16.06.2017
Астана әуежайының жаңа терминалында бірінші рет Lufthansa авиакомпаниясының Франкфурт қаласынан ұшып келген рейске қызмет көрсетілді

2017 жылғы 16 маусым сағат 02:00-де Астана әуежайының жаңа терминалында бірінші рет Lufthansa German Airlines авиакомпаниясының Франкфурт қаласынан ұшып келген тұрақты рейсіне қызмет көрсетілді. 10 жыл бойы Астана әуежайы әлемдегі ірі авиатасымалдаушылардың бірі болып табылатын Lufthansa German Airlines авиакомпаниясымен жұмыс істеп келеді. Осы кезең ішінде елорда әуежайы Lufthansa German Airlines авиакомпаниясы ұшуларының сәтті орындалуы үшін барлық жағдайды жасап жатыр.

А330-300 кең фюзеляжды ұшаққа қызмет көрсету халықаралық стандарттарға және Lufthansa German Airlines авиакомпаниясының ерекше талаптарына сәйкес лайықты деңгейде өткізілді. Әуежайдың жаңа терминалында жолаушыларға арналған жайлы залдар, ВИП зал, дүкендер, мейрамханалар, төлқұжаттық кабиналардың ұлғайтылған саны және багажды өңдеудің автоматтандырылған жүйесі бар. Ендірілген жаңалықтардың арқасында жолаушылар мен экипаж қызмет көрсетудің азайтылған уақыты мен айналадағы эксклюзивтік жағдайды сезіне алады.

Lufthansa German Airlines авиакомпаниясының бірінші рейсін жолаушылар, станция менеджері Александр Дишер және әуе кеменің командирі Франц Вульф қарсы алды.

Астана әуежайы ынтымақтастық үшін алғыс білдіре отырып, Lufthansa German Airlines авиакомпаниясына өркендеуді және Астана мен Франкфурт арасындағы жиіліктің ұлғаюын тілейді.

DSC1703 DSC17111