Борт тамағы

bort1«Астана халықаралық әуежайы» АҚ маңызды қызметінің бірі алпыс жылдан астам уақыт бойы Тамақтану қызметін көрсету кешені (бұдан әрі – Кешен) қамтамасыз етіп келе жатқан борт тамағының өндірісі болып табылады.

Кешен Сіздерге ең таңдаулы мәзірді ұсынады, онда: дәстүрлі, диеталық, вегетериан, мұсылман, балаға арналған және тағы басқа әртүрлі рациондар бар. Әзірленетін тағамдардың ассортименті 500-ден асады, оның ішінде әлемдегі әр түрлі елдердің тағамдары да бар, негізгілердің бірі болып ұлттық тағамдар сақталады. Кешенде он жылдан астам жұмыс өтілі бар тәжірибелі қызметкерлер, халықаралық нарықта әуежайды абыроймен көрсете алатын жоғары білікті мамандар жұмыс істейді.

Тағамдарды әзірлеу жоғары технологиялық жабдықтарды пайдалану, дайын өнімнің, шикізаттың және жартылай өңделген өнімнің сапасын тұрақты бақылау, жеткізушілерді мұқият таңдау және тағы басқалар арқылы жүзеге асырылады. Барлық жеткізілетін өнімдердің Қазақстан Республикасы Ұлттық сертификаттау және сараптама орталығы берген сәйкестік сертификаты бар. Кешен жыл сайын миллионнан астам жолаушыларды қамтамасыз ететін тағам әрдайым жаңа әзірленген, денсаулыққа пайдалы және әр түрлі болуы керек. Сондықтан да өндірістің барлық кезеңінде сапаны бақылау көрсетілетін қызметтердің жоғары деңгейін қамтамасыз ету болып табылады.

bort2ТҚК келешектегі даму жоспарында жаңа заманға сай жабдықталған борт тамағы цехының жаңа ғимаратын салу, арнайы техниканы көбейту, сондай-ақ қызметкерлерді жақын шетелдерде оқыту қарастырылып отыр. Бұның барлығы күннен күнге артып келе жатқан авиакомпанияларды борт тамағымен қамтамасыз етуге және көрсетілетін сервисті жетілдіруге жол ашады.

Байланыс телефондары/факс: +7 (7172) 777 016

e-mail: kop-astana@astanaairport.kz , kop-astana@mail.ru