19.10.2016
Астана әуежайы иесіз авиациялық құрылмаларды шығаруға мүдделі тұлғаларды шақырады

«Астана халықаралық әуежайы» АҚ әуежай аумағынан иесіз авиациялық құрылмаларды (екі әуе кеменің өтімсіз фюзеляждары, қозғалтқыштары) шығаруға мүдделі заңды тұлғаларды шақырады.

Мүдделі заңды тұлғаларға қойылатын талаптар:

  1. мүдделі заңды тұлғада металл сынықтарын жинау, қайта өндеу қызметін жүзеге асыруға арналған Қазақстан Республикасының заңнамасында қарастырылған барлық рұқсат құжаттары, бөлшектеу үшін өзіндік қабылдау пунктілері және біліктілігі жоғары мамандары және сол жерде құрылманы кесу үшін тиісті жабдығы болу қажет.
  2. Металл сынықтарын шығару өзіндік автоқұралымен жүзеге асырылады.

Қызығушылық танытқан мүдделі тұлғалар 2016 жылғы 14 қарашаға дейін жоғары аталған талаптарға сәйкес болу үшін растау құжаттарын a.kamalbek@astanaairport.kz электронды мекенжайына ұсыну қажет.

Барлық туындаған сұрақтар бойынша 8 (7172) 77-71-92 телефоны бойынша хабарласыңыз.