11.07.2017
Астана әуежайы Duty Paid дүкенін ашуға қызығушылық білдіреді

Сауда алаңдарының, қоғамдық тамақтану пунктілерінің, сондай-ақ, әуежай жолаушылары мен келушілерінің жайлылығын арттыруға бағытталған басқа да қызметтердің заманауи және жарқын көрінісін қамтамасыз ету мақсатында, елорда әуеайлағы әлеуетті қызмет жеткізушілеріне Т2 терминалының ішкі ұшулар аумағында  алаңы шамамен 100 ш.м. сауда аймағын жобалауға, салуға және пайдалануға қызығушылық білдіруге сұрау салады. Алаңның нақты көлемі соңғы кезеңдерде анықталатын болады.

Толық ақпаратты  +7 7172 777 733, +7 7172 777 048 телефондары арқылы коммерция бөлімінен сұрауға болады.