2.06.2017
Астана әуежайы Бейжің қаласынан Air China авиакомпаниясының бірінші рейсін қарсы алды

2017 жылғы 01 маусымда Астана әуежайы су аркасын ұйымдастыра отырып, Бейжің-Астана бағыты бойынша өзінің бірінші рейсін орындаған әуежайдың жаңа клиенті Air China авиакомпаниясының бортын салтанатты түрде қарсы алды. Бірінші рейспен 70 адам келді. Рейстер Airbus-320 жайлы авиалайнерінде аптасына 3 рет сейсенбі, бейсенбі және жексенбі күндері орындалатын болады.

«Air China» авиакомпаниясы рейсінің ашылуына байланысты елорда тұрғындары мен қонақтары әлемнің ежелгі астанасы Бейжің қаласының көрікті жерлеріне бара алады.

«Air China» авиакомпаниясы халықаралық тұрақты рейстерді орындайтын 20 авиакомпания.

Қазақстанда өңделген жүктің және қызмет көрсетілген жолаушылардың саны жағынан «Астана халықаралық әуежайы» АҚ  екінші орынды алады. Күнделікті әуежай орта есеппен 140 астам  рейсті қабылдайды және жөнелтеді, тәуілігіне 10 000 жолаушыға қызмет көрсетеді. Астана әуежайы әуе кемесінің барлық түрлерін қабылдауға қабілетті.

IMG_7965 IMG_7972 IMG_8009