20.04.2017
Астана әуежайы әскери шеруге дайындыққа байланысты уақытша ұшу кестесін өзгертеді

Астанада ҚР Қарулы күштерінің құрылғанына 25 жыл толуына орай әскери шеруді өткізу және дайындау кезінде әуе кеңістігін пайдалануға қысқа мерзімге шектеу енгізіледі.

21, 25, 26 сәуірде жергілікті уақыт бойынша сағат 09.20 – 13.00-ге дейін; 28, 29 және 02,03,04 мамырда сағат 10.00 – 13.00-ге дейін, шеруді өткізу кезінде 07 мамыр сағат 10.00 – 13.00-ге дейін елорда әуежайы әуе кемелерін қабылдау және жіберуге жабық болады.

Астана қаласының әуе аймағына шектеу шерудің әуе бөлігіндегі жаттығулар уақытының өзгеруіне немесе жағымсыз метеожағдайларға, басқа себептерге байланысты 24, 27, 30 сәуір және 06 мамыр –  резервті күндер енгізілуі мүмкін.

Әуе кеңістігін қысқа мерзімге жабу туралы рейстер графигіне өзгертулер енгізу үшін барлық авиакомпанияларға хабарланды.

Шеруді өткізу және жаттығулар кезінде елорданың әуе аймағын бірінші жыл жауып отырған жоқ. Өткен жылдардың тәжірибесін есепке ала отырып, сәуір және мамырда іс-шараларды өткізу күндері әуе қозғалысы рейстердің ұзақ кешігуін жібермейтіндей ұйымдастырылады.