5.09.2017
«Астана халықаралық әуежайы» арнайы техниканы сату бойынша ашық аукцион өтетінін хабарлайды

«Астана халықаралық әуежайы» АҚ 2017 жылғы 19 қыркүйекте сағат 14.00-де Астана қаласы, Әуежай 14-ПББ, «Штаб» ғимаратында арнайы техниканы сату бойынша ашық аукцион өтетінін хабарлайды. 

Меншік құқығын сату жөніндегі аукционға сауда-саттықтың голландиялық тәсілі бойынша келесі техника қойылады: 

Лоттың

Арнайы техниканың типі және маркасы

Шығарылған

жылы

Бастапқы баға,

теңге

1. TKW-63 1981 14 373 320,00

Өтінімдер ақпараттық хабарлама жарияланған күннен бастап қабылданады және 2017 жылғы 19 қыркүйекте сағат 13.00-де тоқтатылады.

150 000 (жүз елу мың) теңге көлеміндегі кепілдік жарна «Астана халықаралық әуежайы» АҚ, KZ 719 470 398 990 408 526 БСК ALFAKZKA, СТН 030 340 001 539, КБЕ–16, Астана қаласының «Альфа банк» АҚ филиалындағы есеп айырысу шотына аударылады, сондай-ақ,  Әуежай 14-ПББ, «Штаб» ғимараты мекенжайы бойынша әуежайдың кассасына төленеді.

Аукционға қатысушы ретінде тіркелу үшін келесіні ұсыну қажет:

  • сауда-саттыққа қатысуға арналған өтінім;
  • төлқұжат немесе жеке куәлік – жеке тұлғалар үшін (көшірмесі және түпнұсқасы);
  • құрылтайшы және тіркеуші құжаттардың нотариалды түрде куәландырылған көшірмелері – заңды тұлғалар үшін;
  • сауда-саттыққа қатысатын өкілге сенімхат;
  • кепілдік жарнаның төленгенін растайтын құжат (көшірмесі және түпнұсқасы);
  • акционерлік қоғамдар қосымша жарғылық капиталдағы мемлекеттің үлесі туралы, олардың акцияларын иеленетін акционерлік қоғамдар туралы ақпаратты қамтитын акционерлердің тізілімінен үзінді көшірмені ұсынады (ақпараттық хабарлама жарияланған сәтте).

Шетелдік заңды тұлғалар орыс тіліне аударылған нотариалды түрде куәландырылған құрылтайшы құжаттарды ұсынады.

Сауда-саттық өтетін және аукционға қатысуға арналған өтінімдерді қабылдайтын орын: Астана қаласы, Әуежай 14-ПББ, «Штаб» ғимараты.