13.02.2017
Әуежайдың еңбек ұжымында ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауын талдау

2017 жылғы 09 ақпанда Астана халықаралық әуежайының еңбек ұжымында 2017 жылғы 31 қаңтардағы ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауын талдау ұйымдастырылды.
Іс-шараға әуежайдың еңбек ұжымы, сондай-ақ ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Павел Казанцев, «Нұр Отан» партиясының Есіл аудандық филиалы төрағасының орынбасары Ахмет Сеитов, «Нұр Отан» партиясы саяси кеңесінің мүшесі Ханзада Балтаева.
Жиналысты «Астана халықаралық әуежайы» АҚ «Нұр Отан» партиясының бірінші партиялық ұйымның төрағасы Габит Тажимуратов ашты, іс-шараның мақсаты, ұйымның жұмысы, жетістіктері мен жоспары туралы қысқаша айтты.
Алғашқы минуттан талқыланатын тақырыпқа тыңдаушылардың қызығушылығын тудырған депутат Павел Казанцевтің сөзін еңбек ұжымы үлкен ықыласпен тыңдады. Ол өз сөзінде тарихи құжаттың негізгі мәнін қарапайым тілмен жеткізді және біз талқылап отырған ел Президентінің Жолдауы әрбір жолы уақытпен және өмірмен өрнектелген маңызды саяси құжат екенін атап өтті.
Жұмыскерлер қойған барлық сұрақтарға депутат нақты және жан-жақты жауап берді. Жер туралы сұраққа түсіндіру жүргізіп, зейнеткерлік қамсыздандыру, сондай-ақ ҚР Конституциясына енгізілетін өзгерістер туралы сұрақтарға түсінік берді.
Павел Казанцев сөзін қорытындылай келе, Президент атаған бес негізгі басымдық Қазақстанның үшінші жаңғыруында экономикалық өсудің жаңа моделін құруға және еліміздің алдыңғы қатарлы 30 мемлекеттің қатарына ену үшін орнықты қозғалуға мүмкіндік беретінін айтты.
Тіпті іс-шара аяқталған соң адамдар тарауға асықпады, фотоға түсті және сұрақтар қойды, жеке қабылдауға сұранды.

IMG_7402

IMG_7386

IMG_7390

IMG_7441IMG_7431IMG_7481