7.04.2017
Астана әуежайында вокзал маңындағы алаңды жаңарту басталды

2017 жылғы 07 сәуірде вокзал маңындағы алаңды кеңейту және жолаушылардың жайлылық деңгейін көтеру жөнінде жұмыстар басталды.

Қайта жөндеу кезінде әуежай терминалы алдындағы аймақ  жолаушыларды отырғызу және түсіру кезінде ғана қолжетімді. Автомобильді тұраққа қою балама тегін тұрақта іске асады. Терминалдың жабық қорғалатын паркингі өз жұмысын бұрынғыдай жалғастырады.

«Астана әуежайындағы құрылыс жұмыстары вокзал маңындағы алаңды жаңғырту сатысына ұласты. Вокзал маңындағы алаңының жаңа жобасын құрастырғанда алдымен біздің әуежайдағы жолаушылардың ыңғайын ойладық. Қайта жөндеуден кейін тұраққа қою алаңы екі есеге үлкейеді, сондай-ақ саяхаттаушылардың уақытын үнемдеу үшін әуежайға кіру және кіреберіс автоматтарының саны өседі. Барлық мүмкіндікті қолдансақ та, жөндеу жұмыстарына байланысты ыңғайсыздықты азайтсақ та,  өкінішке орай, вокзал маңы алаңын жабуға тура келді. Біз  уақытша қолайсыздық үшін кешірім өтінеміз, жолаушыларымызға түсіністік білдіргені үшін алғыс білдіреміз!», – деді «Астана халықаралық әуежайы» АҚ Басқарма төрағасы Паоло Ричиотти.

Вокзал маңы алаңын қайта жөндеу автотұраққа 350 мәшиненің орнына  1000 автомәшинеге дейін орналастыруға мүмкіндік береді. Бұдан басқа, Астана қаласының әкімдігімен бірге тұраққа кіру және шығу кеңейтілді және жақсартылды, қоғамдық көлікке қосымша жолақтар қосылды, сондай-ақ такси тұрағы үшін арнайы аймақ қарастырылды.

Вокзал маңы алаңын жөндеу жұмыстарының басталуына байланысты жолаушыларға  Астана халықаралық әуежайына алдын ала келу ұсынылады.