Басты бет » Жаңалықтар

21.04.2017
Астана халықаралық әуежайының жаңа жолаушылар аумағында бірыңғай жарнама операторын іріктеу қорытындысы (2017.31.03 іріктеу туралы хабарландыру)

Бірыңғай жарнама операторын іріктеу

Астана халықаралық әуежайының жаңа жолаушылар аумағында бірыңғай жарнама операторын іріктеу қорытындысы бойынша «MYD Production» ЖШС жеңімпаз болып танылды.

20.04.2017
Астана әуежайы әскери шеруге дайындыққа байланысты уақытша ұшу кестесін өзгертеді

photo_124295

Астанада ҚР Қарулы күштерінің құрылғанына 25 жыл толуына орай әскери шеруді өткізу және дайындау кезінде әуе кеңістігін пайдалануға қысқа мерзімге шектеу енгізіледі. 21, 25, 26 сәуірде жергілікті уақыт бойынша сағат 09.20 – 13.00-ге дейін; 28, 29 және 02,03,04 мамырда сағат 10.00 – 13.00-ге дейін, шеруді өткізу кезінде 07 мамыр сағат 10.00 – 13.00-ге дейін елорда […]

19.04.2017
“Atlas Global” авиакомпаниясы тұңғыш рет Астана халықаралық әуежайынан Ыстамбул қаласына рейс ашады

istanbul_1_1270813674

2017 жылғы 28 сәуірден бастап тұңғыш рет «Atlas Global» авиакомпаниясы Астана халықаралық әуежайынан Ыстамбул қаласына тікелей рейс ашатынын хабарлаймыз. Аптасына 2 рейс әрбір сейсенбі және жұма күндері Airbus 320 әуе кемесімен орындалады. Астана қаласынан ұшу уақыты сағат 06:30-де,  межелі әуежайға қону уақыты сағат 08:00-де (әрбір әуежайда жергілікті уақыт бойынша). Енді Астана әуежайынан Ыстамбул қаласына дейін […]

19.04.2017
Астана әуежайы жыл сайынғы есеп беруді тыңдау өткізеді

Бірыңғай жарнама операторын іріктеу

«Астана халықаралық әуежайы» АҚ реттеліп көрсетілетін қызметтерді ұсыну бойынша 2016 жылдағы қызмет нәтижелері туралы тұтынушылар және басқа да мүдделі тұлғалардың алдында жыл сайынғы есеп беруді тыңдау өткізеді: 2017 жылғы 28 сәуірде сағат 15:00-де – «ӘК ұшуы – қонуы», «ӘК авиациялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету; 2017 жылғы 28 сәуірде сағат 16:00-де – «Электр қуатын беру және тарату», […]

13.04.2017
Астана әуежайы көктемгі-жазғы маусымдарға дайындық өткізді

Бірыңғай жарнама операторын іріктеу

«Астана халықаралық әуежайы» АҚ 2017 жылғы көктемгі-жазғы маусымдарға  белсенді дайындық өткізді. Жоспарға сәйкес, кәсіпорын қызметтері жер үсті жабдықтарын, техникаларды, механизация құралдарын, ғимараттар мен имараттардың үздіксіз жұмысын қолдау және әзірлеу бойынша ұйымдастыру-алдын алу іс-шаралар кешенін өткізеді, қызметкерлерді оқытуды жүзеге асырады. 2017 жылғы 07 сәуірде ӘОК қызметінде өртке қарсы дайындық сабақтары өткізілді. Қызметтің қызметкерлері мен мамандары жанар-жағармай […]

7.04.2017
Астана әуежайында вокзал маңындағы алаңды жаңарту басталды

01

2017 жылғы 07 сәуірде вокзал маңындағы алаңды кеңейту және жолаушылардың жайлылық деңгейін көтеру жөнінде жұмыстар басталды. Қайта жөндеу кезінде әуежай терминалы алдындағы аймақ  жолаушыларды отырғызу және түсіру кезінде ғана қолжетімді. Автомобильді тұраққа қою балама тегін тұрақта іске асады. Терминалдың жабық қорғалатын паркингі өз жұмысын бұрынғыдай жалғастырады. «Астана әуежайындағы құрылыс жұмыстары вокзал маңындағы алаңды жаңғырту сатысына […]

7.04.2017
Астана халықаралық әуежайы жазғы кестеге көшті

06

«Астана халықаралық әуежайы» АҚ жазғы кестесінде рейстер 46 бағыт бойынша, оның ішінде 7 алғаш рет жасалады. 5 жаңа авиакомпаниялар – «LOT Polish Airline», «Finnair», «Wizz Air», «Air China», «Ural Airlines» Астана халықаралық әуежайы жазғы мезгіл жаңа ұшу кестесіне көшті, ол 2017 жылғы 28 қазанға дейін әрекет етеді. Жазғы кесте 46 бағыт бойынша рейстерден тұрады, оның […]

31.03.2017
Бірыңғай жарнама операторын іріктеу

Бірыңғай жарнама операторын іріктеу

«Астана халықаралық әуежайы» АҚ 2017 жылғы 31 наурыз – 14 сәуір аралығында өтетін Астана қаласы әуежайының жаңа салынып жатқан терминалы аумағында Бірыңғай жарнама операторын іріктеуге қатысу үшін өтінім қабылдаудың басталғаны туралы жариялайды. Толық ақпаратты қоса берілген құжаттардан табуға болады. Анықтама телефондары: +7 (7172) 777-733, 777-898. 1.Іріктеу бойынша құжаттама 2.Жалпы ақпарат 3.Өтініш

7.03.2017
Жаңа жолаушылар терминалында қызметті жүзеге асыру үшін жарнама операторын іздеу

Бірыңғай жарнама операторын іріктеу

«Астана халықаралық әуежайы» АҚ (бұдан әрі – Қоғам) Астана халықаралық әуежайының жаңа жолаушылар терминалы аумағында қызметті жүзеге асыру үшін жарнама операторын тез іріктеу туралы жариялайды. Қоғамды санды технология қолдана отырып, жоғары сапалы жарнама ұсынатын компаниялар қызықтырады. Жарнама операторының расталған жұмыс тәжірибесі, сондай-ақ халықаралық бренд ұсынатын клиенттердің көптеген деректер базасы болуы керек. Анықтама телефондары: +7 (7172) […]

1.03.2017
Астана әуежайында мүгедектерге арналған жайлылық және қолжетімділік тексерілді

IMG_8682

2017 жылғы 27 ақпанда «Нұр Отан» партиясының Астана қалалық филиалы (Есіл ауданы) қоғамдық жұмысының барлық саласында мүмкіндіктері шектеулі адамдарды қолдауға бағытталған «Кедергісіз келешек» – «Будущее без барьеров» партиялық жоба аясында «Астана халықаралық әуежайы» АҚ аумағында кездесу өткізді. Іс-шара мүгедектер мен халықтың қауқары аз топтары үшiн кешендік қолжетімділігіне Әуежайды мониторингтеу мақсатында, сонымен қатар мүмкіндіктері шектеулі адамдар […]

20.02.2017
Астана халықаралық әуежайында арнайы-тактикалық оқу-жаттығулар өткізілді

Астана халықаралық әуежайында арнайы-тактикалық оқу-жаттығулар өткізілді

2017 жылғы 16 ақпанда «Астана халықаралық әуежайы» АҚ аумағында елордалық өрт сөндіру қызметі Әуежайдың қызметтерімен бірлесіп «Елорда әуежайының қауіпсіздігі және жайлылығы» кешендік жоспарын орындау аясында арнайы-тактикалық оқу-жаттығулар өткізді. Іс-шара мақсаты – басқару органдарының іс-әрекеттерін, жасақтар басшыларының тәжірибесі мен дағдыларын жетілдіру, жеке құрамды төтенше жағдайлар салдарын жою кезінде шебер іс-әрекеттерге дығдылау, сонымен қатар әуежай жасақтарының дайындық […]

13.02.2017
№ 1 және № 2 лоттар бойынша қорытындылар (2016 жылғы 06 желтоқсандағы іріктеу туралы хабарландыру)

02

Астана халықаралық әуежайының жаңа жолаушылар терминалында коммерциялық қызметті жүзеге асыру үшін жеткізушілерді іріктеу қорытындысы бойынша № 1, № 2 лоттар бойынша келесі үміткерлер жеңімпаз болып танылды: ▪ № 1 лот – Стерильді аймақ, ауданы – 1 225,93 ш.м.; Жеңімпаз – “Дьюфри Централ Эйжа” ЖШС. ▪ № 1 лот – Жалпы аймақ, ауданы – 100,04 ш.м.; […]

13.02.2017
Әуежайдың еңбек ұжымында ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауын талдау

IMG_7386

2017 жылғы 09 ақпанда Астана халықаралық әуежайының еңбек ұжымында 2017 жылғы 31 қаңтардағы ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауын талдау ұйымдастырылды. Іс-шараға әуежайдың еңбек ұжымы, сондай-ақ ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Павел Казанцев, «Нұр Отан» партиясының Есіл аудандық филиалы төрағасының орынбасары Ахмет Сеитов, «Нұр Отан» партиясы саяси кеңесінің мүшесі Ханзада […]

6.02.2017
Жаңа жолаушылар терминалына іріктеудің қорытындысын шығару күнін өзгерту

selection results

«Астана халықаралық әуежайы» АҚ жаңа жолаушылар терминалы аумағында коммерциялық қызметті жүзеге асыру құқығына іріктеудің қорытындысын шығару күнін өзгерткені туралы жариялайды. Іріктеу қорытындысын шығару күні: 2017 жылғы 13 ақпан. Анықтама телефондары: +7 (7172) 777-733, 777-898.

1.02.2017
Алғашқы рет: «Скат» авиакомпаниясы Талдықорған қаласына рейс ашады

TDK_murat_urikbayev_taldykorganairport_pv84z62qml

2017 жылғы 6 ақпаннан бастап авиакомпания өз тарихында алғашқы рет Астана әуежайынан Талдықорған қаласына ұшуларды жүзеге асыратын болады. Рейстер аптасына 4 рет ұшатын CRJ200 авиалайнерінде төмендегі кесте бойынша орындалатын болады: Рейстің нөмірі Бағыты Ұшатын күндері Ұшақтың типі Ұшып шығу уақыты Ұшып келу уақыты DV-795 Астана-Талдықорған-Астана Дүйсенбі CRJ200 15-40 17-00 DV-795 Астана-Талдықорған-Астана Сейсенбі, Жұма, Сенбі CRJ200 […]

25.01.2017
Жаңа жолаушылар терминалына іріктеудің қорытындысын шығару мерзімін өзгерту

Бірыңғай жарнама операторын іріктеу

Берілген өтініштер санының көп болуына, сондай-ақ оларды өңдеу үшін қосымша уақыттың қажеттілігіне байланысты, «Астана халықаралық әуежайы» АҚ жаңа жолаушылар терминалы аумағында коммерциялық қызметті жүзеге асыру құқығына іріктеудің қорытындысын шығару мерзімін өзгерту туралы жариялайды. Іріктеу қорытындысын шығару күні: 2017 жылғы 01 ақпан. Анықтама телефондары: +7 (7172) 777-733, 777-898.

13.01.2017
№ 1 және №2 лоттар бойынша іріктеудің нәтижесі (2016 жылғы 26 желтоқсандағы іріктеу туралы хабарландыру)

Бірыңғай жарнама операторын іріктеу

№ 1 және №2 лоттар бойынша қолданыстағы жолаушылар терминалы аумағында төлем терминалдары мен вендингтік аппараттарды орналастыру үшін орындарды жалға алу құқығына іріктеу нәтижесі бойынша жеңімпаз болып келесі үміткерлер танылды: 1-лот  Төлем терминалдары: “Империя” ЖК “QPAY (КЮПЕЙ)” ЖШС 2-лот Вендингтік аппараттар: “Ишим” ЖК

10.01.2017
№ 1 және № 2 лоттар бойынша ұсыныстары бар хатқалталарды ашу қорытындылары (2016 жылғы 06 желтоқсандағы іріктеу туралы хабарландыру)

Бірыңғай жарнама операторын іріктеу

Сараптама комиссиясы ұсыныстары бар хатқалталарды ашу қорытындылары бойынша келесі үміткерлердің ұсыныстарын қарауға жіберетінін шешті: «Сеитова» ЖК «Ремесло народов Казахстана» ЖШС «Сатти Астана 2011» ЖШС «Береке Дюти Фри» ЖШС «Дьюфри Централ Эйжа» ЖШС «Арабика А» ЖШС «Асанова Б.А.» ЖК «I.Caffe» ЖШС «La Tartine» ЖШС «HRTS» ЖШС және «Coffee CTS Group» ЖШС-нан туратын консорциум «Приоритет Астана» ЖШС […]

29.12.2016
2016 жылғы 06 желтоқсандағы жаңа жолаушылар терминалында коммерциялық алаңдарды жалға алуды іріктеу туралы хабарландыруға қосымша

Бірыңғай жарнама операторын іріктеу

«Астана халықаралық әуежайы» АҚ (бұдан әрі – Қоғам) түсіп жатқан өтінімдер көлемінің көптігіне байланысты, «Ұсыныстары бар хатқалтаны ашу Қоғам отырысында өтетін болады. Хатқалтаны ашудың нәтижелері, сондай-ақ қарауға өткен үміткерлер тізімі веб-сайтта жарияланатын болады» іріктеу туралы құжаттардың 3-тармағына өзгерістер енгізу туралы хабарлайды.

28.12.2016
Қолданыстағы жолаушылар терминалы аумағында төлем терминалдары мен вендингтік аппараттарды орналастыру үшін коммерциялық алаңдарды жалға алушыларды іріктеу

Бірыңғай жарнама операторын іріктеу

Астана халықаралық әуежайының қолданыстағы жолаушылар терминалы аумағында төлем терминалдары мен вендингтік аппараттарды орналастыру үшін орындарды жалға алу құқығын алуға арналған іріктеуге қатысу үшін жеткізушілерінен ұсыныстарды қабылдау басталғаны туралы жариялайды. Толық ақпаратты қоса берілген құжаттардан табуға болады. Анықтама телефондары: +7 (7172) 777-733, 777-898. Лот-1 Вендингтік аппараттар 1. Іріктеу құжаттамасы 2. Жеңімпазды анықтау өлшемшарттары 3. Жалпы ақпарат […]

26.12.2016
№ 3 лот бойынша iрiктеу нәтижелерi

Бірыңғай жарнама операторын іріктеу

«Астана халықаралық әуежайы» АҚ № 3 лот-гүл өнімдері киоскі бойынша Астана халықаралық әуежайы аумағында коммерциялық қызметті жүзеге асыру құқығына қызмет жеткізушілерін іріктеу өткізілген жоқ деп танылғаны туралы жариялайды.

22.12.2016
Жаңа жолаушылар терминалына іріктеуге қатысу үшін ұсыныстарды қабылдау мерзімін өзгерту

Бірыңғай жарнама операторын іріктеу

Астана халықаралық әуежайы жаңа жолаушылар терминалы аумағында коммерциялық қызметті жүзеге асыру құқығына іріктеуге қатысу үшін қызмет жеткізушілерінен ұсыныстарды қабылдау мерзімі 2017 жылғы «6» қаңтар Астана уақытымен 18:00-ге дейін ұзартылады. Ұсыныстары бар хатқалталарды ашу күні, уақыты және орны. Үміткерлердің ұсыныстары бар хатқалтаны ашу бойынша комиссия отырысы 2017 жылғы 09 қаңтар Астана уақытымен сағат 14:30-да Астана қаласы, […]

21.12.2016
№ 1 және №2 лоттар бойынша іріктеудің нәтижесі(2016 жылғы 30 қараша бойынша іріктеу туралы хабарландыру)

Бірыңғай жарнама операторын іріктеу

№ 1 және №2 лоттар бойынша Астана халықаралық әуежайының қолданыстағы терминалында коммерциялық қызметті жүзеге асыру үшін қызмет жеткізушілерін іріктеу нәтижесі бойынша жеңімпаз болып келесі үміткерлер танылды: ▪ Лот № 1 –  “HRTS” ЖШС және “Airfood” ЖШС; ▪ Лот № 2 – “Salon del gusto” ЖШС және “Бургер и Паста” ЖШС консорциумы.

8.12.2016
2017 жылғы 01 қаңтардан бастап әуе кемелеріне арналған отынды сақтау және сұйыққоймаларды жалдау құқығына тендерді өтпейтіндігі туралы

Бірыңғай жарнама операторын іріктеу

«Астана халықаралық әуежайы» АҚ 2017 жылғы 01 қаңтардан бастап әуе кемелеріне арналған отынды сақтау және сұйыққоймаларды жалдау құқығына тендерді өткізбейтіні туралы хабарлайды. Ұсыныстары бар пакеттер келесі мекенжай бойынша қайтарылады: Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғ. 119, жолаушылар терминалының ғимараты, 2042-кабинет.

6.12.2016
Жаңа жолаушылар терминалы бойынша коммерциялық алаңдарды жалдаушыларды іріктеу

Risunok1-100x100

«Астана халықаралық әуежайы» АҚ жаңа жолаушылар терминалы аймағында коммерциялық қызметті жүзеге асыру құқығын алуға арналған  іріктеуге қатысу үшін жеткізушілерінен ұсыныстарды қабылдау басталғаны туралы жариялайды. Толық ақпаратты және ашық іріктеуге шығарылған әр лоттың сипаттамасын қоса берілген құжаттардан табуға болады. Коммерциялық алаңдардың орналасу сұлбасы 2016 жылғы 08 желтоқсанда Астана қаласының уақыты бойынша сағат 18.00-де орналастырылады. Анықтама телефондары: […]

30.11.2016
Коммерциялық алаңдарды жалға алушыларды іріктеу

Бірыңғай жарнама операторын іріктеу

«Астана халықаралық әуежайы» АҚ қызмет жеткізушілерінен Астана халықаралық әуежайының қолданыстағы асхана ғимараты мен жолаушылар терминалында коммерциялық қызметті жүзеге асыру құқығын алу үшін іріктеуге қатысуға ұсыныстарды қабылдау басталғаны туралы жариялайды. Толық ақпаратты және ашық іріктеуге шығарылған әр лоттың сипаттамасын қоса берілген құжаттардан табуға болады. Анықтама телефондары: +7 (7172) 777-733, 777-898. № 1 және № 2 лоттар […]

25.11.2016
Астана әуежайы қар тазалайтын арнайы техниканы сатып алды

Снегоочиститель

Ағымдағы жылғы қарашада елорда әуежайы қолданыстағы қар тазалайтын техника паркін «SCHMIDT» неміс компаниясы шығарған жаңа шағын өнімділігі жоғары әуеайлақтық сыпырғыш-үрлегіш екі машинамен толықтырды. Аталған арнайы көлік қарсы алды қар тазалағыш қайырмамен, өсаралық щеткамен және ауа үрлегішпен жабдықталған. Қар тазалайтын техниканың маневрлілігі ұшу алаңындағы қарды ғана емес, сонымен қатар перрондағы және вокзал маңы алаңындағы қарды тазалау […]

24.11.2016
Астана әуежайы отынды сақтау және сұйыққоймаларды жалдау құқығына конкурс өткізетіні жөнінде хабарлайды

ТКА

Іріктеу рәсіміне қатысуға ұсыныс беру мерзімі 2016 жылғы 24 қараша-7 желтоқсан аралығы.  Хабарландыру «Астана халықаралық әуежайы» АҚ екі сұйыққойманы жалға беру үшін қызмет жеткізушілерінен ұсыныстар қабылдау басталғаны туралы   хабарлайды. №1 лот  – Сұйыққойма көлемі 700 м3; №1 ЛОТ №2 лот  – Сұйыққойма көлемі 700 м3. №2 ЛОТ Толық ақпаратты және әр лоттың сипаттамасын қоса берілген […]

4.11.2016
Астана әуежайында «Нұр Отан» БПҰ есеп беру жиналысы өткізілді.

IMG_6396

2016 жылғы 27 қазанда елорда әуежайында «Нұр Отан» бастапқы партиялық ұйымының есеп беру-сайлау жиналысы өтті. Жиналысқа «Нұр Отан» Астана қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Еділ Құламқадырұлы Мамытбеков, «Нұр Отан» ХДП Есіл аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ахмет Мағзұмұлы Сеитов, «Нұр Отан» ХДП Саяси кеңесінің мүшесі Ханзада Жаппасқызы Балтаева қатысты. «Астана халықаралық әуежайы» АҚ бастапқы ұйымы […]

19.10.2016
Астана әуежайы иесіз авиациялық құрылмаларды шығаруға мүдделі тұлғаларды шақырады

IMG_3906

«Астана халықаралық әуежайы» АҚ әуежай аумағынан иесіз авиациялық құрылмаларды (екі әуе кеменің өтімсіз фюзеляждары, қозғалтқыштары) шығаруға мүдделі заңды тұлғаларды шақырады. Мүдделі заңды тұлғаларға қойылатын талаптар: мүдделі заңды тұлғада металл сынықтарын жинау, қайта өндеу қызметін жүзеге асыруға арналған Қазақстан Республикасының заңнамасында қарастырылған барлық рұқсат құжаттары, бөлшектеу үшін өзіндік қабылдау пунктілері және біліктілігі жоғары мамандары және сол […]

13.10.2016
Астана әуежайы 2016-2017 жылғы күзгі-қысқы навигацияға дайындалуда

DSC_0010

2016 жылғы 30 қазаннан бастап Астана әуежайы күзгі-қысқы навигациясына көшеді. Бұл дегеніміз, әуежайдың барлық қызметтері күзгі-қысқы кестеге көшу сатысында. Күзгі-қысқы навигациясы басталуына дейін 1,5-2 ай бұрын басталатын іс-шаралардың кешені. Бұл ретте арнайы техникаға, механизацияға, әуеайлақты және ұшу-қону жолағын күтіп ұстауға, оны төмен температура және жаман көрініс жағдайларында ұшу жарамдығында ұстау үшін қажетті құралдарға ерекше көңіл […]

13.10.2016
Астана әуежайында «Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде» атты дөңгелек үстел өткізілді

IMG_7322

2016 жылғы 11 қазанда Астана қаласы әкімдігінің «Астана қаласы тілдерді дамыту басқармасы» ММ орыстілді азаматтар үшін «Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде» атты мемлекеттік тілді насихаттауға арналған дөңгелек үстел өткізді. Іс-шараға Қазақстанға еңбегі сіңген қайраткер Досмахамбет Қалмаханұлы Көшім, белгілі қоғам қайраткері Оразкүл Асанғазықызы, «Астана медицина университеті» АҚ профилактикалық медицина кафедрасының профессоры Мұхамбедия Ахметов және «Астана халықаралық әуежайы» АҚ […]

3.10.2016
Астана әуежайында «Books and Gifts» сыйлықтар дүкені ашылды

IMG_5811

2016 жылғы 3 қазанда Астана әуежайында «Books and Gifts» ерекше сыйлықтар және баспа өнімдерінің дүкені жолаушларға өз есігін айқара ашты. Дүкенде кезеңдік баспа өнімдері, түрлі жанрдағы әдебиет, балаларға арналған ойыншықтар, дамытпалы материалдар, мобильді керек-жарақтар, саяхат пен демалуға арналған арнайы тауарлар, гигиена және косметика құралдары, қазақстандық трикотаж өнімдері, сондай-ақ отандық және шетел өндірушілерінің кондитер тағамдары бар. […]

26.09.2016
Астана әуежайында «Мемлекеттік тіл – ел бірлігінің кепілі» атты жарыс сабақ өтті

IMG_7210

1998 жылдың 20 қаңтарында елімізде ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Жарлығымен 22 қыркүйек – Қазақстан халқы тілдерінің күні болып жарияланды. Тіл мерекесіне орай 2016 жылғы 23 қыркүйекте Астана халықаралық әуежайында іс қағаздарын жүргізушілер арасында «Мемлекеттік тіл – ел бірлігінің кепілі» атты жарыс сабақ өткізілді. Жарыс сабақтың мақсаты – Тілдер мерекесін дәріптеу, тыңдаушылардың мемлекеттік тілді меңгерудегі қызығушылығын […]

24.09.2016
Елорда әуежайы «Астана – таза, қауіпсіз және жасыл қала» сенбілігін өткізді

IMG_5612

2016 жылғы 09 қыркүйек – 09 қазан аралығында елорда әкімі жариялаған экологиялық айлықты өткізу бойынша қалалық акция және абаттандыру, көгалдандыру және санитариялық тазалау бойынша қалалық сенбілік аясында 2016 жылғы 24 қыркүйекте елорда әуежайының қызметкерлері «Астана – таза, қауіпсіз және жасыл қала» атты күзгі дәстүрлі іс-шараға белсене қатысты. Тек қана көрсетілетін қызмет сапасымен ғана емес, аумақты […]

22.09.2016
Астана әуежайы Паралимпиада ойындарының делегациясын қарсы алады

IMG_7188

2016 жылғы 22 қыркүйек сағат 04:35-те Астана халықаралық әуежайына Амстердамнан Қазақстанның паралимпиадалық спорт делегациясы бар ұшақ келіп қонды. 2016 жылғы 7-18 қыркүйек аралығында Рио-де-Жанейро қаласында (Бразилия) Қазақстан спортшылары қатысқан XV Паралимпиадалық ойындары өтті. Осы жолы ел намысын 5 спорт түрінде Қазақстанның 11 паралимпиадашысы қорғады. Лондонда өткен Паралимпиада ойындарында Қазақстаннан 7 атлет қатысқан еді. Алтын медаль […]

15.09.2016
Астана әуежайында жүк инфрақұрылымын дамыту

IMG_6891

2016 жылғы 15 қыркүйектен бастап Астана әуежайында Астана арқылы келіп түсетін жүктер мен тауарларды кедендік ресімдеуге арналған кеден бекетінің ғимараты пайдалануға енгізілді. Аталған кеден бекеті елордалық әуежайда кедендік рәсімдерден өтуді оңайлату мақсатында құрылған. Ғимараттың ауданы 270 ш.м. құрайды. Кеден пунктінде келушілер үшін қызмет көрсетуге ыңғайлылық жасайтын электрондық кезек қарастырылған. Ресепшен аймағында келушілерді қызықтыратын мәселелер бойынша […]

29.08.2016
А380 Астана әуежайына амалсыздан қонды

Air France for website

Air France авиакомпаниясының әлемдегі ең үлкен А380 жолаушылар ұшағы            Астана әуежайына амалсыздан қонды 29 тамызда таңертең Астана әуежайына тұңғыш рет Гонконг – Париж бағытындағы Air France авиакомпаниясының әлемдегі ең үлкен Airbus А380 жолаушылар ұшағы шұғыл қонды. Қону себебі жолаушылардың бірінің денсаулығы нашарлауы болды. Airbus А380 ұшағы экипажының командирі бүгін ерте […]

25.08.2016
Астана әуежайы Олимпиада чемпиондарын салтанатты түрде қарсы алды

rio_2016_0

2016 жылғы 24 тамызда елорда әуежайы Рио-де-Жанейро-Амстердам-Астана ұзақ жолдан кейін Олимпиада-2016 қазақстандық чемпиондарды күтіп алды. Астана әуежайы ірі спорт жарыстарына үнемі қолдауды қамтамасыз етеді. Сонымен бірге, қонақтарды күтіп алуда халықаралық стандарттарға сәйкес айтарлықтай тәжірибесі бар. Елорда әуежайы чемпиондарды жеңісімен құттықтайды және елімізге сыйлаған қуаныштарына алғысын білдіреді.  

22.08.2016
Астана әуежайында «Балаларды мектепке дайындайық!» жылсайынғы қайырымдылық акциясы өтті

IMG_6421 (1)

Елордалық әуежай  дәстүрлі,  2016 жылғы 19 тамызда, жаңа оқу жылы басталар алдында «Балаларды мектепке дайындайық!» атты жалпы республикалық қайырымдылық акциясын ұйымдастырды. Оның мақсаты көп балалы, аз қамтылған және толық емес отбасылары бар қызметкерлерге балаларды мектепке дайындауға қолдау көрсету. Акция Астана әуежайының бюджетінде қарастырылған арнайы бөлінген қаражатпен қаржыландырылды. Бірінші рет мектепке баратын балаларға ерекше назар аударылды. […]

19.08.2016
Астана әуежайында «Barista Coffee Bar» ашылуы

IMG_20160812_102129

2016 жылғы 16 тамызда Астана халықаралық әуежайының ішкі ұшулар залында елорда тұрғындары мен қонақтары үшін «Barista Coffee Bar» кофе-бары ашылды. Бар бірегей кофе картасын және үздік баристашылардың классикалық және авторлық сусындарын ұсынады. Мәзірде: үй десерті, шай сусындары және жаңадан сығылған сусындар. Ең кішкентай жолаушыларға «Barista Coffee Bar» кофе-бары балалар бұрышымен жабдықталған. Енді «Barista Coffee Bar» […]

12.08.2016
Тамақ қауіпсіздігі – елорда әуежайының ең маңызды басымдылығының бірі

World food safety

Астана әуежайы Тамақ қауіпсіздігі жөніндегі халықаралық басшылықтың стандарттарын ендірді. Аталған басшылықты Халықаралық борттық қызмет көрсету ассоциациясы (Flight Services Association) және Еуропалық авиажелілер ассоциациясы (Association of European Airlines) әзірледі. Халықаралық борттық қызмет көрсету ассоциациясы әлемдік кәсіби ассоцияция болып табылады және борттық тамақтандыру, тұрақты бағыттар бортында қызмет көрсету жөніндегі қызмет жеткізушілердің, авиакомпаниялардың қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін құрылды. Халықаралық […]

8.08.2016
Астана әуежайы 2016 жылдың І жартыжылдық жұмыстарының қорытындыларын шығарды

вид терминала с привокзальной площади 4

Астана әуежайының жұмысының қорытындысы бойынша  2016 жылғы І жартыжылдықта жолаушылар ағыны 1,5 млн. адамды құрады, бұл өткен жылдың сол кезеңімен салыстырғанда 5%  артық. 2016 жылдың 6 айында ішкі бағыттар бойынша жолаушылардың жалпы көлемі 1 млн. астам адамды құрады (2015 жылға қарағанда 11%-ға  өскен). Аса талап етілетін бағыттар Алматы, Шымкент және Ақтау болып табылады. 2016 жылдың […]

2.08.2016
Астана әуежайы жаңа жолаушылар терминалына серіктестерді іздейді

02

2017 жылы Астана әуежайы алаңы 47 000 ш.м. құрайтын жаңа жолаушылар терминалының құрылысын аяқтауды жоспарлап отыр. Қазіргі уақытта авиакәсіпорын коммерциялық алаңдарды бөлу тұжырымдамасын әзірлеу бойынша жұмыс жүргізуде. Сауда алаңдарының, қоғамдық тамақтану пунктілерінің, сондай-ақ, әуежай жолаушылары мен келушілерінің жайлылығын арттыруға бағытталған басқа да қызметтердің заманауи және жарқын көрінісін қамтамасыз ету мақсатында, елорда әуеайлағы мүдделі тұлғаларға қызығушылық білдіруге […]

22.07.2016
Астана әуежайында Басқарма төрағасы тағайындалды

FullSizeRender

«Airport Management Group” басқарушы компанияның шешімімен «Астана халықаралық әуежайы» АҚ Басқармасының төрағасы болып Паоло Ричиотти тағайындалды. Италия азаматы Паоло Ричиотти өз еңбек жолын 1974 жылы «Nigeria Airways» Ltd авиакомпаниясында (Рим қаласы, Италия) бастады. Азаматтық авиация саласында жұмыс істеген Паоло Ричиотти қатардағы менеджерден бастап «Cathay Pacific Airways», «SEA Aaerporti Milano», «SEA Handling Spa», «Astra Air Charter» […]

21.07.2016
№ 9 лот бойынша iрiктеу нәтижелерi

лого

Астана халықаралық әуежайы асханасының ғимараты мен жолаушылар терминалында коммерциялық қызметті жүзеге асыру үшін қызмет жеткізушілерді іріктеу нәтижесі бойынша № 9 лот бойынша «OTAN SUPPLIER (ОТАН САППЛАЙЕР)» ЖШС және «Приоритет-Астана» ЖШС Консорциумы жеңімпаз деп танылды.

20.07.2016
№ 9 лот бойынша жеңімпазды хабарлаудың мерзімі өзгеруі

лого

Үміткерлер ұсынған мәліметтерді нақтылау қажеттілігіне байланысты, асхананың ғимараты мен жолаушылар терминалында коммерциялық қызметті жүзеге асыру үшін қызмет жеткізушілерді іріктеудің жеңімпаздарын хабарлау 2016 жылғы 22 шілдеге дейін қалдырылды.

18.07.2016
Астана халықаралық әуежайынан Балхаш қаласына алғашқы рет

280px-Balkhash-center

2016 жылғы 18 шілдеден бастап «Южное небо» авиакомпаниясы алғашқы рет Астана халықаралық әуежайынан Балхаш қаласына дүйсенбі, сәрсенбі, жұма  сайын аптасына үш рейстік жиілікпен ұшатын тікелей рейс ашады. Рейстер AН-24 авиалайнерінде орындалады. Астана қаласынан ұшып шығу уақыты сағат 14:40-та, межелі әуежайға ұшып келу уақыты сағат 16:15-те. Жолдағы уақыты 1 сағат 35 минут. Анықтама:                                                                                                                                «Оңтүстік аспаны» әуе компаниясы 2014 […]

15.07.2016
№ 2 және № 6 лоттар бойынша iрiктеу нәтижелерi

лого

Астана халықаралық әуежайы асханасының ғимараты мен жолаушылар терминалында коммерциялық қызметті жүзеге асыру үшін қызмет жеткізушілерді іріктеу нәтижесі бойынша № 2 және № 6 лоттар бойынша келесі үміткерлер жеңімпаз деп танылды: ▪ № 2 лот – ЖК «Малыбаева»; ▪ № 6 лот – «I.Caffe» ЖШС.

12.07.2016
Астана әуежайы «Жібек жолы» раллиінің қатысушылары мен қонақтарын қарсы алады

IMG_5803

Астана әуежайының жанында ұйымдастырылған шатырлы қалашықта 1500 адам бар, олардың шамамен 1000 адамы – ралли қатысушылары, қалғандары – ұйымдастырушылық комитеттің, техникалық қызметтердің жұмыскерлері және басқалар. Шатырлы қалашықтың орны 5 га құрады. Алаң қоршалып, қажетті коммуникациямен қамтамасыз етілді: электрмен қоректендіру көзі қосылды, суық және ыстық су ұйымдастырылды. 6 ұшақ пен 8 тікұшақ Астана әуежайы әуеайлағы перронындағы […]

8.07.2016
Қызығушылықты білдіруге сұрау салу

061

«Астана халықаралық әуежайы» АҚ мүдделі тұлғаларға мақсаты халықаралық рейстермен ұшып кететін және келетін жолаушыларға, сондай-ақ қарсы алушы және шығарып салушы тұлғаларға қызмет көрсету болып табылатын жаңа жолаушылар терминалының салынып жатқаны туралы хабарлайды. Жоспарланып отырған қызметтер тізбесі келесі қызметтермен шектелмейді, керісінше қамтиды: Бөлшек сауда дүкендері; Қоғамдық тамақтану пунктілері; Трансфер қызметтері / такси / лимузин қызметі; Бажсыз […]

8.07.2016
«Астана халықаралық әуежайы» АҚ футбол бойынша турнирлердің тұрақты қатысушысы.

IMG_5496

Маусым айында елорда әуежайының қатысуымен төрт турнир өткізілді. «Астана халықаралық әуежайы» АҚ бірнеше рет шағын футбол бойынша турнирлерді өткізу орны бола отырып, қала және тұтас алғанда Республика футболының өміріне белсеңді қатысады. Бұл авиакәсіпорын үшін игі дәстүрге айналды. Астана әуежайы өткізілген турнирлердің көшбасшысы болды. 1 орынға Астана қаласы Есіл ауданы «Нұр Отан» партиясы төрағасы турнирінің 9 […]

1.07.2016
2016 жылғы 24 маусымдағы коммерциялық алаңдарды жалдаушыларды іріктеу туралы хабарландыруға өзгерістер

лого

№ 9 лоттар бойынша келесі өзгерістер болды: 1) Белгіленген жалдау төлемі өзгертілді (1-қабат) – ҚҚС-ны және коммуналды қызметтерді (электр қуаты, сумен жабдықтау және канализация) есептемегенде 1 шаршы метр үшін айына 2053,57 (екі мың елу үш) теңге 57 тиын; (2-қабат) – ҚҚС-ны және коммуналды қызметтерді (электр қуаты, сумен жабдықтау және канализация) есептемегенде 1 шаршы метр үшін […]

27.06.2016
Алғaшқы рет Астана әуежайынан Сочиге

сочи-отель

SKY BUS авиакомпаниясы алғашқы рет 2016 жылғы 27 маусымнан бастап Астанадан Сочиге апта сайынғы рейсін орындайды. Астана әуежайынан болатын ұшулар Bombardier CRJ-100 жайлы лейнерлерінде жүзеге асырылады. Рейс нөмірі Бағыт Ұшу * Ұшып келу * Күндері BYK-2373 Астана-Сочи 17:05 17:50 Әр дүйсенбі BYK-2365 Сочи-Астана 18:50 01:25 Әр сейсенбі  *жергілікті уақыт SKY BUS авиакомпаниясы 2008 жылы құрылған, […]

24.06.2016
Коммерциялық алаңдарды жалға алушыларды қайтадан іріктеу

лого

«Астана халықаралық әуежайы» АҚ № 2, № 6, № 9 лоттары бойынша Астана халықаралық әуежайының қолданыстағы жолаушылар терминалында және асхана ғимаратында коммерциялық қызметті жүзеге асыру құқығын алуға арналған  іріктеуге қатысу үшін қызмет жеткізушілерінен ұсыныстарды қабылдау басталғаны туралы қайта жариялайды. Толық ақпаратты және ашық іріктеуге шығарылған әр лоттың сипаттамасын қоса берілген құжаттардан табуға болады. Анықтама телефондары: […]

17.06.2016
№ 6, 8, 10 лоттар бойынша iрiктеу нәтижелерi

лого

Астана халықаралық әуежайы асханасының ғимараты мен жолаушылар терминалында коммерциялық қызметті жүзеге асыру үшін қызмет жеткізушілерді іріктеу нәтижесі бойынша № 6, № 8, № 10 лоттар бойынша келесі үміткерлер жеңімпаз деп ▪ № 8 лот – «Assorti Astana» ЖШС; ▪ № 10 лот – «Сәтті Астана 2011» ЖШС. № 6 лот бойынша іріктеу өткізілген жоқ деп […]

17.06.2016
Астана әуежайындағы мемлекеттік тіл

IMG-20160617-WA0006

Қанымызға сіңісті, жанымызға жұғысты, ой-санамызға нұрлы шуақ сыйлап, сілкіндіріп серпілтетін, марқайтып қанаттандыратын өзіміздің мемлекеттік тіліміз. «Астана халықаралық әуежайы» АҚ жолаушыларға мемлекеттік тілде сапалы қызмет көрсету мақсатында мемлекеттік тілді оқыту сабақтарын тұрақты негізде ұйымдастырады. Мемлекеттік тілді оқыту сабақтары 2015 жылғы 01 қазаннан – 2016 жылғы 10 маусым аралығында ұйымдастырылды. Бастауыш, жалғастырушы, жоғары деңгей бойынша 7 топ құрылып, […]

16.06.2016
№ 1, № 3 және № 5 лоттар бойынша іріктеу нәтижелерi

лого

Астана халықаралық әуежайы асханасының ғимараты мен жолаушылар терминалында коммерциялық қызметті жүзеге асыру үшін қызмет жеткізушілерді іріктеу нәтижесі бойынша № 1,  № 3 және № 5 лоттар бойынша келесі үміткерлер жеңімпаз деп танылды: ▪ № 1 лот – ЖК «Мамаева»; ▪ № 3 лот – «I.Caffe» ЖШС; ▪ № 5 лот –  «Республика Кофе» ЖШС.  

15.06.2016
№ 2, № 4, № 7 және № 9 лоттар бойынша iрiктеу нәтижелерi

лого

Астана халықаралық әуежайы асханасының ғимараты мен жолаушылар терминалында коммерциялық қызметті жүзеге асыру үшін қызмет жеткізушілерді іріктеу нәтижесі бойынша № 2, № 4, № 7 және № 9 лоттар бойынша келесі үміткерлер жеңімпаз деп ▪ № 4 лот – «Лотос-Астана Компани» ЖШС; ▪ № 7 лот – «Кофейная ферма» ЖШС.  № 2 және № 9 лоттар […]

6.06.2016
Астана әуежайы Стритбол бойынша әлем чемпионатының қонақтарын қарсы алады.

jQW1XS1r8TU

2016 жылғы 01 маусымда Стритбол бойынша әлем чемпионаты басталды! Астана әуежайы әлемнің 30 мемлекетінің 200-ден астам Чемпионат қатысушыларын қарсы алды. Чемпионатта Қазақстан-Нидерланды, Андорра-Франция, Нидерланды-Уругвай, БАӘ-Қытай, Жаңа Зеландия-Филиппин және басқа да командалар кездеседі. Аталған іс-шара бүкіл әлем стритбол кәсіпқойларының басын қосты. Елорда әуежайы чемпионат қатысушыларына сәттілік және жаңа жеңістер, ал жанкүйлерге жарқын эмоциялар тілейді. Астана әуежайының […]

3.06.2016
Астана әуежайы балаларды қорғау күнімен құттықтайды

20160601_105141

Жаздың бірінші күні – 1 маусымда Астана әуежайы дәстүр бойынша балаларды құттықтайды. 1 маусымда №24 орта мектепте «АХӘ» АҚ жұмыскерлерінің кәсіподағы» ҚБ «Нұр Отан» партиясының «Жас Отан» жастар қанатымен бірлесе отырып, «Астана халықаралық әуежайы» АҚ жұмыскерлерінің балаларын құттықтады. Әр балаға «Балалардың жаздағы мінез-құлық ережесі» бояу кітапшалары, тәттілер және «Жаздағы қауіпсіз балалық шақ» кітаптары сыйға тартылды. […]

1.06.2016
Астана әуежайы «Нұр Отан» партиясымен бірге «Армандағы әуежайға саяхат» акциясын өткізді

IMG_5043

«Нұр Отан» партиясының «Астана халықаралық әуежайы» АҚ бастапқы ұяшығы партияның қолдауымен аз қамтылған және көп балалы отбасылардың балаларына және басқа санаттағы балаларға қолдау көрсетеді. Жыл сайын аз қамтылған отбасы балалары мен жетім балаларының тұрмыс тіршілігін жақсарту мақсатында әуежай отбасылардың аталған санаттары үшін қажетті киім-кешек сатып алу арқылы түрлі қайырымдылық акцияларын өткізеді. Астана әуежайы ата-анасыз қалған […]

17.05.2016
Коммерциялық алаңдарды жалға алушыларды іріктеу

лого

«Астана халықаралық әуежайы» АҚ қызмет жеткізушілерінен Астана халықаралық әуежайының қолданыстағы асхана ғимараты мен жолаушылар терминалында коммерциялық қызметті жүзеге асыру құқығын алу үшін іріктеуге қатысуға ұсыныстарды қабылдау басталғаны туралы жариялайды. Толық ақпаратты және ашық іріктеуге шығарылған әр лоттың сипаттамасын қоса берілген құжаттардан табуға болады. Анықтама телефондары: +7 (7172) 777-733, 777-898. Құжаттама Іріктеу құжаттамасы Келісім шарт Жеңімпазды […]

12.05.2016
Астана әуежайында Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының қатысуымен мәжіліс өтті

IMG_4770

2016 жылғы 11 мамырда Астана әуежайында Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары қатысуымен «Астана халықаралық әуежайы» АҚ жолаушылар терминалын қайта жаңартудың барысы» тақырыбындағы «Нұрлы жол» инфрақұрылымды дамытудың 2015-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыруға Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан бөлінген қаражаттың және бюджеттік қаражаттың мақсатты және тиімді жұмсалуын бақылау жөніндегі комиссия отырысы өтті. Мәжіліске Парламент депутаттарынан басқа […]

6.05.2016
Астана әуежайы ардагерлерді құттықтады

IMG_4604

2016 жылғы 05 мамырда Ұлы Жеңіс мерекесі қарсаңында Астана әуежайы Ұлы Отан соғысының қатысушылары, авиация, тыл еңбеккерлері, ардагерлері және ауған жауынгерлеріне Жеңістің 71 жылдығына арналған салтанатты іс-шара ұйымдастырды. Жеңіс лентасы және қолында гүл шоқтары бар ардагерлер, Астана әуежайының басшылары бір минут үнсіздікпен қайтып келмес, бірақ тарих беттерінде мәңгі қалған қаза тапқан батырларды еске алды. Майдангер, […]

4.05.2016
Астана әуежайында KLM авиакомпаниясының бірінші рейсінің салтанатты ашылуы болып өтті

IMG_4179

2016 жылғы 03 мамырда сағат 23.30-да Астана әуежайында KLM авиакомпаниясының бірінші рейсінің салтанатты ашылуы болды. Рейсті ашу рәсімі Астана әуежайы Басқарма төрағасының кеңесші П. Ричиоттидың құттықтау сөзімен басталды. Ол өз сөзінде бірлесіп табысты жұмыс жасауға тілектестігін білдірді. Сонымен қатар, жаңа авиакомпания – бұл халықаралық орталықтармен әуе бағытын қамтамасыз ету бойынша «100 нақты қадам» бағдарламасын іске асыруға […]

3.05.2016
Астана әуежайындағы шағын футбол бойынша турнир

IMG_3581

Астана әуежайында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына және Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған қызметтер арасында шағын футбол бойынша дәстүрлі турнир өтті. Салауатты өмір салты үшін жағдай жасап, қызығушылығын арттыру – елордалық әуежайдың басым бағыттарының бірі. Авиакәсіпорын қызметтері арасындағы өткен турнирде: 1 орынға – Тексеру қызметі (команда капитаны: Д. Өмірзақов); 2 орынға – Инженерлік-авиациялық қызметі (команда […]

23.04.2016
Астана әуежайы «Таза қала – бақытты қала» сенбілігін өткізді

IMG_2980

Елорда әкімдігі жариялаған «Таза қала – бақытты қала» экологиялық айлықты 2016 жылғы 18 сәуір-8 мамыр аралығында өткізу бойынша қалалық акция және Астана қаласын абаттандыру, көгалдандыру және санитариялық тазалау шеңберінде 2016 жылғы 23 сәуірде елордалық әуежайдың қызметкерлері көктемгі дәстүрлі іс-шараға қатысты. Аталған іс-шараны өткізу қарлы қыстан кейін аумақты және іргелес аймақты тиісті тәртіпке келтіру, сондай-ақ, ұсынылатын […]

20.04.2016
Астана әуежайынан Амстердамға тұңғыш рет!

29804_fullimage_klmairplane_560x350

2016 жылдың 04 мамырынан бастап тұңғыш рет Астана әуежайынан Астана – Амстердам тұрақты рейсі ашылады. «KLM» авиакомпаниясы Қазақстанның және Нидерландының екі елордасын қосады. Рейс дүйсенбі, сәрсенбі, бейсенбі және сенбі аптасына 4 рет, жабдықталған А-330 Airbus авиалайнерінде орындалады. Амстердам Астана әуежайындағы жиырма алтыншы халықаралық бағыт болды. Нидерланды – Қазақстандық туристер арасында танымал бағыт. Амстердамға рейстің ашылуы […]

13.04.2016
2016 жылғы бірінші тоқсан бойынша Астана әуежайы өндірістік қызметінің қорытындысы

лого

2016 жылдың бірінші үш айы бойынша елордалық әуежайда қызмет көрсетілген жолаушылардың саны 723 774 жолаушыны құрады, бұл 2015 жылғы қаңтар-наурыз айларына қарағанда 18 %-ға жоғары (613 928 жолаушы). 2016 жылғы қаңтар-наурыз айларында ішкі рейстерде жалпы жолаушылар ағынының көлемі 525 000 жолаушыны құрады, 2015 жылдың сәйкес кезеңіне қарағанда 32 %-ға артқан (398 076 жолаушы) . 2016 жылғы қаңтар-наурыз айларында халықаралық рейстерде жолаушылар ағыны […]

25.03.2016
Астана әуежайы көктемгі-жазғы кестеге көшеді

IMG_7784

Астана халықаралық әуежайы 2016 жылғы 27 наурызда көктемгі-жазғы ұшу кестесіне көшеді. Астана қаласының серіктес авиакомпаниялары саяхаттаушыларды жаңа бағыттар мен танымал маршруттарда рейстер жиілігінің артуымен қуантады. KLM авиакомпаниясы алғаш рет 2016 жылғы 04 мамырдан бастап Астанадан Нидерланды астанасы Амстердам қаласына ұша бастайды. «Qazaq Air» және «Bek Air» авиакомпаниялары 2016 жылғы 27 наурыздан бастап ұшу жиілігін көбейтеді. […]

21.03.2016
Астана халықаралық әуежайы «Наурыз мейрамын» атап өтті

image

2016 жылғы 21 наурызда сағат 11.00-де Пригородный кентінің орталық алаңында «Наурыз мейрамы-2016» ұлттық мерекесіне арналған салтанатты іс-шара өтті. Аталған іс-шараны «Астана халықаралық әуежайы» АҚ Астана қаласы Есіл ауданының әкімшілігімен бірлесіп ұйымдастырды. Арнайы дайындалған алаңда киіз үйлер орнатылып, келген қонақтар ұлттық тағамдардан дәм татты. Дастарқанның ең басты тағамы өмірдің 7 элементтерінен тұратын Наурыз көже болды. Көрермендер […]

17.03.2016
Астана әуежайындағы «Армысың, әз-Наурыз!» жарыс сабағы

IMG_2321

2016 жылғы 16 наурызда Астана халықаралық әуежайында мемлекеттік тілді оқитын іс қағаздарын жүргізушілер тобының арасында «Армысың, әз-Наурыз!» атты жарыс сабақ өткізілді. Жарыс сабақтың мақсаты – Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамын дәріптеу, тыңдаушылардың мемлекеттік тілді меңгерудегі қызығушылығын ояту, тыңдаушылардың шешендік шеберлігін дамыту. Жарысқа «Аспан» және «Тұлпар» топтары қатысты. Жарыс сабақ 8 белестен тұрды, бірінші бөлімнің […]

16.03.2016
Астана әуежайы ЭКСПО-2017 көрмесіне дайындалуда

лого

ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесіне дайындалу мақсатында, сонымен қатар «Нұрлы Жол» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру шеңберінде, 2015 жылы жалпы ауданы 40 000 ш.м. жаңа жолаушылар терминалының құрылысы басталды. Құрылыс аяқталғаннан кейін әуежайдың өткізу қабілеттілігі жылына 7 млн. жолаушыдан астам жолаушыны өткізуге жетеді. Қарбалыс сағаттарында рейстерді күту залдарына бір уақытта          2,525 жолаушыға дейін жолаушыны сыйғызуға болады. Бүгінгі […]

19.02.2016
Астана әуежайында  күнкөрісі төмен отбасылардан шыққан балаларды әлеуметтік қолдау бағдарламасын іске асыру басталды

IMG_1578

Жетім балаларға, сонымен қатар, күнкөрісі төмен, көп балалы отбасынан шыққан және басқа да санаттағы балаларға әлеуметтік қолдау көрсету авиакәсіпорынның басты міндеттерінің бірі болып табылады. Жетім балалар мен күнкөрісі төмен отбасынан шыққан балалардың тыныс-тіршілігін жақсарту мақсатында әуежай жоғарыда аталған санаттағы отбасылар үшін қажетті заттарды сатып алу жолымен әр түрлі қайырымдылық акцияларды жыл сайын өткізеді. Бала – біздің болашағымыз. […]

8.02.2016
Астана әуежайында жайлылық деңгейін жақсарту

IMG_1485

2016 жылғы қаңтарда жолаушыларға ыңғайлы атмосфера тудыру үшін авиакассалар В секторынан «Сәттілік» мейрамханасы жанындағы А секторына, дәріхана екінші қабаттан бірінші қабатқа (терминал шығаберісінің қасында) ауыстырылды. Астана әуежайына келген барлық жолаушыға ыңғайлы жағдай жасау деңгейін арттыру және инфрақұрылымды табысты дамыту бойынша қарқынды жұмыс жасауда. Егер Астана әуежайында қызметін ұсынатын компанияларды іздеу бойынша сұрақтар туындаса, +7 (7172) […]

3.02.2016
Астана әуежайында «Тыныш әуежай» тұжырымдамасын енгізу

IMG_1429

Елордалық әуежайдың басым бағыты қызмет көрсету сапасы болып табылады. Астана әуежайы жолаушыларға қызмет көрсету сапасының халықаралық стандарттарын, сондай-ақ жолаушыларға ақпараттық қызмет көрсетуді көздейтін стандарттарды кезең-кезеңмен енгізуде. Жолаушыларға ыңғайлы жағдайлар жасау үшін 2016 жылғы 25 қаңтардан бастап дауыс зорайтқыш байланысы арқылы хабарлауды тоқтата отырып, «Тыныш әуежай» сынамалы жоба іске қосылды. «Тыныш әуежай» жобасының мақсаты ұсынылатын қызметтер […]

15.01.2016
Астана әуежайы 2015 жыл бойынша жұмыс қорытындысын шығарды

лого

Астана әуежайының 2015 жылғы қызметінің қорытындысы бойынша қызмет көрсетілген жолаушылар саны 3млн.300 адамнан асты, бұл көрсеткіш былтырғы ұқсас кезеңмен салыстырғанда 13 %-ға көп. 2015 жылы қызмет көрсетілген рейстер саны-24454 рейсті құрады,                  2014 жылғы ұқсас кезеңмен салыстырғанда 8 %-ға көп. Былтырғы жылы Астана әуежайынан тұрақты рейстерді жүзеге асыратын авиакомпаниялардың қатары жаңа үш: «Асиана», «Флай Дубай» және […]

30.12.2015
Астана әуежайы Жаңа жыл мерекесімен құттықтайды!

IMG_1249

Астана әуежайы Жаңа жылды қарсы алуға дайын. Жолаушылар терминалында қонақтарды көздің жауын алатын әсем шырша қарсы алады. Мерекеге сай безендірілген терминал қарсы алушылар, шығарып салушыларға қыстың ең қуанышты мерекесі келіп жеткенін естеріне салатындай. Астана әуежайының жолаушыларын тұңғыш рет Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің ансамблі белгілі әндер композициясын орындап, құттықтады.  Барлық жерде мерекелік көңіл-күй сезіледі. Эйр Астана […]

25.12.2015
Жолаушылардың ресми тасымалдаушысын анықтау нәтижесі

лого

Ағымдағы жылғы 18-24 желтоқсан аралығында өткен Астана қаласы әуежайының жолаушыларын ресми тасымалдаушысын анықтау нәтижесі бойынша жеңімпаз болып «Автотранс-ХОЗУ» ЖШС танылды.

25.12.2015
Бірыңғай жарнама операторын іріктеу нәтижесі

лого

Ағымдағы жылғы 18-24 желтоқсан аралығында өткен Астана қаласы әуежайының бірыңғай жарнама операторын іріктеу нәтижесі бойынша жеңімпаз болып «MYD Production» ЖШС танылды.

18.12.2015
Ресми таксиді таңдау

IMG_7311

«Астана халықаралық әуежайы» АҚ 2015 жылғы 18-24 желтоқсан аралығында өтетін Астана қаласы әуежайының жолаушыларын ресми тасымалдаушыны іріктеуге қатысу үшін өтінім қабылдаудың басталғаны туралы жариялайды. Үміткерлерге қойылатын талаптар  1) Қазақстан Республикасының автомобиль көлігі саласындағы  заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкестігі; 2) Елорданың көлік органдарымен жасасқан елордада жолаушыларды және багажды таксимен тасымалдау қызметін көрсетуге арналған қолданыстағы шарттың болуы; 3) […]

18.12.2015
Бірыңғай жарнама операторын іріктеу

лого

«Астана халықаралық әуежайы» АҚ 2015 жылғы 18 – 24 желтоқсан аралығында өтетін Астана қаласы әуежайы бірыңғай жарнама операторын іріктеуге қатысу үшін өтінім қабылдаудың басталғаны туралы жариялайды. Үміткерлерге қойылатын талаптар            Үміткерлерге келесі талаптар қойылады: Құқық қабілеттілігін иелену. Осы талаптаркелесі құжаттармен: – заңды тұлғаны, жеке кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің немесе […]

14.12.2015
Елордалық әуежайда мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізушілерге арналған семинар-тренинг өтті

IMG_1007

Тәуелсіздік күні қарсаңында Қазақстан Республикасында Тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында және бөлімнің жылдық іс-шаралар жоспарына сәйкес, тілдерді дамыту бөлімі терминология және аударма мәселелеріне арналған семинар-тренинг өткізді. Жалпы семинарға құрылымдық бөлімшелерде мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізетін қызметкерлер, мемлекеттік тілді оқыту сабақтарының іс қағаздарын жүргізу  тобына қатысатын отызға жуық  қызметкер […]

9.12.2015
Астана әуежайынан Шарджаға ұшатын рейстер саны көбейтілді

CVIAT_croper_ru

Ағымдағы жылдың 12 желтоқсанынан бастап «Air Arabia» Астана-Шарджа бағыты бойынша рейстер жиілігін аптасына сейсенбі, бейсенбі, жұма және жексенбі күндері 3 реттен 4 ретке дейін көбейтті. Шарджа – Парсы және Оман шығынақтарында орналасқан жалғыз әмірлік және Дубаймен шектеседі. «Air Arabia» рейстер санын көбейтуінің арқасында, Шарджаға барар жол жақындай түседі.

9.12.2015
«Air Astana» Астана әуежайынан Бангкокқа рейстерін қайта жалғастырады

XOjlP_croper_ru

Ағымдағы жылдың 17 желтоқсанынан бастап «Air Astana» авиакомпаниясы аптасына 2 рет жиілікпен бейсенбі және сенбі күндері Боинг-757 жайлы авиалайнерінде Бангкокқа рейстерін қайта жалғастырады. Бангкок – оңтүстік-шығыс Азияның маңызды және ірі қалаларының бірі, елорда, сондай-ақ Тайландтың мәдени және экономикалық орталығы. Бангкок Шығыстың бейтаныс жұмбақ мәдениеті қызықтыратын қонақтарын таңдандыра алады. Бангкок қаласына рейстің қайта жалғастырылуының арқасында елорда […]

17.11.2015
Астана халықаралық әуежайы қауіпсіздік шараларын күшейтіп жатыр

лого

Кейбір шет мемлекеттерде болып жатқан қайғылы оқиғаларға байланысты Астана әуежайы қауіпсіздік шараларын күшейтуде. Әуежайда 2015 жылғы 14 қарашадан бастап жолаушылар терминалының кіреберісіне тексеру жабдықтары орнатылды. Барлық жолаушылар, әуежай қызметкерлері, сондай-ақ шығарып салушы және қарсы алушы тұлғалар қолмен тексеріледі. Жолаушыларды тексеру тәулік бойы жүргізілетін болады. Осыған байланысты, Астана халықаралық әуежайының басшылары, барлық жолаушылардан әуежайға халықаралық рейстерге […]

16.11.2015
Бизнес-терминалға duty-free операторын іріктеудің нәтижесі

лого дьюфри

Ағымдағы жылдың 10-16 қараша аралығында өткен Астана қаласы әуежайының бизнес-терминалында бажсыз сауда дүкенінің операторын іріктеудің нәтижесі бойынша DUFRY сауда маркасымен «Дьюфри Централ Эйжа» ЖШС жеңімпаз деп танылды

11.11.2015
Астана әуежайы мен «Эйр Астана» авиакомпаниясы 2016 жылғы қысқы навигацияға дайын

IMG_0410

2015 жылғы 26 қазаннан бастап Астана әуежайы мен «Эйр Астана» авиакомпаниясы 2016 жылғы 26 наурызға дейін әрекет ететін рейстердің күзгі-қысқы кестесіне көшті. Қауіпсіздікті және тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатында Астана халықаралық әуежайында 2015-2016 жылдардағы күзгі-қысқы кезеңге дайындық бойынша жоспарлы іс-шаралар өткізілді. Аталған жоспар аясында әуеайлақты күтіп ұстау және әуе кемелеріне қызмет көрсету үшін жерүстіндегі арнайы техника […]

10.11.2015
Бизнес-терминалдың duty-free операторына іріктеу өткізу

Терминал Бизнес авиации

«Астана халықаралық әуежайы» АҚ 2015 жылғы 10 – 13 қараша аралығында өтетін Астана қаласы әуежайы бизнес-терминалындағы бажсыз сауда дүкенінің операторын іріктеуге қатысу үшін өтінім қабылдаудың басталғаны туралы жариялайды.  Үміткерлерге қойылатын талаптар  1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, бажсыз сауда дүкендері қызметін жүзеге асыратын тұлғалар үшін қажетті қолданыстағы рұқсат және басқа да құжаттарының болуы. Бұл талап келесі […]

6.11.2015
Qazaq Air Астана-Талдықорған бағытын іске қосады

IMG_8620

Жас Qazaq Air авиакомпаниясы ұшулар географиясын кеңейтуде. 2015 жылғы 11 қарашадан бастап Астана әуежайынан  жайлы Bombardier авиалайнерінде аптасына 3 рет жиілікпен дүйсенбі, сәрсенбі және жұма күндері Талдықорғанға рейстер ашылады. Бұл Астана әуежайынан Qazaq Air авиакомпаниясының рейстерін жүзеге асырудағы екінші бағыты. Қазіргі уақытта Qazaq Air авиакомпаниясы Алматыға рейстерді жүзеге асырады. Qazaq Air – Астана әуежайынан рейстерді […]

6.11.2015
Астана әуежайы халықаралық әуежайлар мен әуеайлақтардың дамуына қосқан қомақты үлесі үшін марапатталды

фото межгоссессия 23.10.15

Елорда әуежайы 2015 жылғы 23 қазанда Әзербайжанның Баку қаласында өткен авиация және әуе кеңістігін пайдалану бойынша халықаралық мемлекетаралық кеңестің 35-сессиясына қатысты. Сессия Халықаралық мемлекеттік кеңестің атқарушы органы болып табылатын Халықаралық мемлекетаралық авиациялық комитеттің  (МАК) алдағы 25-жылдығына және Азаматтық авиацияның халықаралық ұйымының (ICAO) 70-жылдығына орай өткізілді. Елорда әуежайы көптеген халықаралық марапаттаулармен расталған Қазақстанның үздік әуежайы атағына […]

27.10.2015
Әуежайдың жаңа серіктесі – Flydubai елордалық әуежайдан жаңа бағыт ашуда!

fly_dubai лого

Елордалық әуежай жолаушыларына Біріккен Араб Әмірлігіне саяхат жасауға тағы да бір мүмкіндік туып отыр. 2015 жылғы 27 қазаннан бастап Астана әуежайының жаңа клиенті – Flydubai авиакомпаниясы  Дубай қаласына бағыт ашады. Рейстің жиілігі аптасына 2 рет сейсенбі және сенбі күндері заманауи ұзаққа ұшатын Боинг 737 авиалайнерінде орындалатын болады. Қысқы навигация басталғалы бері Астана әуежайы тағы да […]

26.10.2015
Эйр Астана елордалық әуежайдан Дубайға рейстерді қайта жаңартады

dubai-

Енді Біріккен Араб Әмірлігі біздің елордаға одан сайын жақындай түсті. 2015 жылғы 25 қазаннан бастап Астана әуежайынан Эйр Астана авиакомпаниясы жиілігі аптасына 4 рет, дүйсенбі, сейсенбі, жұма және жексенбі күндері Airbus-320 жайлы авиалайнерінде Дубай қаласына рейстерін қайта жаңартады. Дубай – теңдесі жоқ сәулет өнері бар Таяу Шығыстың ірі сауда, қаржы және туристік орталығы. Астана – […]

23.09.2015
Астана әуежайында «Біз мемлекеттік тілде қызмет көрсетеміз» акциясы өтті

IMG_9928

2015 жылғы 23 қыркүйекте Астана қаласының жаңа жолаушылар терминалында Қазақстан халқы тілдерінің XVII қалалық фестивалі аясында Қазақстан халықтары күні мерекесі күніне орай «Біз мемлекеттік тілде қызмет көрсетеміз» акциясы өтті. Аталған акцияны «Астана халықаралық әуежайы» АҚ, Астана қаласы бойынша тілдерді дамыту басқармасы «Нұр Отан» партиясының қалалық филиалымен және «Қазақстан» РТРК АҚ бірлесе отырып ұйымдастырды. Бұл күні […]

22.09.2015
Астана халықаралық әуежайы «Транзит Транс Қазақстан» көрмесіне қатысты

16-09-2015transit-pr-01

«Астана халықаралық әуежайы» АҚ Алматы қаласында 2015 жылғы 16-18 қыркүйек аралығында «Транзит Транс Қазақстан» көлік және логистика бойынша өткен Қазақстандық халықаралық көрмеге қатысты. Биылғы жылы Астана әуежайы стендінен келушілер оның жоспары және даму перспективаларымен, ЭКСПО-2017 дайындық қызметі, әуежайдың инфрақұрылымы мен қызметтері туралы нақты ақпаратпен танысуға мүмкіндік алды. «Транзит Транс Қазақстан» халықаралық көлік бизнесі өкілдерінің, көбінесе, […]

19.09.2015
Елорда әуежайы «Біз –таза қала үшін!» сенбілігін өткізді

IMG_3631

2015 жылғы 07 қыркүйектен 07қазан аралығында елорда әкімі жариялаған экологиялық айлықты өткізу бойынша қалалық акция және абаттандыру, көгалдандыру және санитариялық тазалау бойынша қалалық сенбілік аясында елорда әуежайының қызметкерлері «Біз-таза қала үшін!» атты күзгі дәстүрлі іс-шараға белсене қатысты. Күзгі-қысқы навигация кезеңі қарсаңында тек қана көрсетілетін қызмет сапасымен ғана емес, аумақты таза күйінде ұстау жағынан да еліміздің […]

29.08.2015
Елорда әуежайына дейін жаңа автобус бағыты ашылды!

картинка по экспресс-маршрутам

2015 жылғы 29 тамызда жолаушыларды барынша тезірек жеткізу мақсатында, аялдамалардың саны азайтылған Теміржол вокзалы – Астана халықаралық әуежайы бағыты бойынша жаңа №100 экспресс – бағыт ұйымдастырылды. Енді әуежайдан вокзалға дейін 45 минуттың ішінде жетуге болады. Аралық уақыты -10-15 минут. Бір жақтағы аялдамалардың жалпы саны -13. Жол жүру құны 150 теңгені құрайды. Автобус бағытымен мына жерде […]

27.08.2015
Жаңа «Казах Эйр» авиакомпаниясы Астана әуежайынан ұшуларды орындауды бастады

Лого Казах Эйр

2015 жылғы 27 тамызда жаңа «Казах Эйр» авиакомпаниясы Астана әуежайынан ұшуларды орындауды бастады. Астана әуежайынан қазақстандық авиакомпанияның орындаған бірінші бағыты Алматы қаласы болды. Астана қаласынан ұшулар Бомбардир 7 жайлы ұшағында, аптасына 7 рет, сейсенбі және сенбі күндерінен басқа, аптаның барлық күндері жүзеге асырылатын болады. Астана әуежайы жаңа «Казах Эйр» авиакомпаниясымен ұзақ уақыт жұмыс жасайтындығына сенім […]

19.08.2015
Астана әуежайы жарық-сигнал жабдығын жөндеу бойынша жоспарлы реттеу жұмыстарын жүргізеді

лого

2015 жылғы 19-25 тамыз аралығында Астана әуежайы жарық-сигнал жабдығын жөндеу бойынша жоспарлы реттеу жұмыстарын жүргізеді, нақтырақ айтқанда, ұшу-қону жолағында жарық-сигнал оттарын жөндейді. Осыған байланысты, Астана әуежайы жергілікті уақытпен 22 сағ. 00 минуттан бастап  03 сағ. 00 минутқа дейін әуе кемелерін  қабылдамайды және шығармайды. Әлемдік тәжірибе бойынша мұндай жұмыстардың түрлері үнемі авиакәсіпорын үшін қолайлы уақытта жүргізіледі. […]

19.08.2015
Астана әуежайы өрт сөндіру қолданбалы спорты бойынша жарыстың жүлдегері

20150815_094924

2015 жылғы 15 тамызда  «Құлагер» спорт кешенінде Астана қаласының Төтенше жағдайлар департаменті Өрт сөндіру қызметінің жұмыс жоспарына сәйкес Қазақстан Республикасы Конституциясының  20 жылдығына және ТЖ қызметінің құрылған күніне арналған елорданың мемлекеттік емес өртке қарсы қызмет кәсіпорындары арасында өрт сөндіру қолданбалы спорты бойынша  алғаш рет жарыс өтті. Жарыстың мақсаты –   мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтерде қызметтік […]

18.08.2015
Астана әуежайында басшылық ауысты

лого

2015 жылғы 14 тамызда «Airport Management Group” басқарушы компанияның шешімімен «Астана халықаралық әуежайы» АҚ Басқарма төрағасы Қ.К. Жауханов өз еркімен атқаратын лауазымынан босатылды. Басқарма төрағасының міндетін атқарушы болып Басқарма төрағасының бірінші орынбасары Рәділбек Өкенұлы Әдимолда тағайындалды. Р.Ө. Әдимолда 1983 жылы Рига қаласындағы Азаматтық авиация институтын және 1987 жылы Ленинград қаласындағы Азаматтық авиация академиясын аяқтады. Азаматтық […]

11.08.2015
Астана әуежайында Asiana Airlines авиакомпаниясының бірінші рейсінің салтанатты ашылуы болып өтті

IMG_9668

2015 жылғы 08 тамызда сағат 22:30-да Астана әуежайында «Asiana Airlines» авиакомпаниясының бірінші рейсінің салтанатты ашылуы болды. Рейсті ашу рәсімі Астана әуежайы Басқарма төрағасының бірінші орынбасары Р. Әдимолданың құттықтау сөзімен басталды. Ол өз сөзінде бірлесіп табысты жұмыс жасауға тілектестігін білдірді. Сонымен қатар, жаңа авиакомпания –бұл халықаралық орталықтармен әуе бағытын қамтамасыз ету бойынша «100 нақты қадам» бағдарламасын […]

30.07.2015
Тұңғыш рет Asiana Аirlines авиакомпаниясы Астана әуежайынан Сеул қаласына тұрақты рейс ашады!

asiana-airlines-3-logo-primary

2015 жылғы 08 тамыздан бастап Астана әуежайынан Asiana Аirlines авиакомпаниясы тұңғыш рет Сеул қаласына (Оңтүстік Корея) А330 алыс магистральді авиалайнерінде аптасына 1 рет жиілікпен сенбі күндері ұшуларды бастайды. Енді Эйр Астана және Asiana Аirlines авиакомпанияларының код – шерингтік келісімнің арқасында елордалық әуежайдан аптасына 2 рет Сеул қаласына ұшуға болады. Елордалық әуежай жаңа серіктестеріне қашанда риза […]

30.07.2015
Астана әуежайында шағын футболдан турнир өткізілді

IMG_9405

2015 жылғы 24 шілдеде Астана әуежайында қызметтер арасында шағын футбол бойынша дәстүрлі турнир өтті. Салауатты өмір салты үшін жағдай жасап, қызығушылығын арттыру – елордалық әуежайдың басым бағыттарының бірі. Авиакәсіпорын қызметтері арасындағы өткен турнирде:             1 орынға – тексеру қызметі;             2 орынға – әуе кемелеріне техникалық және сервистік қызмет көрсету қызметі;             3 орынға –әкімшілік-басқарушы […]

28.07.2015
Астана әуежайынан шуақты Батумиға!

лого

2015 жылғы 30 шілдеден бастап елордалық әуежайдан тұңғыш рет Батуми (Грузия) қаласына тікелей чартерлік туристік бағдарлама ашылады. Рейсті жайлы CRJ-100 авиалайнерінде Авиаста.kz авиакомпаниясы аптасына бір рет жиілікпен жұма күндері орындайтын болады. Батуми – Грузияның екінші қаласы. Бұрын Астана әуежайынан Тбилиси қаласына жаңа бағыт ашылған болатын. Бүгінгі күні Батуми Грузияның маңызды мәдени, экономикалық және туристік орталығы […]

27.07.2015
Астана әуежайында «Балаларды мектепке жинайық!» атты қайырымдылық акциясы өтті

IMG_9099

2015 жылғы 23 шілдеде «Балаларды мектепке дайындайық!» атты қайырымдылық акциясы өтті. Акция мақсаты елордалық әуежай қызметкерлерінің әл-ауқаты төмен, көп балалы отбасыларына қолдау көрсету болып табылады. Акция шындығында осыны қажет ететін балаларға көмек көрсетуге мүмкіндік береді. Дәстүрлі іс-шара жаңа жолаушылар терминалында өтті, мектеп оқушыларына салтанатты түрде қажетті кеңсе құралдары мен спорттық костюм, аяқ киімі бар сөмкелер […]

24.07.2015
Құрметті елорда тұрғындары мен қонақтары!

картинка диспетчера фото

Қызмет көрсетудің сапасын арттыру мақсатында 2015 жылғы 21 шілдеден бастап Астана халықаралық әуежайында анықтама қызметіне түсетін телефон сөйлесулері жазылады. Алынған аудиожазбаны синхрондау қызмет көрсету жағдайын қайта тыңдап, оны барынша объективті түрде бағалауға мүмкіндік береді. Жүгінген кезде анықтама бюросының кезекшісі сізге қызмет көрсететін қызметкердің нөмірін айтатынына назарыңызды аударамыз. Пікірлер мен ұсыныстар ретінде www.astanaairport.kz корпоративті сайтына жолаушылардан […]

16.07.2015
Жаңа борттық тамақтану кешенінің ашылуы

10.09 - копия

Елордалық әуежай 45 жылдан астам борттық тамақтану бойынша табысты қызмет көрсетіп  келеді. Жылдан жылға жеткізілетін тағамдар мен тамақтану ассортименті ұлғаюда. Егер бұрын жолаушыларға бутербродтар және шай, кофе ұсынылса, бүгінгі таңда жолаушылар таңдауына тамақтанудың жетіден астам түрі ұсынылады. Жарты ғасыр бойы авиакомпания жолаушылары Астана әуежайында дайындалатын борттық тамақтануды абыроймен бағалай алды. Жолаушылар ағынының тұрақты өсуін ескере […]

9.07.2015
Астана әуежайы 2015 жылдың І жартыжылдық жұмыстарының қорытындыларын шығарды

221B5978

Астана әуежайының жұмысының қорытындысы бойынша  2015 жылғы І жартыжылдықта жолаушылар ағыны 1,4 млн. адамды құрады, бұл өткен жылдың сол кезеңімен салыстырғанда 15,3%  артық. 2015 жылдың 6 айында ішкі бағыттар бойынша жолаушылардың жалпы көлемі 969 мың адамды құрады (2014 жылға қарағанда 19%-ға  өскен). Аса талап етілетін бағыттар Алматы, Шымкент және Ақтау болып табылады. 2015 жылдың І […]

8.07.2015
Елорда әуежайынан ұшатын Скат авиакомпаниясының жаңа авиақатынасы

IMG_8477

2015 жылғы 06 шілдеде Қазақстанның елорда күнінде Скат авиакомпаниясының Астана – Қазан бағыты бойынша жаңа рейсінің ашылуы болды. Рейске 83 жолаушы тіркелді, яғни жүктеменің 50 пайыздан артығын құрады. Ол өз кезегінде, алғашқы рейстің табысты ұшуы болып саналады. Мерекелік безендірілген тіркеу орындары мен билбордтар елорда әуежайы жолаушыларына қуанышты көңіл-күй сыйлады. Ұшақтың бортында авиакомпания атынан жолаушыларға естелік […]

8.07.2015
Елордалық әуежайда жаңа Qazaq Air авиакомпаниясының тұсаукесері өтті

IMG_8512

2015 жылғы 06 шілдеде Астана халықаралық әуежайында 100% акциясы «Самұрық-Қазына»  АҚ-ға тиесілі жаңа QazaqAir  авиакомпаниясының тұсаукесері өтті. Іс-шараға қатысушылардың алдында Qazaq Air компаниясының жаңа буындағы  қос қозғалтқышты  турбиналы-бұрандалы Bombardier Dash 8 Q400 ұшағы көрсетілді. Жаңа заманғы ұшақ ерекше техникалық мінездемеге ие, оперативтілігі жағынан да, жолаушыларға да жайлы. Елордалық әуежайға ұшып келген авиакомпанияның борты салтанатты түрде […]

3.07.2015
Скат авиакомпаниясы Татарстан астанасы Қазан қаласына рейстердің ұшуын қайта бастайды!

Kazan

Құрметті елорда тұрғындары мен қонақтары, 2015 жылғы 06 шілдеден бастап «Скат» авиакомпаниясы елорда әуежайынан Қазан қаласына жиілігі аптасына 2 рет дүйсенбі және бейсенбі күндері Боинг-737 жайлы алыс магистральді авиалайнермен рейстердің ұшуын қайта бастайды. Қазан–тарихы мен мәдениеті бай, инфрақұрылымы дамыған, мыңжылдық сәулеті бар ірі саяси, экономикалық, білім орталығы. «Скат» авиакомпаниясының арқасында Қазанмен Астана арасы жақындай түседі.

29.06.2015
Астана әуежайында өрт-техникалық жаттығулар өткізілді

IMG_8331

Бүгін, 2015 жылғы 29 маусымда «АХӘ» АҚ «Аварияға ұшыраған әуе кемесіндегі өртті сөндіру» тақырыбында өрт-техникалық жаттығулар өткізілді. Жаттығудың түсіндірмесі келесідей: Ұшақ экипажы қону кезінде ұшақты авариялық қондыруға рұқсат сұрады, ӘК ұшу-қону жолағынан шығып кеткендіктен өрт шықты. Ақтау әуежайында жақында болған авариялық жағдай осындай жайдайларды болдырмау үшін жоспардан тыс жаттығу өткізуге себеп болды. Аталған жаттығуларда басқару ұйымдары, […]

26.06.2015
Уақытша поштаға ауысу туралы хабарландыру

лого

Корпоративтік поштаның жаңа серверге ауысуына байланысты, 2015 жылғы 26 маусым сағат 18.00 – 30 маусым сағат 09.00 аралығында ағымдағы пошталық сервер ажыратылады. Сыртқы ұйымдардан кіріс хаттарды қабылдау үшін  airport-info@inbox.ru уақытша пошта жәшігі ашылды. Барлық сұрақтар бойынша  777-099, 777-313, 777-544 телефондарына жүгінулеріңізді сұраймыз.

18.06.2015
Астана әуежайында ұшу қауіпсіздігі бойынша семинар өтті

DSC_0323

2015 жылғы 18 маусымда Астана халықаралық әуежайында Цюрих (Швейцария) қаласыныңхалықаралық әуежайымен бірлесіп «Airport Management Group» басқарушы компания ұйымдастырған «Ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі тәуекел-менеджменті» тақырыбында семинар өз жұмысын бастады. Семинарға ұшу қауіпсіздігі жөніндегі инспекторлар, әуежайдың өндірістік қызметтерінің қызметкерлері қатысты.  Аталған семинардың басты мақсаты ұшу қауіпсіздігін басқару жүйесінің базалық үдерісін әуежай қызметіне енгізу, соңғы нәтижесінде – ұшу […]

8.06.2015
Елорда әуежайы жұмыскерлерінің арасында мемлекеттік тіл бойынша емтихан өтті

IMG_8211

Қазақстан Республикасы Елбасының Жолдауында: «Сіздер біздің саясатымыз туралы – 2025 жылға қарай қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін білуге тиіс екендігін білесіздер. Бұл үшін барлық жағдай жасалған. Қазақ тілі 2025 жылға қарай өмірдің барлық саласында үстемдік етіп, кез келген ортада күнделікті қатынас тіліне айналады. Осылай тәуелсіздігіміз бүкіл ұлтты ұйыстыратын ең басты құндылығымыз – туған тіліміздің мерейін […]

4.06.2015
Астана әуежайында өртке қарсы техникалық жаттығулар өткізу

IMG_7920

Бүгін, 2015 жылғы 02 маусымда «Астана халықаралық әуежайы» АҚ Астана қаласының мемлекеттік өртке қарсы қызметінің бөлімшелерімен бірлесіп «Әуе кемесі авариялық жағдайда қонған кездегі басқару органдарының, күштер мен құралдардың әрекеттері» тақырыбында өртке қарсы техникалық жаттығулар өткізді. Аталған жаттығуларда басқару ұйымдары, өрт сөндіру тактикалары және байланыс қызметтері араларындағы жан-жақты өзара әрекеттесу мәселелері пысықталды. Іс-шараға саны 90 адамнан […]

3.06.2015
Астана әуежайында «Балаға шаттық сыйла!» акциясы өтті

IMG_7869

1-2 маусымда – Астана әуежайында балаларды қорғау күніне арналған «Балаға шаттық сыйла!» акциясы өтті. Жасы 5 айлықтан 16 -ға дейінгі кішкентай жолаушыларға әуежай қызметкерлері суреттерді бояуға арналған дәптерлер, түрлі-түсті қарындаштар, ашық түсті дәптерлер мен қаламдарды сыйға тартты. Акция Қазақстанның әр өңірінен, қиыр және таяу шетелден  елордаға келген 150 баланы қамтыды. Жолаушыларға мерекелік көңіл-күй сыйлау елордалық […]

3.06.2015
Астана әуежайында «Дабыл-2015» терроризмге қарсы жаттығулар өтті

02

Өркениетті қоғамда террорлық актілер оқиғалары көбейгендігін, әлемдегі тынышсыз жағдайды ескере отырып, көпшілік көп жиналатын қоғамдық орындардағы қауіпсіздік шараларын күшейту қажет. Осы мақсатпен 2015 жылғы 27 мамырда «Астана халықаралық әуежайы» АҚ «Дабыл-2015» терроризмге қарсы оқу жаттығуларын өткізді. Жаттығу 1999 жылғы 13 шілдегі «Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңының, уәкілетті органдардың бірлескен бұйрығымен бекітілген «Терроризм актісінің […]

29.05.2015
Тұңғыш рет гректің «Ellinair» авиакомпаниясы Астана әуежайынан Салоникиге тура бағыт ашады

ellinair-personel_13129

2015 жылғы 05 маусымнан бастап Астана халықаралық әуежайынан «Ellinair» авиакомпаниясы Грекия аумағы бойынша екінші орындағы қаласы, ашық аспан астындағы византиялық мұражай – Солоники қаласына туристік чартерлік бағдарлама ашады. Рейстерді орындау  жиілігі – 10/11 күнде бір рет сейсенбі және жұма күндері. Боинг-737 бортында жолаушыларды дәстүрлі грек қонақжайлығы күтеді: ыстық тамақ, түрлі шырындар, грек елінің көзге көрінерлік […]

28.05.2015
2015 жылғы 25 мамырдан бастап елордалық әуежайда ұшу жиілігі көбейді

лого

Жазғы маусым басталуымен елордалық әуежайдың кестесінде өзгерістер болды. Ішкі және халықаралық бағыттар бойынша ұшу жиілігінің өсуі кестеден байқалады. 2015 жылғы 25 мамырдан бастап «Скат» авиакомпаниясы Атырау қаласы бағыты бойынша ұшу жиілігін аптасына 5-тен 7-ге дейін ұлғайтады. Енді Атырауға сейсенбі және сенбі күндері қосымша ұшуға болады. Бұдан басқа, Ақтөбеге аптасына 4-тен 7-ге дейін (дүйсенбі, сәрсенбі және […]

22.05.2015
Астана әуежайынан Сеул мен Тбилисиге рейстер ашылуда

airastana_logo

«Эйр Астана» авиакомпаниясы елорда араларын жалғастыруда! Тұңғыш рет Астана әуежайынан «Эйр Астана» авиакомпаниясы 2015 жылғы 02 маусымнан бастап Корея мен Грузия астаналары Сеул мен Тбилисиге тура бағыт ашады. Алдағы уақытта елорда қонақтары мен тұрғындары Сеул қаласына жайлы, ұзақ магистральді Боинг-767 авиалайнерінде аптасына бір рет сейсенбі күні және Тбилиси қаласына аптасына екі рет сейсенбі және сенбі […]

18.05.2015
Астана әуежайында Волга – Днепр авиакомпаниясының валидациясы өткізілді

Лого Волга-Днепр

Еуропалық Одақ құрамына кірмейтін елдердің аумағынан ЕО елдері аумағына жүкті тасымалдау кезіндегі авиациялық қауіпсіздік мәселесін регламенттейтін Еуропалық комиссияның 2011 жылғы 25 тамыздағы №859/2001қаулысына сәйкес, ЕО мүше – мемлекеттердің авиациялық билігі 2014 жылғы 01 шілдеден бастап осындай ұшулардың орындалуына шектеулер енгізді. Қаулыда ЕО кірмейтін елдердің ішінен ЕО елдеріне жүк және поштаны жеткізетін барлық авиатасымалдаушылар міндетті түрде […]

13.05.2015
Астана әуежайында санитариялық – эпидемияға қарсы іс-шаралар бойынша жаттығулар өткізілді

IMG_7529

Бүгінгі күні эпидемологиялық аурулар бойынша әлемдегі жағдай қиындап барады. Аталған жағдайға байланысты тәуекелге тиісті әрекет ету мақсатында, 2015 жылғы 13 мамырда Астана халықаралық әуежайы аумағында қаланың медициналық ұйымдарымен бірлесе отырып, Көліктегі тұтынушылардың құқығын қорғау жөніндегі департамент санитариялық эпидемияға қарсы іс-шаралар бойынша мүдделі құрылымдармен өзара әрекеттесуді пысықтау жаттығуларын өткізді. Жаттығулар барысында әртүрлі қызметтің қызметкерлері заманауи құралдарды […]

13.05.2015
Эйр Астана авиакомпаниясы елордалық әуежайда өзін-өзі тіркеуге арналған дүңгіршектер орнатты

IMG_7316

Тұңғыш рет Эйр Астана авиакомпаниясы жолаушыларға қолайлы болу үшін елордалық әуежайда өзін-өзі тіркеуге арналған дүңгіршектер орнатты. Енді Эйр Астана авиакомпаниясының жолаушылары (2 жасқа дейінгі балалары бар жолаушыларды есептемегенде) өзін-өзі тіркеуге арналған дүңгіршектердің қызметтерін пайдалана алады. Өзін-өзі тіркеуге арналған дүңгіршектер рейске тіркелу рәсімін өздігінен өтуге, атап айтқанда: борттан орынды өзі таңдауға және отырғызу талонын басып шығаруға […]

5.05.2015
Астана әуежайы ардагерлерді құттықтады

IMG_3261

2015 жылғы 05 мамырда Ұлы Жеңіс мерекесі қарсаңында Астана әуежайы Ұлы Отан соғысының қатысушылары, авиация, тыл еңбеккерлері, ардагерлері және ауған жауынгерлеріне Жеңістің 70 жылдығына арналған салтанатты іс-шара ұйымдастырды. Жеңіс лентасы және қолында гүл шоқтары бар ардагерлер, Астана әуежайының басшылары бір минут үнсіздікпен қайтып келмес, бірақ тарих беттерінде мәңгі қалған қаза тапқан батырларды еске алды. Майдангер, […]

30.04.2015
Астана әуежайында «ТІЛГЕ ҚҰРМЕТ – ЕЛГЕ ҚҰРМЕТ» атты сайыс сабағы өтті

IMG_3224

2015 жылдың 30 сәуірінде Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі тілдерді дамыту бөлімінің 2014-2015 жылдарға арналған іс-шаралар  жоспары аясында «Тілге құрмет – елге құрмет» сайыс сабағы өткізілді. Сабақты өткізген мемлекеттік тілді оқытушы Кенже Зәмзебай. Сабаққа жалғастырушы ІІ деңгей мен жоғары деңгей тыңдаушылары қатысты. «Тілге құрмет – елге […]

28.04.2015
Астана әуежайында Астана қаласының әкімі Ә.Р. Жақсыбековтің төрағалық етуімен мәжіліс өтті

G35A2939

2015 жылғы 25 сәуірде Астана қаласының әкімі Ә.Р. Жақсыбеков Астана әуежайында «Авиакәсіпорындағы қызмет көрсету сапасы» тақырыбында жұмыс мәжілісін өткізді. Мәжіліске «Астана халықаралық әуежайы» АҚ Басқарма төрағасы Қ.К. Жауханов, қалалық құрылымдар, қазақстандық авиакомпаниялар, ҰҚК, ІІД, Тұтынушылардың құқығын қорғау департаментінің және т.б. өкілдері қатысып, мәжіліс алдында әуежайдың инфрақұрылымын қарап шықты. Қазіргі уақытта Астана әуежайында жаңа жолаушылар терминалының […]

24.04.2015
Астана әуежайында жоспарлы жаттығулардың өткізілуі

foto_parad_2011_1_

«Астана халықаралық әуежайы» АҚ Ұлы Жеңіс күнін мерекелеу қарсаңында жаттығулар өткізіліп жатқанына байланысты, 2015 жылғы 24 сәуір-07 мамыр аралығында, 26-27 сәуірді және 01 мамыр 10:00-ден 13:00-ге дейінгі уақытты есептемегенде, Астана әуежайының әуе кеңістігі жабық болатындығын хабарлайды.* Рейстер туралы нақты ақпаратты авиакомпаниялардан алуға болады.

20.04.2015
Әуежай Қарағанды облысында апаттан зардап шеккендерге көмек көрсетті

IMG_2908

Әуежай қызметкерлері «Астана халықаралық әуежайы» АҚ кәсіподақ жұмыскерлерімен бірлесе отыра, су тасқынынан зардап шеккен Қарағанды облысы тұрғындары үшін қажетті заттарды жинау жұмысын жүргізді. Аталған акция Қазақстанның барлық қалаларында жүріп жатыр. Қарағанды облысы тұрғындарына ерлерге, әйелдерге және балаларға арналған киім-кешек, ыдыс-аяқ және бұзылмайтын азық-түлік жиналды. Әуежай ұжымы Қарағанды облысының су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарына шын ниетімен […]

18.04.2015
Елорда әуежайы сенбілік өткізді

IMG_2784

2015 жылғы 13 сәуір – 13 мамыр аралығында елорда әкімі жариялаған экологиялық айлықты өткізу бойынша қалалық акция және абаттандыру, көгалдандыру және санитариялық тазалау бойынша қалалық сенбілік аясында елорда әуежайының қызметкерлері көктемгі дәстүрлі іс-шараға белсене қатысты. Тек қана көрсетілетін қызмет сапасымен ғана емес, аумақты таза күйінде ұстау жағынан да еліміздің ең үздік әуежайлары атауын абыроймен ұстау […]

17.04.2015
Төтенше жағдайларға Астана әуежайының дайындығы

IMG_2667

2015 жылғы 16 сәуірде «Астана халықаралық әуежайы» АҚ су тасқыны жағдайларына кәсіпорын қызметтерінің дайындығы мәселесі бойынша Басқарма төрағасының бірінші орынбасары Р.Ө. Әдимолданың төрағалық етуімен төтенше жағдайлар жөніндегі комиссия отырысы өтті. Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлары қаупі туындаған жағдайда қызметкерлер мен жолаушыларды қорғау, тәуекелді барынша азайту, қызмет ету тұрақтылығын арттыру, дайындық іс-шаралары әуежай қызметінде басым […]

16.04.2015
Ақылы автотұрақта тегін тұру уақыты қысқартылды

вид терминала с привокзальной площади 1

Құрметті қала тұрғындары мен қонақтары! Әлемдік тәжірибе негізінде технологиялық үдерісті оңтайландыру мақсатында, 2015 жылғы 01 сәуір 00 сағат 00 минуттан  бастап Астана әуежайының вокзал жанындағы алаңда автокөліктің ақылы тұрақта тегін тұру уақыты 20 минутты құрайтын болады. Аталаған уақыт жолаушыларды отырғызу және түсіру үшін оңтайлы болып табылады.

9.04.2015
Астана әуежайында «Ресми таксиді анықтау» конкурсының нәтижесі

лого такси Жебе

Астана әуежайында ресми такси конкурсының жеңімпазы болып барынша көп ұпай жинаған «Zhebe» таксомоторлы компаниясы атанды. Астана әуежайындағы ресми такси өз жұмысына 2015 жылдың 01 мамырынан бастап кірісетін болады.

9.04.2015
Астана халықаралық әуежайы көктемгі-жазғы кезеңге дайындықты бастады

вид со стороны перрона

Астана халықаралық әуежайы көктемгі-жазғы кезеңге дайындықты бастады. Барлық әуежай құрылымдарының көктемгі-жазғы навигацияға дайындығын тексеру 2015 жылғы сәуірде аяқталады. Ұшуларға жерүстінде қызмет көрсетуді қамтамасыз ететін барлық қызметтер көлік пен арнайы техникаға маусымдық қызмет көрсетуді, технологиялық жабдықтың, әуеайлақтың және ұшу-қону жолағының пайдалануға дайындығын тексеруді бастады. Жолаушыларға және әуе кемесіне қызмет көрсетуге қатысатын бөлімше қызметкерлері арнайы нұсқамадан және […]

2.04.2015
«Bek Air» авиакомпаниясы тұңғыш рет Астана әуежайынан Қарағандыға тура рейс ашады

памятник шахтерской славы

2015 жылғы 06 сәуірден бастап Астана халықаралық әуежайынан «Bek Air» авиакомпаниясы Қарағанды қаласына тура рейстер ашады. Рейстің орындалу жиілігі – аптасына 2 рет, дүйсенбі және жұма күндері. Ұшу уақыты 30 минутты құрайды. Бұл Астана қаласынан 200 шақырым қашықтықта жақын орналасқан облыс орталығына ашылған жаңа межелі пункт. Қарағанды – Қарағанды облысының  орталығы, халқы саны бойынша Қазақстанның […]

31.03.2015
Ақылы автотұрақта тегін тұру уақытын қысқарту туралы ақпарат

фото паркинга

Құрметті қала тұрғындары және қонақтары! Сіздерге вокзал жанындағы алаңдағы ақылы автотұрақта тегін тұру уақытын қысқарту кейінге қалдырылғандығын хабарлаймыз. Ақылы тұрақта тегін тұру уақытын қысқарту күні туралы нақты ақпаратты кейін хабарлайтын боламыз.

27.03.2015
Астана әуежайында «Жүкті және поштаны жинақтау (ULD)» тақырыбында тренинг өтті

IMG_2160

2015 жылғы 17-20 наурыз аралығында Астана халықаралық әуежайында Lufthansa авиакомпаниясының жетекшілік етуімен жүк тасымалдау қызметі үшін «Жүкті және поштаны жинақтау (ULD)» тақырыбында тренинг өтті. Тренингке жүк терминалының 12 қызметкері қатысты. Семинар аясында мамандар жүк және поштаны жинақтау бойынша мәселелерді талқылады.  Іс-шара мақсаты – жүк терминалы мамандарының жүкті пакеттеп орау құралдарын пайдалану бойынша біліктілігін арттыру. Әуежайды […]

21.03.2015
Астана халықаралық әуежайы «Наурыз мейрамы» мерекесін өткізді

DSC_0921

2015 жылғы 21 наурызда Пригородный кентінде  ұлттық мереке «Наурыз мейрамына» арналған салтанатты іс-шара өткізілді. Аталған іс-шара «Астана халықаралық әуежайы» АҚ Астана қаласының Есіл ауданы әкімдігімен бірлесе отырып ұйымдастырылды. Іс-шараға №24 мектеп, кәсіптік – техникалық колледж, «Нұр Отан» партиясының мүшелері, «Әлжан ана» мешітінің имамы қатысты. Арнайы дайындалған алаңда қонақтар тек қызығып қарап қана қоймай, қонақжай қазақ […]

17.03.2015
Тұңғыш рет «AirAstana» авиакомпаниясы Астана әуежайынан Парижге тікелей рейс ашады!

эйфелева башня на сайт

2015 жылғы 29 наурыздан бастап «Air Astana» авиакомпаниясы Астана  халықаралық әуежайынан Франция астанасы Парижге тікелей рейс ашады. Рейстің жиілігі – аптасына 3 рет, сәрсенбі, жұма және жексенбі күндері жайлы Боинг-757 авиалайнерінде орындалады. Ғасырлар бойы Еуропада Париж мәдениет, өнер, сән және бизнес орталығы болып есептеледі. Енді Астанадан ұшатын тікелей рейс арқасында қазақстандық авиатуристерге Эйфель мұнарасы, Лувр, […]

11.03.2015
Астана әуежайында ресми таксиді анықтау

Taxi_internet2

 «Астана халықаралық  әуежайы» АҚ (бұдан әрі – Қоғам) Астана қаласы әуежайының жолаушыларын ресми тасымалдаушыны анықтауы туралы хабарландыру   Астана қаласы әуежайының жолаушыларын ресми тасымалдаушысы үміткерлеріне келесі талаптар қойылады: 1) Автомобиль көлігі саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасымен белгіленген талаптарға сәйкес келу; 2) елорда көлігі органымен жасасқан елордада жолаушылар мен багажды таксимен тасымалдау қызметін көрсетуге арналған шарттың болуы; […]

10.03.2015
Ақылы автотұрақта автокөліктің тегін тұру уақыты қысқартылды

221B5978

Құрметті қала тұрғындары мен қонақтары! Әлемдік тәжірибе негізінде технологиялық үдерісті оңтайландыру мақсатында, 2015 жылғы 01 сәуір 00 сағат 00 минуттан  бастап Астана әуежайының вокзал жанындағы алаңда автокөліктің ақылы тұрақта тегін тұру уақыты 20 минутты құрайтын болады. Аталған уақыт жолаушыларды отырғызу және түсіру үшін оңтайлы болып табылады. Шетел әуежайларында тегін уақыт жоқ немесе 15 минутты ғана […]

2.03.2015
Құрметті қала тұрғындары мен қонақтары!

IMG_1579

Жолаушылар терминалын қайта жаңартуға байланысты, жолаушылар терминалынан 150 м қашықтықта орналасқан жұмыс істеп тұрған қонақүй 2015 жылғы 02 наурыздан бастап қызмет көрсетуін тоқтатты. Қазіргі уақытта қонақүйде әуежай қызметтерінің кеңселері орналасқан. Сіздер үшін жолаушылар терминалының бірінші қабатында (терминал мен жабық автотұрақ арасында) орналасқан қонақүй қызмет көрсетуді жалғастырады. Байланыс телефоны: +7 7172 777 170.        

25.02.2015
Астана әуежайында мемлекеттік тілді дамыту жағдайы

IMG_1480

2015 жылғы 24 ақпанда сағат 15:00-де Астана әуежайында авиакәсіпорын қызметкерлері үшін тіл саясатын түсіндіру мақсатында, мемлекеттік тілдің рөлін насихаттау және онамастика жұмыстары бойынша ақпараттық күн өтті. Семинардың модераторы – Л.Н. Гумилев атындағы Еуразиялық ұлттық университетінің профессоры, филология ғылымдарының докторы Бекжан Әбдуәлиұлы. Аталған семинарға әуежайдың 35 қызметкері қатысты. Ақпараттық күн аясында кейбір сөздер мен сөз тіркестерін […]

19.02.2015
Хабарлама!

силуэт-оператора-18150992

«Астана халықаралық әуежайы» АҚ келесі қызметтерді сатып алу үшін жоспарлы тендер өткізетіндігі туралы хабарлайды: Қайта жаңарту жүргізіліп жатқан кезді аудио-бейне түсіру (2015 жылғы наурыздан 2017 жылғы сәуір аралығы); «Әуежайды қайта жаңарту туралы» фильм жасау. Сұрақтар туындаған жағдайда Оспанов Азаматқа 8-702-180-20-88 ұялы телефонына, +7(7172) 777-650  жұмыс телефонына хабарласыңыз.

27.01.2015
Астана әуежайы 2014 жыл бойынша жұмыс қорытындысын шығарды

вид терминала с привокзальной площади 1

Астана әуежайы қызметінің қорытындысы бойынша 2014 жылы жолаушылар ағыны 2 960 181 құрады, ол өткен жылмен салыстырғанда 13% көп. 2014 жылы қызмет көрсетілген рейстер саны – 22 550 рейс, ол 2013 жылғы ұқсас кезеңмен (20 272 рейс) салыстырғанда 11% көп. Осы ретте, тұрақты рейстердің саны 10%  өссе, кешігулер 2% төмендеді. 2014 жылы өңделген жүк және поштаның саны 9 653 тоннаны […]

26.12.2014
«Этихад» авиакомпаниясы Астана әуежайының қызметкерлеріне алғысын білдірді

IMG_0404

«Этихад» авиакомпаниясы бес жыл бойы Астана әуежайымен қызметтес болып келеді. Табысты жұмыстың нәтижесі жолаушылар ағынының өсуі болып табылады. Ол рейстер санының аптасына екі ретке дейін көбеюіне әкелді. Жыл қорытындысы бойынша «Этихад» авиакомпаниясы жолаушыларға қызмет көрсету қызметінің үздік қызметкерлерін адал еңбегі, шерлігі және кәсібилігі үшін марапаттау салтанатын ұйымдастырды. Марапаттау салтанаты 2014 жылғы 24 желтоқсанда Астана әуежайының […]

24.12.2014
Астана әуежайы Жаңа жылды қарсы алуға дайындалуда…

IMG_0529

Жаңа жылға дейін барлығы 7 күн ғана қалды. Ғаламшар мерекеге дайындалуда.  Ол мерекеден Астана әуежайы да тыс қалған жоқ. Мерекелік көңіл-күй әуежайда әбден сезіледі. Мерекенің басты белгісі – жаңажылдық шырша жаңа жолаушылар терминалы алдында вокзал маңындағы алаңда қала қонақтарын қарсы алады. Бірінші қабаттағы күту залында өз сұлулығын паш еткен, сыйлықтары бар, барынша көз тарталық етіп […]

24.12.2014
«Астана халықаралық әуежайы» АҚ арнайы техниканы сату жөніндегі аукционшының қызметтері қажет

221B1038

«Астана халықаралық әуежайы» АҚ (бұдан әрі – Тапсырыс беруші) ашық аукциондарды (сатудың ағылшын және голланд әдістері арқылы) өткізуге байланысты, 2014 жылғы 31 желтоқсанға дейінгі кезеңге арнайы техниканы сату жөніндегі аукционшының қызметтері қажет. Үміткерлерге қойылатын негізгі талаптар: Жоғары кәсіби білім; Аукциондық сауда өткізуге арналған біліктілік куәлігінің болуы; Аукциондық сауданы өткізу бойынша бес жылдан кем емес жұмыс […]

28.11.2014
Қазақстан Республикасы Президентінің «Нұрлы жол- болашаққа бастар жол» жолдауын талқылау бойынша жиналыс

20141111155141

         «Астана халықаралық әуежайы» АҚ 2014 жылғы 26 қарашада «НҰРЛЫ ЖОЛ – БОЛАШАҚҚА БАСТАР ЖОЛ» атты 2014 жылғы 11 қарашадағы Қазақстан халқына Қазақстан Республикасы Президенті жолдауының негізгі тармақтарын талқылау бойынша елордалық әуежайдың Басқарма төрағасы Қайрат Кеңесбекұлы Жаухановтың төрағалық етуімен жиналыс өтті. Салтанатты жиналысқа 100-ден астам адам қатысты, оның ішінде «Астана халықаралық әуежайы» […]

21.11.2014
Астана әуежайының басымдылығы – қауіпсіздік

221B6213

Астана халықаралық әуежайында қауіпсіздіктің қосымша шараларын қамтамасыз ету мақсатында жолаушылар терминалының кіре берісіне тексеру жабдығы орнатылды. Терминалға екі есіктен кіруге болады. Жолаушыларды тексеруді әуежай қызметкерлері тәулік бойы жүзеге асырады. Осыған байланысты, жолаушылардан әуежайға қосымша тексеру рәсімінен өту уақытын ескере отырып келулерін сұраймыз.

21.11.2014
Астана әуежайына дейін жаңа автобус бағыты ашылды!

фото экспресс автобуса

Жолаушылар үшін ең маңызды қызметтердің бірі болып қаламен ыңғайлы көліктік байланыс болып табылады, ал әуежайға көлікпен жеткізуді арттыру – оның бәсекеге қабілеттілігінің және оның даму болашағын анықтайтын факторлардың бірі болып табылады. Осы жағдайды ескере отыра, Астана әуежайына қосымша автобус бағыты қосылды. Енді Астана әуежайына аялдамалар саны аз,ыңғайлы №53э автобусында Астана қаласының теміржол вокзалынан жетуге болады. […]

24.10.2014
Астана әуежайы қысқы кестеге көшеді

1

Құрметті жолаушылар, Сіздерге мәлімет ретінде Астана әуежайы күзгі-қысқы навигацияға көшуіне байланысты 2014 жылғы 26 қазаннан бастап жаңа кестеге көшетіндігін хабарлаймыз. Қысқы кестеде халықаралық рейстер саны көбейеді. 2014 жылғы 26 қазаннан бастап Астана әуежайынан «Россия» авиакомпаниясы тұңғыш рет күзгі-қысқа навигация кезеңінде Санкт-Петербург қаласына тура рейстерді аптасына 5 рет жиілікпен Эйрбас-319 сыйымды лайнерінде жүзеге асыруын жалғастыратын болады. […]

24.10.2014
Құрметті серіктестер!

Экспо картинка

Сіздерге мәлімет ретінде дүниежүзілік ЭКСПО-2017 көрмесінің өткізілуіне байланысты, Астана әуежайында «Жолаушылар терминалын жаңарту» жобасын іске асыру жоспарланғандығын хабарлаймыз. Жоба аясында жалпы алаңы 40 мың шаршы метрді құрайтын жаңа жолаушылар терминалының, энергетикалық шаруашылық және сыртқы желілердің құрылысы, жарық сигнал жабдықтарын және метеожабдығын жаңарту қарастырылған.  Бұдан басқа, ұшу-қону жолағын және перронды күрделі жөндеуден өткізу жоспарланған. Осындай объектілердің […]

22.10.2014
Астана әуежайы 2014 жылдың 9 айы бойынша қорытынды шығарды

back

Астана әуежайы қызметінің 2014 жылдың 9 айы бойынша жолаушылар ағыны 2,2млн. адамды құрады, ол былтырғы жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 10,5 %-ға көп. Ішкі бағыттар бойынша 2014 жылдың 9 айы бойынша жолаушылардың жалпы көлемі 1,2 млн.адамды құрады (2013 жылмен салыстырғанда 6%-ға көбейген). Аса сұранысқа ие ішкі бағыттар Алматы, Шымкент және Ақтау болып табылады. Халықаралық бағыттарда 2014 […]

30.09.2014
«Segafredo Zanetti» кофеханасының салтанатты ашылуы

O85A1805_web

2014 жылғы 15 қыркүйектен бастап әлемге танымал желі «Segafredo Zanetti» кофеханасы өз жұмысын бастады. Кофехананың салтанатты ашылуы 2014 жылғы 26 қыркүйекте болды. Ашылу салтанатына орай кафе әкімшілігі Segafredo International party мерекелік коктейлін ұйымдастырды. JanSax –тан саксофонның жанды дауысы ұмытылмас көңіл-күй сыйлады. Қонақтар арасында әуежай қызметкерлері және түрлі ел жолаушылары болды. Бас аспаз және бармен қонақтарға […]

22.09.2014
Астана әуежайы Қазақстан халқы тілдері күнін атап өтті

IMG_9151

Астана халықаралық әуежайында Қазақстан халқы тілдерінің ХVІ республикалық фестивалі аясында Басқарма төрағасының орынбасары бекіткен іс-шаралар жоспарына сәйкес «Мәңгілік ел – мәртебелі тіл» атты апталық өтті. Апталық 2014 жылғы 15 қыркүйекте «Мемлекеттік тілде сөйлесейік!» атты шарамен басталды. 16 қыркүйекте тілдерді дамыту қызметі іс қағаздарын жүргізуге жауапты жұмыскерлер арасында мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту мен дамыту мақсатында […]

22.09.2014
Астана әуежайы Татарстаннан келген делегацияны қарсы алды

Изображение 030

2014 жылғы 18 қыркүйекте Астана әуежайы оркестрмен сүйемелдей отыра, асқан құрметпен Татарстаннан келген 700 қонақты қарсы алды. Делегацияның келуі 2014 жылғы 19-20 қыркүйек аралағында өтетін Астанада Татарстан Республикасының мәдени күндеріне байланысты болып отыр. Осы мереке аясында аса көлемді «Сабантуй» мерекесі және басқа да көптеген мәдени іс-шаралар өтетін болады. Елордалық әуежай аса ірі халықаралық іс-шараларды, атап […]

17.09.2014
Segafredo енді Астана әуежайында да ашылды

IMG_9106

2014 жылғы 15 қыркүйектен бастап Segafredo Zanetti Espresso өз есігін қала тұрғындары мен елорда қонақтарына айқара ашты. Кофехана 36 орынға арналған. Кофеханада Сіздер өздері өндірген кофе дәмін тата аласыздар. Кофенің 10-нан астам түрі бар. Бұдан басқа, Сізге итальяндық тіске басарлар, салаттар және жаңа пісірілген тоқаштар ұсынады. Бұл жерде Сіз өз рейсіңізді күту кезінде уақытты қысқарып, […]

16.09.2014
Ресми делегациялар залын (чартерлік рейстерге қызмет көрсету үшін) басқа ғимаратқа ауыстыру туралы

IMG_9175

«Жолаушылар терминалын кеңейту» жобасын іске асыруға байланысты, бұрынғы Ресми делегациялар залы (бұдан әрі-РДЗ) басқа ғимаратқа көшірілді. Зал 35 отырғызу орнына есептелген. Жолаушылар үшін бар, кабельдік теледидар, Wi-Fi, келіссөздерге арналған бөлме бар. Залда жеделдетілген тіркеу, шекара және кеден бақылаулары ұйымдастырылған. Зал тәулік бойы жұмыс істейді. Сізге сәтті сапар тілейміз және ыңғайлы зал, мейрімді қызметкерлер Сіздің саяхатыңызды […]

16.09.2014
Тұңғыш рет Астана әуежайында жылжымалы пункт құрылды

IMG_9024

Авиациялық индустриядағы өзекті мәселенің бірі сала қызметі қауіпсіздігін қамтамасыз ету болып табылады. Қауіпсіздікті арттыру бойынша шараларды  күшейту бірінші деңгейдегі мәселе. Әуежайда авариялық оқиғаларды болдырмауға дайындалу мақсатында тұңғыш рет автобус базасында жылжымалы басқару пункті (бұдан әрі- ЖБП) құрылды. ЖБП барлық авариялық оқиғаларды жою бойынша толыққанды штаб жұмысына қажетті радио, телефон және факсимильді байланыспен, ғаламтормен, ақпаратты бейнелейтін […]

3.09.2014
Бағасы бойынша қоғамдық тыңдаулар өткізу туралы хабарлайды

88

«Астана халықаралық әуежайы» АҚ «Астана – Қарағанды тасжолынан әуежайға дейінгі учаскедегі отын құбырының және рельс жанындағы жанар-жағармай материалдар қоймасының құрылысы» жобасының техникалық-экономикалық негіздемесіне қоршаған ортаға әсер ету бағасы бойынша қоғамдық тыңдаулар өткізу туралы хабарлайды. Қоғамдық тыңдаулар 2014 жылғы 18 қыркүйекте, сағат 15:00 «Астана халықаралық әуежайы» АҚ штабында, екінші қабатта, конференц-залында өтеді. Жобаның қағаз нұсқасымен «Астана […]

7.08.2014
Құрметті астана тұрғындары және қонақтары!

images

2014 жылғы 08 тамызда «Астанателеком» ҚТО жұмыс жүргізуіне байланысты сағат 00:00-ден бастап 04:00–ге дейін байланыстың үзілуі күтілетінін Сіздерге мәлімдейміз. Көрсетілген уақыт мерзімінде astanаairport.kz ресми сайтында рейстердіңонлайн кестесі көрсетілмейді, сонымен қатар 702-999, 1333 әуежай анықтамалығыжұмыс істемейді. Рейстер туралы ақпарат алу үшін, 777-999телефонына хабарласуларыңызды өтінеміз.

30.07.2014
«Астана халықаралық әуежайы» АҚ көп балалы және толық емес отбасылардан шыққан балаларға ұмытылмас жазғы демалыс ұйымдастырды!

лагерь 1

2014 жылғы 15-21 шілде аралығында балалар әдемілігі және табиғи ландшафты бойынша бірегей Бурабай курорты аймағында,Астана қаласынан 230 км шақырым жерде, Қатаркөл көлінің жағасында орналасқан «Discovery-Borovoe» балаларға арналған сауықтыру орталығында жаздың бүкіл қызығын сезінді. Балалармен білім саласында тәжірибесі бар тәжірибелі мамандар жаңа әдістемелік әзірлемелер бойынша айналысты. Ойын – сауық педагогикалық бағдарлама балалардың демалысын ұмытылмастай өткізуге септігін […]

22.07.2014
Астана халықаралық әуежайында флеш-моб өтті

зал ожидания первый этаж

Астана әуежайы Қазақстанның басты әуе қақпасы болып есептеледі. Сондықтан да ұлттық тасымалдаушы «Эйр Астана» авиакомпаниясының театрланған қойылымын өткізу орны болып табылды. Астана әуежайының жолаушылары мен келушілері «Эйр Астана» авиакомпаниясы қызметкерлерінің жанды көрінісін тамашалады. Іс-шара Астана күні аясында өтті. «Эйр Астана» авиакомпаниясы аптасына Астанадан 53 шақты халықаралық рейстерді орындайды және Қазақстанның басты хабынан бағытты желіні дамытуды […]

15.07.2014
Астана әуежайы жаңа 3 отын құйғыш сатып алды

20140627_151733

Астана әуежайының отын құйғыштар паркі 2013 жылы шыққан сыйымдылығы 20 000 литр (2 бірлік) және 40 000 литр (1 бірлік) 3 жаңа үлгімен толықты. Жаңа ОҚ-ты KUNZ фирмасының MAN базасында ОҚ неміс компаниясы құрастырған, ӘК-ке отын құю жүйесін артық қысымнан қорғайтын отын ағынының қысымын реттеуге мүмкіндік беретін «Мертвый оператор» басқаруымен қысымды реттеумен бақыланатын отын құю жүйесімен және […]

18.06.2014
Құрметті жолаушылар!

скрин с МЮ

Қазақстан Республикасының шекарасынан шығу, жылжымалы әрі жылжымайтын мүлікті қайта ресімдеу және басқа қаржылық операциялық кезінде кедергілерді болдырмау үшін, Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі жеке және заңды тұлғаларға www.adilet.gov.kz  сайтында сот актілерді бойынша берешегін тексеруді ұсынады.

17.06.2014
Елордалық әуежайда қазақ тілінің дамуы

CAM00052

Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының Тіл туралы Заңына, Тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаға, «Астана халықаралық әуежайы» АҚ 2013-2014 ж.ж. мемлекеттік тілді оқытуды ұйымдастыру туралы» басқарма төрағасының бұйрығына сәйкес 2013 жылғы  01 қазан – 2014 жылғы 13 маусым аралығында жұмыскерлерге қызмет көрсету барысында мемлекеттік тілді қолдану аясын кеңейту және мемлекеттік тілде іс […]

23.05.2014
Тұңғыш рет Астана әуежайынан «Астра Эйрлайнспен» Салоникке

ASTRA

Тұңғыш рет Астана қаласынан Салоникке тура рейс ашылады. 2014 жылғы 02 маусымнан бастап ұшулар Astra Airlines грек авиакомпаниясы Airbus-320 бортында он күнде бір рет дүйсенбі және бейсенбі күндері жүзеге асырылатын болады. Астана әуежайынан ұшу уақыты – 03:00 (Астана уақыты), Македония әуежайына қону уақыты (Солоник қаласы) – 05:45 (жергілікті уақыт). Тура рейстің арқасында қазақстандықтар көлемі жағынан […]

23.05.2014
Тұңғыш рет Астана әуежайынан «Скат» авиакомпаниясымен Челябинск және Томск қалаларына!

images

2014 жылғы 01 маусымда  «Скат» авиакомпаниясы Астана халықаралық әуежайынан Челябинск және Томск қалаларына тікелей рейстер ашады. Рейстердің жиілігі Томск қаласына – аптасына 1 рет дүйсенбі күндері және Челябинск қаласына – аптасына 2 рет сейсенбі және жексенбі күндері. Рейстер CRJ-200 авиалайнерінде жүзеге асырылатын болады.  

21.05.2014
Астана әуежайында «KADEX-2014» көрмесіне жаттығу өткізу

1336034456_111

«KADEX-2014» әскери-техникалық мүлік және қару-жарақ үшінші халықаралық көрмесіне дайындықты ескере отырып, жоспарлы жаттығулардың өтуіне байланысты, 2014 жылғы 22 – 25 мамыр аралығында Астана уақыты бойынша 10.00-ден 13.00-ге дейін «Астана халықаралық әуежайы» АҚ әуе кеңістігі жабық болады.

25.04.2014
Астана әуежайында шеруге дайындық бойынша жаттығулар жалғасуда

Astana

Алдын ала деректер бойынша 2014 жылғы 24-30 сәуір, 2,3,5 мамыр кезеңінде Астана әуежайында сағат 10.30-дан 12.30-ға дейінгі және 7 мамыр күні 10.30-дан 12.30-ға дейінгікезеңде Отан қорғаушылар күніне арналған әскери шеруге дайындық жаттығуларын өткізу мақсатында әуе кеңістігі жабық болады. Әуе кеңістігінің жабық болуына байланысты, әуежай жабылып, рейстердің кешігулері болады. 

23.04.2014
Астана әуежайында іс қағаздарды мемлекеттік тілде жүргізу бойынша тәжірибелік семинар өтті

IMG_7058

2014 жылғы 23 сәуірде Астана әуежайында «Қазақ тілі терминологиясындағы соңғы әзірлемелер және орыс тілінен қазақ тіліне және қазақ тілінен орыс тіліне аудару техникасының жаңа әдістемелері» тақырыбында дәстүрлі тәжірибелік семинар өтті. Семинарға авиакәсіпорынның 30 қызметінен 42 қызметкер қатысты. Аталған семинарда іс жүргізушілер грамматика бойынша іс жүргізуде көп кездесетін мәселелер қарастырылды. Құжаттама көлемінің жыл сайын 15 %-ға […]

19.04.2014
Астана әуежайы сенбілік өткізді

IMG_7035

Экологиялық айлық және жалпықалалық сенбілік өткізу, Астана қаласын көгалдандыру және санитарлық тазалау қалалық акция аясында елордалық әуежай қызметкерлері 2014 жылғы 19 сәуір дәстүрлі көктемгі іс-шараға белсенді түрде қатысты. Еліміздің ең үздік әуежайларының бірі деген мәртебені жоғары ұстау үшін тек ұсынылатын қызметтің сапасын ғана жақсартып қоймай, әуежай аумағын таза күйде ұстау қажет. Сондықтан қатал да, қарлы […]

11.04.2014
Астана әуежайы басқарудың ақпараттық жүйесін жетілдіруді жалғастыруда

sita-common-use-kiosk-in-our-demo-lab1-230x152

Серпінді дамып келе жатқан  Астана әуежайы, көлемі жағынан Қазақстанның екінші халықаралық әуе айлағы, SITA компаниясының AirportVision® (FIDS) ұшу ақпаратын бейнелейтін жүйелерді енгізді, олар жолаушыларға авиарейстердің мәртебесі туралы ақпаратты нақты уақыт режимінде ұсынады. Астана әуежайы  Басқарма төрағасының орынбасары Радильбек Адимолда (Radilbek Adimolda) «Жолаушылардың нақты уақыт режимінде ұшу ақпаратына қолжетімдігін ұйымдастыру үшін біз SITA компаниясының экономикалық тиімді […]

7.04.2014
Астана әуежайында таксиге тапсырыс беру!

70158897_1_644x461_v-kompaniyu-eko-taksi-trebuyutsya-voditeli-v-rezhime-taksi-astana

2014 жылғы 17 наурызда Астана әуежайында жолаушыларға ыңғайлы болу үшін «ЭКО таксиге» тапсырыс беруге арналған орын ашылды. Жұмыс уақыты – тәулік бойы. 1-қабаттағы күту залында орналасқан такси тапсырысының арнайы орнында прейскурантпен танысуға және тапсырысты ресімдеуге болады. Такси қызметтері үшін төлемді қолма-қол ақшамен де, VISA, MasterCard төлем карталарымен де жүргізуге болады. Толығырақ ақпаратты +7 71 72 […]

7.04.2014
Құрметті жолаушылар! “Fast food” қоғамдық тамақтану пункті ашылды

unnamed

2014 жылғы наурызда Астана әуежайының жолаушылар терминалында екінші қабаттағы күту залында “Fast food” қоғамдық тамақтану пункті ашылды. Онда әр түрлі салынды қосылған бутерброд, сэндвич, гамбургер, салат және сусындардан дәм татуға болады. “Fast food” терминалдың күту залында жұмыс істеп жатқан ресторан мен 2 кафенің санын толтырды.

7.04.2014
«СКАТ» авиакомпаниясының ұшағы Астана әуежайына авариялық жағдайда қонды

photo_44804

2014 жылғы 07 сәуірде сағат 10:57-де «СКАТ» авиакомпаниясының Шымкент – Астана бағыты бойынша ұшып бара жатқан Боинг-737 ұшағы алдыңғы шасси мәселесі себебінен Астана әуежайына авариялық жағдайда келіп қонды. Кестеге сәйкес рейс сағат 09:25-те ұшып келуі тиіс еді, бірақ техникалық ақаулыққа байланысты ұшақ 1 сағат 23 минутқа кешігіп қонды. Әуежайдың қызметі дайындыққа келтірілді. Ұшақты арнайы авариялық […]

22.01.2014
Астана әуежайы 2013 жылғы жұмыс қорытындысын шығарды

osce5

Астана әуежайы қызметінің қорытындысы бойынша жолаушылар ағыны 2013 жылы 2609431 адамды құрады, ол былтырғы жылмен салыстырғанда 15%-ға көп. Ішкі бағыттар бойынша 2013 жылы жалпы жолаушылар ағыны 1630666 адамды (2012 жылмен салыстырғанда 9% -ға көбейген) құрады. Ішкі рейстерде аса көп сұранысқа ие Алматы, Шымкент және Атырау бағыттары. Халықаралық бағыттарда 2013 жылы қызмет көрсетілген жолаушылар саны 978765 […]

22.11.2013
Астана әуежайы кез келген төтенше жағдайларға дайын!

sam

2013 жылғы 22 қарашада «Астана халықаралық әуежайы» АҚ «Қысқы кезең жағдайында дағдарыс жағдайларының салдарын жою кезіндегі құтқару және басқа да шұғыл жұмыстарға дайындалу және жүргізу» тақырыбында «Қыс-2013» Республикалық командалық – штабтық жаттығулары (бұдан әрі – жаттығулар) өтті. Осылайша, жаттығуларға Астана халықаралық әуежайы» АҚ Басқарма төрағасы Қ.К. Жаухановтың төрағалық етуімен әуежайдың төтенше жағдайлар жөніндегі комиссиясы нақты […]

23.07.2013
Әуежайы балаларға ұмытылмас жазғы демалыс ұйымдастырды!

original

08 шілдеден бастап 21 шілде аралығында 20 бала Щучинск – Бурабай курорттық аймағында орналасқан «Самұрық» балаларға арналған сауықтыру орталығында жаздың бар қызығын сезінді. «Самұрықта» өткізген әрбір күні олар «Жетілдіру академиясында» уақыт өткізді, ол жерде балалар жаңа өлеңдер мен билерді үйренді, оригами өнерін үйренді, өздерін актер рөлінде сынады, тренингтерге қатысты. Таза ауада уақыт өткізгеннен кейін балаларды […]