18.06.2017
Астана әуежайы LOT Polish airlines авиакомпаниясының Boeing 787 Dreamliner ұшағын қарсы алды

Жаңа «армандағы лайнердің» ұшып келуіне байланысты елорда әуежайында оны қарсы алу салтанаты өтті. Boeing-787 Dreamliner жолаушыларын және экипажын Астана әуежайының басшылығы, авиаспоттерлер, БАҚ және авиакомпания өкілдері қарсы алды. Астана әуежайы Boeing-787 қосқанда, әуе кемелердің барлық түрлерін қабылдайды. Дримлайнерге қызмет көрсету үшін авиакомпанияға жаңа арнайы техника, білікті персонал, замануи инфрақұрылым ұсынылады.

Boeing 787 Dreamliner әуе кемесі әлемдегі ең замануи ұшақ болып табылады, саяхатшылардың қөзқарасы жағынан – жайлы, жолаушылар үшін жағымды шешімдердің бірі болып табылады.

Жаңа терминалдың (Т1) арқасында жаңа технологиялар ендірілді, жолаушыларға қызмет көрсету уақыты азайды. ВИП жолаушыларға – душ кабинасы бар зал, кең Duty-free, мейрамханалар мен дүкендерге арналған алаңдар ұлғайды.

LOT авиакомпаниясының Dreamliner ұшағы 252 жолаушыны қабылдай алады.

Астана әуежайы жолаушылар мен авиакомпаниялар үшін жайлы жағдайлар жасау үшін барлығын жасауда. LOT Астанаға тұрақты рейстерді орындайтын 25 авиакомпания-клиент болып табылады.

* «LOT Polish Airlines» авиакомпаниясы — әлем бойынша 70 астам бағыт бойынша жақсы жобаланған ұшулар желісі және паркінде 37 әуе кемесі бар Польшаның ұлттық авиакомпаниясы.

* «Астана халықаралық әуежайы» АҚ – Қазақстанның ірі әуежайларының бірі, 2016 жылы 3,5 млн. жолаушыға қызмет көрсетті. Варшаваға және басқа қалаларға ұшу үшін Астана әуежайын «STAR ALLIANCE» және «SKY TEAM» әлемдік жетекші авиациялық альянстарының мүшелері тандады.

IMG_9011 IMG_9090 IMG_8879