13.10.2016
Астана әуежайы 2016-2017 жылғы күзгі-қысқы навигацияға дайындалуда

2016 жылғы 30 қазаннан бастап Астана әуежайы күзгі-қысқы навигациясына көшеді. Бұл дегеніміз, әуежайдың барлық қызметтері күзгі-қысқы кестеге көшу сатысында. Күзгі-қысқы навигациясы басталуына дейін 1,5-2 ай бұрын басталатын іс-шаралардың кешені. Бұл ретте арнайы техникаға, механизацияға, әуеайлақты және ұшу-қону жолағын күтіп ұстауға, оны төмен температура және жаман көрініс жағдайларында ұшу жарамдығында ұстау үшін қажетті құралдарға ерекше көңіл бөлінеді.

Ұшу жұмысын жоғары дәрежеде ұйымдастыру үшін навигация процесінде әуежай реагенттер мен мұздануға қарсы сұйықтықтың едәуір көлемін сатып алды.

Қауіпсіздікті және тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатында Астана халықаралық әуежайында 2016-2017 жылдардағы күзгі-қысқы кезеңге дайындық бойынша жоспарлы іс-шаралар өткізілді. КҚК дайындалу бойынша іс-шаралар жоспары әуежайдың барлық бөлімшелерін қамтиды. Аталған жоспар аясында әуеайлақты күтіп ұстау және әуе кемелеріне қызмет көрсету үшін жерүстіндегі арнайы техника байқауы өткізілді. Аталған іс-шара жыл сайын өткізіледі. Барлық көлік техникалық қызмет көрсетудің жоспарлы, маусымдық түрлерін және жөндеу жұмыстарынан өтті.

Бұдан басқа, мұздануға қарсы қолданылатын техникаға штаттық қызмет көрсету жүргізілді. Қысқы навигация маусымына қажетті ұшақтарды мұздануға қарсы сұйықтықпен өңдеу үшін қысқы кезеңнің басына 7 арнайы машина дайындалды. Ұшулар қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында әуеайлақтың жасанды жабындары жөнделіп, ұшу алаңы таңбаланып, әуе кемелерінің тұрақ орындары жаңартылды.

Бұдан басқа, жолаушылар әуежайға келгенде өзін жайлы сезіну, жолаушылар терминалдарында жылы режимді сақтау және жылумен жабдықтау жүйесінің дұрыс қызмет етуін қамтамасыз ету үшін барлық шаралар қолданды.

Ерекше көңіл қауіпсіздік мәселелеріне бөлінеді.

Өрт сөндіру, іздестіру және авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу бойынша өрттен құтқару және авариялық ққтқару топтарының жеке құрамымен тәжірибелік оқу-жаттығулар жүргізілді.

Әуежай барлық өткізілген іс-шаралардан кейін қандай да ызғарлы және қарлы күзгі-қысқы навигациясы болса да оған дайын екенін абыроймен айта алады.

DSC_0010 DSC_0011 DSC_0026 DSC_0003