Санавиация жолаушыларын тасымалдау

Санитариялық авиация желісі бойынша жолаушыларға қызмет көрсету рәсімі

Науқас жолаушыны чартерлік рейспен тасымалдау қажет болған жағдайда әуежайдың денсаулық пунктіне +7 71 72 777-185 (тәулік бойы) телефоны арқылы хабарласу қажет, ол әуежайда науқасты қарсы алуды ұйымдастырады.

Төсек тартып жатқан науқастарды Қазақстан Республикасы аумағы бойынша тасымалдау қызметін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің  «Республикалық санитариялық авиация орталығы» шаруашылықты жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорын ұсынады.

Орталық санитариялық авиация желісі бойынша түрлі меншік нысандағы авиакомпаниялармен қарым-қатынаста, олардың ішінде «Казавиаспас» АҚ, «SCAT» АҚ, «АЭРО» АҚ, «ASPAN» авиакомпаниясы және т.б. бар.

Орталық барлық медициналық холдинг клиникаларымен, Астана және Алматы қалаларының республикалық клиникаларымен қарым-қатынас жасайды. Жоғарыда аталған клиникалардың емдеуді қажет ететін пациенттері клиника мамандарымен бірге санитариялық авиация қызметімен тасымалданады.

Орталық диспетчерінің байланыс телефондары: +7 71 72 701-702, қабылдау бөлмесі – +7 71 72 701-703, менеджер – +7 71 72 709-678.

Орталық туралы толық ақпарат «Республикалық санитариялық авиация орталығы» ШЖҚ РМК ресми ресурстарында төменде көрсетілген сілтеме бойынша орналастырылған.

http://rcsa.kz/index.php?option=com_content&view=article&id=50:na-glavnoj&catid=16&lang=ru&Itemid=277

DSC_4322-min  DSC_4325-min