14.12.2017
«Астана халықаралық әуежайы» АҚ жаңа терминалы төрт миллионыншы жолушыға қызмет көрсетті

2017 жылғы 1 қаңтардан бастап Астана халықаралық әуежайы 4 миллион адамға қызмет көрсетті. Құрметті төрт миллионыншы жолаушы SCAT авиакомпаниясының DV 724 рейсімен Ақтөбе қаласынан ұшып келген Алишер Сейфуллин болды. Төрт миллионыншы жолаушының аты лотерея жүргізу әдісімен, кездейсоқ анықталды. «Астана халықаралық әуежайы» АҚ Басқарма төрағасы Паоло Ричиотти БАҚ өкілдерінен лототроннан отырғызу талонының нөмірін алып шығуды ұсынды. Әуежайдың төрт миллионыншы жолаушысы SCAT авиакомпаниясынан Қазақстан бойынша 2 адамға билет, әуежайдан Ipad және басқа да ескерткіш сыйлықтарға ие болды.

«Астана халықаралық әуежайы» АҚ- тарихы сонау 1931 жылдан бастау алатын Орталық-Азия өңірінің ең заманауи әуежайларының бірі болып табылады. 2017 жылғы 5 маусымнан бастап Т1 терминалы пайдалануға енгізілді, ол халықаралық авиабағыттардағы рейстерге қызмет көрсетеді. Сондай-ақ, Т2 терминалы  ішкі бағыттар бойынша жолаушыларға қызмет көрсетеді.

2017 жылғы 1 қаңтар-30 қараша аралығында «Астана халықаралық әуежайы» АҚ жолаушылар ағынын 2016 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда халықаралық бағыттар бойынша 40% және ішкі бағыттар бойынша 17% дейін арттырды.

Қазіргі уақытта Астана халықаралық әуежайының IIIА –Азаматтық авиация халықаралық ассоциация санаты бар.

SCAT авиакомпаниясы жылына 1.8 миллионнан астам жолаушылар ағыны бар Қазақстанның ірі тасымалдаушыларының бірі болып табылды. Авиакомпания әуе кемелерінің паркі батыста өндірілген Boeing и Bombardier модельді 18 әуе кемесінен тұрады, оның он төрті авиакомпанияның меншігі болып табылады. Күн сайын авиакомпания 55 астам рейс орындайды. SCAT авиакомпаниясы 44 ішкі бағытты орындайды және ТМД, Грузия және қиыр шет елдерге бағыттық желіні табысты дамытуда. Халықаралық бағыттардың саны жиырма бестей.

SCAT авиакомпаниясы (IATA) әуе көлігінің халықаралық ассоциациясы сертификатының иегері. Аталған сертификат SCAT авиакомпаниясының азаматтық авиациядағы халықаралық қауіпсіздіктің барлық қатаң талаптарына сәйкестігін растайды.

8