11.01.2018
Назар аударыңыз!

Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы ұшулар қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында және ауа райы жағдайының күрделілігіне байланысты, жұмысын 2018  жылғы 11 қаңтарда сағат 09:10-нан 17:00-ге (жергілікті уақытпен) дейін тоқтататынын хабарлайды.

Қазіргі уақытта көзге көрерлік мүмкіндігі 50 метрді, жел бағыты– 220 градусты құрайды.

Желдің жылдамдығы секундына 23 метрге дейін, желдің ұйытқуы 30 м/с дейін барады.

2018  жылғы 11 қаңтардың 10 сағат 30 минутағы жай-күйі бойынша 18 рейс кешіктірілді, соның ішінде ішкі ұшулар бойынша – 12, халықаралық ұшулар бойынша – 6. Төрт рейс тоқтатылды, соның ішінде 1 халықаралық және 3 ішкі ұшулар.