқ. Астанадағы әуежайдың миллионыншы жолаушысы атанғаныма қуаныштымын. Барлықтарыңызға рақмет», — дейді Алексей Французов.

Алексей Французов Air Astana әуе компаниясының кез келген халықаралық бағыттары бойынша бизнес-класқа 2 билет, IPad және ескерткіш сыйлық алды.

Айта кетерлігі, 1 қаңтар мен 28 қараша аралығында «Астана халықаралық әуежайы» АҚ жолаушылар ағынын 2016 жылдың аталмыш кезеңімен салыстырғанда 3 922 347 адамға, яғни 25 пайызға дейін арттырған.

Дереккөзі: http://www.aktobegazeti.kz/?p=60620