15.05.2017
Астана халықаралық әуежайы «Эйр Астана» авиакомпаниясын 15 жылдық мерекесімен құттықтайды

2002 жылғы 15 мамырда «Эйр Астана» авиакомпаниясы Астана әуежайынан Алматы қаласына бірінші рейсін орындады. Серіктестіктің 15 жылы бойы  «Эйр Астана» авиакомпаниясы жыл сайын жолаушылар ағымын көбейтіп отыр. Авиакомпанияның сәтті дамуының арқасында Қазақстанның 15 қаласына және ТМД мен алыс шетелдерге 17 бағыт бойынша ұшуға болады.

Астана әуежайынан тасымалданған жолаушылардың көлемі бойынша “Эйр Астана” көшбасшы авиакомпания болып табылады. Авиакомпанияның қызмет көрсету сапасы жоғары деңгейде болуы, жолаушылардың қамын ойлауы, әуе тасымалдауларының қауіпсіздігін жоғары деңгейде қамтамасыз етуі және авиапаркінің жаңа болуы арқасында, «Эйр Астана» авиакомпаниясы Қазақстан Республикасының ең көшбасшы авиатасымалдаушыларының бірі ретінде алдынғы позицияда лайықты орын алып отыр.

Астана халықаралық әуежайы ұжымы 15 жылдық мерекесімен құттықтай отырып, «Эйр Астана» авиакомпаниясына бұдан әрі дамуына, келешекте жоспарланып отырған жобалар мен жаңа жетістіктерге жетуіне шынайы тілегін білдіреді!IMG_3908