5.06.2017
Арнайы техниканы өткізу бойынша ашық аукционды өткізу

«Астана халықаралық әуежайы» АҚ 2017 жылғы 15 маусымда сағат 11.00-де Астана қаласы, Әуежай 14-ПББ, «Штаб» ғимаратында арнайы техниканы сату бойынша ашық аукцион өтетінін хабарлайды.

Сату бойынша аукционда меншік құқығы сатудың ағылшындық тәсілі

бойынша ұсынылады:

Лот

Арнайы техниканың типі және маркасы

Шығарылған

жылы

Бастапқы баға,

теңге

1. TUG ML 2003 381 655,00
2. TKW-63 1981 1 437 332,00
3. Переход из аэропорта в самолеты (трап)№9 2005 8 806 664,00

Өтінімдер ақпараттық хабарлама жарияланған күннен бастап қабылданады және 2017 жылғы 15 маусымда сағат 10.00-де қабылдау тоқтатылады.

  150 000 теңге кепілдік жарнасы «Астана халықаралық әуежайы» АҚ KZ 266 010 111 000 004 426, БСК HSBKKZKX, СТН 031 400 149 277, КБЕ–16, Астана қаласының «ҚР Халық банкі» АҚ филиалындағы есеп айырысу шотына аударылады.

Аукционға қатысушы ретінде тіркелу үшін төмендегілерді ұсыну қажет:

  • саудаға қатысуға арналған өтінім;
  • паспорт немесе жеке куәлік – жеке тұлғалар үшін (көшірмесі және түпнұсқасы);
  • құрылтайшы және тіркеуші құжаттардың нотариалды түрде куәландырылған көшірмелері – заңды тұлғалар үшін;
  • саудаға қатысу үшін өкілге арналған сенімхат;
  • кепілдік жарнаның төленгенін растайтын құжат (көшірмесі және түпнұсқасы);
  • акционерлік қоғамдар қосымша жарғылық капиталдағы мемлекеттің үлесі туралы, олардың акцияларын иеленетін акционерлік қоғамдар туралы ақпаратты қамтитын акционерлердің тізілімінен үзінді көшірме ұсынады (ақпараттық хабарлама жарияланған сәтте).

Шетелдік заңды тұлғалар орыс тіліне аударылған нотариалды түрде куәландырылған құрылтайшы құжаттарды ұсынады.

Сауда өтетін және аукционға қатысу үшін өтінімдерді қабылдайтын орын: Астана қаласы, Әуежай 14-ПББ, «Штаб» ғимараты.