31.05.2017
Алғашқы рет «Air China» авиакомпаниясы Астана әуежайынан рейстерді орындайды

Ағымдағы жылғы 1 маусымнан бастап «Air China» авиакомпаниясы алғашқы рет Астана қаласынан Қытай Халық Республикасының астанасы Бейжің қаласына дейін сейсенбі, бейсенбі және жексенбі сайын аптасына үш рейс жиілікпен ұшатын тікелей рейстерді жүзеге асырады, рейстер А-320 жайлы ұшағында орындалады. Астана қаласынан ұшып шығу уақыты сағат 22:30-да, ұшып келу уақыты сағат 05:30-да (жергілікті уақыт).

Анықтама:

«Air China» авиакомпаниясы – әлемдегі ең үлкен тасымалдаушы болып табылатын жалғыз ұлттық тасымалдаушы, сонымен қатар Star Alliance ұйымының мүшесі, соның арқасында сервистік желі 192 мемлекеттегі 1330 пунктеріне дейін кеңейтілді. «Air China» авиакомпаниясы рейсінің ашылуына байланысты елорда тұрғындары мен қонақтары әлемнің ежелгі астанасы Бейжің қаласының көрікті жерлеріне бара алады.

«Астана халықаралық әуежайы» – Қазақстандағы ең iрi әуежайлардың бiрi, еліміздегі жалпы жолаушылар ағымының 30 пайызын қамтамасыз етедi. 2016 жылы әуежай қызметін 3 419 484 жолаушы пайдаланды. Елорда әуежайы жерүстінде қызмет көрсету бойынша «ИАТА» Кеңесінiң мүшесi болып табылады.

air-china123