Жүк тасымалдау

Жүк перронының көлемі 8400 м², PCN 68 сапалы жабындысы бар. Жүк терминалы ғимаратының жалпы көлемі – 2200 м2, оның ішінде пайдалы көлемі — 1401 м2; биіктігі – 10,65 м. Пайдалы көлемі келесі көлемдерден тұрады:

  1. Келу қоймалары және жөнелту қоймалары —S — 950m2 кезінде, V — 3800m3;
    2. Арнайы қоймалар –S = 82,4 m2 кезінде; V = 346 m3;
    3. Тоңазытқыш камералары – S=106,8m2  кезінде; V = 342m3;
    4. Кеңселік жайлар – S = 261,7m2;
    5. Қалқан асты көлемі – S = 1064m2  кезінде; V = 7100m3   құрайды;

Өз кезегінде арнайы қоймалар қауіпті жүктерді сақтауға арналған жайлардан, S – 11 m2  және аса бағалы, «200» жүгі мен тезбүлінгіш жүктерді сақтауға арналған жайлардан, S = 48m2, тұрады.

Жүк терминалы қауіпті жүктердің келесі сыныптылықтарын сақтауға қабылдайды:

- 4-сыныптылық – 1 тоннадан көп емес;

- 8-сыныптылық – 2 тоннадан көп емес;

- 9-сыныптылық – 2 тоннадан көп емес.

Қауіпті жүктердің басқа санаттары орналастыруға және сақтауға жатпайды, немесе тиісті құжаттар ресімделген жағдайда қоймаға орналастырылмай берілуі тиіс.

Қауіпті жүкті «АХӘ» АҚ қоймасына жөнелткен кезде, межелі әуежаймен аталған жүкті қабылдау мүмкіндігін алдын ала келісу қажет.

*Қауіпті, температуралық режимді талап ететін арнайы жүктерді жөнелту кезінде, температура режимі, өлшемдері мен салмағын көрсетіп, Астана әуежайымен алдын-ала келістірілуі тиіс.

Терминалдың өткізу күші, тәулігіне 600 тонна жүкті құрайды, жүк перроны бір уақытта төрт Б-747 ӘК қабылдай алады.

                – тасымалдағыш (7-30 тн) – 5дана.

                – автотиегіш (3-10 тн) – 2 дана.

                – жүк арбалары – 15тн – 5дана

                – жүк арбалары – 7тн -35 дана.

                – багаж арбалары (до 1,8 тн) -35дана

               – электртиегіш (2 тн дейін) -2дана.

               – таспалы тиегіш – 4 дана бар.

cargo terminal

cargo terminal  insidecargo terminal