Қызығушылықты білдіруге сұрау салу

«Астана халықаралық әуежайы» АҚ мүдделі тұлғаларға мақсаты халықаралық рейстермен ұшып кететін және келетін жолаушыларға, сондай-ақ қарсы алушы және шығарып салушы тұлғаларға қызмет көрсету болып табылатын жаңа жолаушылар терминалының салынып жатқаны туралы хабарлайды.

Жоспарланып отырған қызметтер тізбесі келесі қызметтермен шектелмейді, керісінше қамтиды:

  • Бөлшек сауда дүкендері;
  • Қоғамдық тамақтану пунктілері;
  • Трансфер қызметтері / такси / лимузин қызметі;
  • Бажсыз сауда дүкендерінің жұмыс істеуі;
  • Халықаралық жолаушылар терминалының жұмыс істеуіне арналған қажетті басқа да қызметтер.

Мүдделі тұлғаларды тарту мақсаты сауда алаңдарының, қоғамдық тамақтану пунктілерінің заманауи және жарқын көрінісін қамтамасыз ету, сондай-ақ, әуежай жолаушылары мен келушілерінің жайлылығын арттыруға бағытталған басқа да қызметтерді ұсыну болып табылады.

«Астана халықаралық әуежайы» АҚ қызмет жеткіушілерін таңдау мақсатында мерзімі кейінірек белгіленетін іріктеу рәсімін өткізуді жоспарлап отыр, нәтижелері бойынша жалдау шарттарын жасасады.

Мүдделі қызмет жеткізушілерін анықтау, сондай-ақ, іріктеуге қатысатын адамдар тобын және барынша кең ақпараттық таратуды қамтамасыз ету мақсатында іріктеуге дайындалу аясында «Астана халықаралық әуежайы» АҚ әлеуетті қызмет жеткізушілерін Астана халықарарлық әуежайының халықарарлық жолаушылар терминалы аумағында қызметті жүзеге асыруға өз қызығушылығын білдіру үшін шақырады.

Қызығушылық білдіруге ынта білдірген тұлғаларға қойылатын талаптар:

Компания атауы:

Компания ұсынатын бренд, сауда маркасы:

Компания портфолиосы:

Компания құрылымы:

Қажетті алаңның ауданы:

Алаңның орналасуы



Телефон нөмірі:

Электронды пошта мекенжайы:

Веб-сайт:

Т.А.Ә.:

Файлды қосу:

Код
captcha   

Әлеуетті қызмет жеткізушілері осы сұранымда ұсынылған ақпарат жобамен танысуды мақсат етіп қоятынын, ақпараттық сипатқа ие екенін және құқықтық қатынас туындауы үшін заңдық негіздеме болып табылмайтынын мойындайды. «Астана халықаралық әуежайы» АҚ және оның қызметкерлері көпшілік оферта болып табылмайтын және хабарлама сипатқа ие осы ақпаратқа байланысты немесе одан туындайтын кез келген  іс-әрекетке жауапты болмайды.

Іріктеу туралы ақпарат Астана халықаралық әуежайының ресми веб-сайтында жарияланатын болады және қызығушылық білдірген тұлғалар жеке ақпараттандырылады.

Кез келген сұранымды жазбаша түрде қызығушылықты білдірудің мерзімі аяқталғанға дейін бес күн ішінде Басқарма төрағасының атына жолдағаны жөн. Көрсетілген күннен кейін түскен сұранымдар қарастырылмайды.

Осы қызығушылықты білдіруге сұрау салу іріктеудің бөлігі болып табылмайды, тек Астана халықаралық әуежайының халықаралық жолаушылар терминалы аумағында өз қызметін жүзеге асыруға сұраным берген тұлғаның қызығушылығын білдіреді.

 

Анықтама телефондары: +7 7172 777 733, +7 7172 777 023, +7 7172 777 898