4.11.2016
Астана әуежайында «Нұр Отан» БПҰ есеп беру жиналысы өткізілді.

2016 жылғы 27 қазанда елорда әуежайында «Нұр Отан» бастапқы партиялық ұйымының есеп беру-сайлау жиналысы өтті. Жиналысқа «Нұр Отан» Астана қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Еділ Құламқадырұлы Мамытбеков, «Нұр Отан» ХДП Есіл аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ахмет Мағзұмұлы Сеитов, «Нұр Отан» ХДП Саяси кеңесінің мүшесі Ханзада Жаппасқызы Балтаева қатысты.

«Астана халықаралық әуежайы» АҚ бастапқы ұйымы 2009 жылғы қаңтарда құрылды және осы күнге 548 партия мүшесі бар. Жиналыста 5 адам «Нұр Отан» партиясының жаңа мүшесі болды.

«Астана халықаралық әуежайы» АҚ «Нұр Отан» БПҰ төрағасы –  операциялық қызмет жөніндегі басқарушы директор Ғабит Қалиұлы Тәжімұратов: «Авиакәсіпорынымыздың жұмыскерлерінен «Нұр Отан» партиясы мүшелерінің саны үнемі ұлғаюда, ол қызметкерлерге саяси өмірдің дамуына өз үлесін қосуға жол береді».

IMG_6374IMG_6380IMG_6439

Жиналыста қатысып отырған «Нұр Отан» партиясының мүшелеріне 2016 жылғы 24 қазанда «Үздік БПҰ» конкурсында Астана әуежайы Астана қаласы бойынша 1-орынға ие болғаны айтылды, ол «Нұр Отан» БПҰ белсенді жұмысының көрсеткіші болып табылады.

Партия мүшелеріне, Ғ.Қ. Тәжімұратов жасалған жұмыс туралы есебін ұсынды, соның қорытындысы бойынша әр адам өз сұрағын қоя алды.

Жиналыстың маңызды сәттерінің бірі дауыс беру арқылы – төрағаны, төраға орынбасарын, Бюро мүшелерін, «Жас Отан» жастар қанатының төрағасын, «Астана халықаралық әуежайы» АҚ «Нұр Отан» БПҰ хатшысын сайлау болып табылды. Дауыс беру нәтижесі бойынша: БПҰ төрағасы – Ғ.Қ. Тәжімұратов, БПҰ төрағасының орынбасары – Қ.А. Рыспаев, Бюро мүшелері: Б.Х. Әбуова, Р.Е. Сейтмағанбетова, Г.Д. Шамкенова, М.Ж.Байымбетов, «Жас Отан» жастар қанатының төрағасы – Ғ. Сүлеев, БПҰ хатшысы – А.О.Нсанбаева.

Кездесу аяғында партия мүшелеріне алғыс хаттар табысталды.