1.03.2017
Астана әуежайында мүгедектерге арналған жайлылық және қолжетімділік тексерілді

2017 жылғы 27 ақпанда «Нұр Отан» партиясының Астана қалалық филиалы (Есіл ауданы) қоғамдық жұмысының барлық саласында мүмкіндіктері шектеулі адамдарды қолдауға бағытталған «Кедергісіз келешек» – «Будущее без барьеров» партиялық жоба аясында «Астана халықаралық әуежайы» АҚ аумағында кездесу өткізді.

Іс-шара мүгедектер мен халықтың қауқары аз топтары үшiн кешендік қолжетімділігіне Әуежайды мониторингтеу мақсатында, сонымен қатар мүмкіндіктері шектеулі адамдар үшін кедергісіз ортаны жасау бойынша Әуежай әкімшілігі қабылдайтын шараларды бағалау үшін өткізілді.

Іс-шараға саяси кеңестің мүшелері, партияның Есіл аудандық филиалының Бастапқы партиялық ұйымдарының өкілдері, мүмкіндіктері шектеулі адамдар және мүгедектер қоғамдық ұйымдарының көшбасшылары қатысты.

Кездесу барысында қатысушылар үшін Әуежай бойынша экскурсия өткізілді, ол бар мәселелерді анықтауға жол берді. Осылай, Астана қаласы саңыраулар қоғамының төрағасы Жангелді Бекбатыров есту аппаратына аудио-сигналды сымсыз беру үшін арнайы индукциялық жүйесін Әуежайдың анықтамалық бюросына ендіру қажеттілігін айтты.

Кездесу нәтижесі бойынша мүмкіндіктері шектеулі адамдардың әуежайға келгенде өздерін жайлы сезінуі үшін Әуежайды жақсарту бойынша ұсынымдар мен ұсыныстар пысықталды.

Іс-шара аяқталуға жақын қалған кезде «Астана халықаралық әуежайы» АҚ операциялық қызмет жөніндегі басқарушы директоры Ғ. Тәжімұратов «Кедергісіз келешек» – «Будущее без барьеров» партиялық жобасы елімізді әр адам үшін бірдей және біртұтас мүмкіндіктер аумағы ретінде жасауға көмектесетін партияның ең өзекті және тиімді жобаларының бірі екенін атап өтті.

IMG_8685IMG_8670