25.01.2017
Жаңа жолаушылар терминалына іріктеудің қорытындысын шығару мерзімін өзгерту

Берілген өтініштер санының көп болуына, сондай-ақ оларды өңдеу үшін қосымша уақыттың қажеттілігіне байланысты, «Астана халықаралық әуежайы» АҚ жаңа жолаушылар терминалы аумағында коммерциялық қызметті жүзеге асыру құқығына іріктеудің қорытындысын шығару мерзімін өзгерту туралы жариялайды.

Іріктеу қорытындысын шығару күні: 2017 жылғы 01 ақпан.
Анықтама телефондары: +7 (7172) 777-733, 777-898.