2.05.2017
«Астана халықаралық әуежайы» АҚ мүдделі тұлғаларды қара металл сынықтарын шығаруға шақырады

«Астана халықаралық әуежайы» АҚ 68 100 (алпыс сегіз мың) килограмм мөлшеріндегі қара металл сынықтарын әуежай аймағынан алып кетуге мүдделі заңды тұлғаларды шақырады.

Мүдделі заңды тұлғаларға қойылатын талаптар:

1. Мүдделі заңды тұлға металл сынықтарын жинау, өңдеу қызметін жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасының Заңнамасында қарастырылған барлық рұқсат беретін құжаттары болуы тиіс;
2. Өзінің қабылдау пункттері, бөлшектеу үшін біліктілігі жоғары мамандары және құралымдарды орнында кесу үшін тиісті жабдықтары болуы тиіс;
3. Шығаруды өз автокөлігімен жүзеге асыруы тиіс.
Ниеттері бар мүдделі тұлғалар 2017 жылғы 10 мамырға дейінгі мерзімде a.segizbaev@astanaairport.kz электрондық поштаға растаушы құжаттарды ұсынуы қажет.
Барлық сұрақтар бойынша 8(7172) 77-74-52 телефон арқылы хабарласуға болады.