10.08.2017
Алғашқы рет Астанадан Жезқазғанға Qazaq Air бірге

Астана әуежайы 2017 жылғы 19 тамыздан бастап Qazaq Air авиакомпаниясы аптасына 1 рет сенбі күні Bombardier Q400 жайлы авиалайнерінде Астанадан Жезқазған қаласына тұрақты тікелей авиақатынасты ашатынын қуана хабарлайды.

Жезқазған – бай өнеркәсіпті инфрақұрылымы және көптеген мәдени-білім және спорт мекемелері бар көпұлтты қала. Астана-Жезқазған авиақатынасы өңірдің өндірістік әлеуетін дамытуға жағдай жасайды.

* Qazaq Air авиакомпаниясы Астанадан Жезқазған қаласына қатынайтын екінші авиакомпания. Қазіргі уақытта Scat авиакомпаниясы аталған бағыт бойынша аптасына үш рет сейсенбі, бейсенбі және жексенбі күндері рейстерді орындайды.