30.05.2017
Астана әуежайында Астана-Варшава жаңа бағыттың ашылуы бойынша салтанатты рәсім өтті

2017 жылғы 30 мамырда Астана әуежайы өзінің жаңа серіктесін – LOT Polish Airlines авиакомпаниясын қарсы алды, ол бүгін Астана-Варшава бағыты бойынша өзінің бірінші рейсін орындады. Астана және Варшава арасындағы тікелей тұрақты қатынасы бірінші рет ашылып отыр. Рейстер Boeing-737 жайлы авиалайнерінде аптасына 4 рет сейсенбі, бейсенбі, сенбі және жексенбі күндері орындалатын болады.

Рейстің ашылуының салтанатты рәсімі Астана әуежайы Басқармасының төрағасы               П. Ричиоттидің құттықтау сөзімен басталды, соның барысында ол бірлескен сәтті жұмысты тіледі. Сонымен қатар жаңа мүмкіндіктерді ұсынатын жаңа жолаушылар терминалы туралы және жаңа авиакомпания – елорда әуежайының дамуындағы маңызды қадам екені айтылды. Рейсті ашуға байланысты Астана әуежайында Қазақстан Республикасы Азаматтық авиация комитетінің төрағасы Т. Ластаев, әуежайдың және LOT Polish Airlines авиакомпаниясының өкілдері болды.

«LOT» авиакомпаниясы халықаралық тұрақты рейстерді орындайтын 19 авиакомпания. Астанадан Варшаваға дейінгі рейс елорда әуежайы географиялық желісінің 25 халықаралық бағыты. Қазақстанда өңделген жүктің және қызмет көрсетілген жолаушылардың саны жағынан «Астана халықаралық әуежайы» АҚ  екінші орынды алады. Күнделікті әуежай орта есеппен 140 астам  рейсті қабылдайды және жөнелтеді, тәуілігіне 10 000 жолаушыға қызмет көрсетеді. Астана әуежайы әуе кемесінің барлық түрлерін қабылдауға қабілетті.

По случаю открытия рейса в аэропорту Астаны присутствовали председатель Комитета гражданской авиации Республики Казахстан Ластаев Т., аэропорта и авиакомпании LOT Polish Airlines.

*«LOT Polish Airlines» авиакомпаниясы — әлем бойынша 70 астам бағыт бойынша жақсы жобаланған ұшулар желісі және паркінде 37 әуе кемесі бар Польшаның ұлттық авиакомпаниясы.

* «Астана халықаралық әуежайы» АҚ – Қазақстанның ірі әуежайларының бірі, 2016 жылы 3,5 млн. жолаушыға қызмет көрсетті. Варшаваға және басқа қалаларға ұшу үшін Астана әуежайын «STAR ALLIANCE» және «SKY TEAM» әлемдік жетекші авиациялық альянстарының мүшелері тандады.

IMG_7758 IMG_7798 IMG_8521