19.06.2017
Алғашқы рет Астана әуежайынан Хельсинки қаласына Finn Air авиакомпаниясымен бірге

 19 маусымда Хельсинки-Астана-Хельсинки бағыты бойынша Finn Air  авиакомпаниясы бірінші рейсінің тұсаукесері өткізілді. Астанадан Хельсинкиге (Финляндия) дейінгі ұшулар Airbus-319 жайлы авиалайнерінде аптасына екі рет дүйсенбі және жұма күндері орындалатын болады.

Астана-Хельсинки жаңа тікелей тұрақты рейс Астана халықаралық әуежайы мен Финляндияның ұлттық тасымалдаушысы – Finn Air арасындағы ұзақ мерзімді серіктестігінің басын бастайды. Аталған қатынас қазақстандық-фин ынтымақтастығының, екі жаққа туристік ағынның дамуына, сонымен қатар Финляндия азаматтарының ЭКСПО-2017 мамандандырылған көрмесінің елордасы – Астанаға келуіне мүмкіндік береді.

Finn Air авиакомпаниясы Астанаға тұрақты рейстерді орындайтын Астана халықаралық әуежайының 22 авиакомпания-клиенті.  Авиакомпанияның бағыт желісі Еуропаны, Азияны және Солтүстік Американы қамтиды. Жолаушылар Астанадан бір терминалдың шегінде Хельсинки әуежайында ыңғайлы ауысып отыра алады.

Астана әуежайы жаңа жолаушылар терминалының құрылысы жобасын сәтті іске асырды. Жобаның бірегейлігі – отыруға екі жылжымалы шығаберісі бар отырғызу көпірлерінде. Әуе кемелеріне қызмет көрсету кезінде бір уақытта екі гейтті пайдалануға болады. Осылайша, бір көпір ұшып келу мен ұшу бір-біріне байланысты болмай, бір уақытта екі әуе кемеге қызмет көрсетуге болады.

*Finnair – жалғыз скандинавиялық авиакомпания, Skytrax рейтингінде 4 жұлдыздың және World Airline наградасының иегері, соңғы жеті жыл бойы Солтүстік Еуропаның үздік авиакомпаниясы ретінде көшбасшы болып отыр. Finnair Oneworld – әлемнің жетекші авиакомпаниялары альянсының мүшесі бола отырып, сервистің ең жоғары деңгейін және саяхатшылар үшін жайлылықты қамтамасыз етуге тырысады.

IMG_9209 IMG_9220