13.10.2016
Астана әуежайында «Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде» атты дөңгелек үстел өткізілді

2016 жылғы 11 қазанда Астана қаласы әкімдігінің «Астана қаласы тілдерді дамыту басқармасы» ММ орыстілді азаматтар үшін «Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде» атты мемлекеттік тілді насихаттауға арналған дөңгелек үстел өткізді.

Іс-шараға Қазақстанға еңбегі сіңген қайраткер Досмахамбет Қалмаханұлы Көшім, белгілі қоғам қайраткері Оразкүл Асанғазықызы, «Астана медицина университеті» АҚ профилактикалық медицина кафедрасының профессоры Мұхамбедия Ахметов және «Астана халықаралық әуежайы» АҚ бас директоры Рәділбек Әдимолда қатысты.

Дөңгелек үстелге келген қонақтар елордалық әуежайдың қызметкерлеріне мемлекеттік тілдің басқа елдерде қолданылу тәжірибесімен бөлісті.  Сондай-ақ, мемлекеттік тілді  «tilalemi.kz», «termincom.kz», «atau.kz» вебсайттарын қолдану арқылы үйренуге болатындығын жеткізді. Кездесу барысында мектептерде және мекемелерде мемлекеттік тілді оқытудың әдістемесін жақсарту мәселесі де талқыланды.

Жұмыста мемлекеттік тілді қолдану елордамыздың әуеайлағында басымды бағыт болып табылады. Астана әуежайының басшылығы мемлекеттік тілді үйрену үшін барлық жағдай жасаған, қазақ тілін оқыту курсы бар, сондай-ақ, өзге ұлт өкілдеріне жұмыста мемлекеттік тілді қолдана білгені үшін және жұмыскерлерге бөлімшелерде іс қағаздарын жүргізгені үшін қосымша ақы қарастырылған.

Қонақтар дөңгелек үстелдің қорытындысында, Астана әуежайының жұмыскерлеріне мемлекеттік тілді еркін меңгеретініне және ұлтына қарамай жұмыста пайдаланатынына үміт білдірді.

IMG_7311IMG_7322