3.05.2017
Астана әуежайы KLM авиакомпаниясын серіктестіктің бір жылдығымен құттықтайды!

2017 жылғы 03 мамыр –  KLM авиакомпаниясының алыс магистраль Амстердам-Астана бағыты бойынша аптасына 4 рет жиілікпен алғашқы рейсінің бір жылдығы. Тура бір жыл бұрын Астана әуежайынан Шипхол әуежайына рейсті салтанатты  ұшыру өтті. Осы мерзім аралығында Астана-Амстердам бағыты бойынша 20 мың жолаушыны тасымалдады.

Жолаушылар KLM авиакомпаниясының арқасында Амстердамды ғана емес, әлемнің 357 қаласына барып қайтуға мүмкіндігі бар.

Сонымен қатар, біздің спортшылар жазғы Олимпиада ойындарына Амстердам арқылы Рио-де-Жанейроға сәтті жетті.

Астана әуежайы әлемдік тасымалдаушының өнімді серіктестігі үшін алғысын білдіреді және бағытжол торабының дамуында өркендеу мен жетістік тілейді.

IMG_4276