30.01.2018
Ақпараттық хабарлама

«Астана халықаралық әуежайы» АҚ 2018 жылғы 12 ақпанда сағат 14.30-де Астана қаласы, Әуежай 14-ПББ, «Штаб» ғимаратында арнайы техниканы сату бойынша ашық аукцион өтетінін хабарлайды. 

Сату бойынша аукционда меншік құқығы сатудың голландық тәсілі бойынша ұсынылады:

Лот

Лот атауы

Шығарылған

жылы

Бастапқы баға,

теңге

1. Автотрап TLD ABS 580 гар.№323, автотрап TLD ABS 580 гар.№325 2010 22 294 000

Өтінімдер ақпараттық хабарлама жарияланған күннен бастап қабылданады және 2018 жылғы 12 ақпанда сағат 13.00-де қабылдау тоқтатылады.

150 000 теңге кепілдік жарнасы «Астана халықаралық әуежайы» АҚ KZ 719 470 398 990 408 526, БИК ALFAKZKA, СТН 030 340 001 539, КБЕ–16, Астана қаласының «ҚР Альфа банкі» АҚ филиалындағы есеп айырысу шотына аударылады.

 Аукционға қатысушы ретінде тіркелу үшін төмендегілерді ұсыну қажет:

  • саудаға қатысуға арналған өтінім;
  • паспорт немесе жеке куәлік – жеке тұлғалар үшін (көшірмесі және түпнұсқасы);
  • құрылтайшы және тіркеуші құжаттардың нотариалды түрде куәландырылған көшірмелері – заңды тұлғалар үшін;
  • саудаға қатысу үшін өкілге арналған сенімхат;
  • кепілдік жарнаның төленгенін растайтын құжат (көшірмесі және түпнұсқасы);
  • акционерлік қоғамдар қосымша жарғылық капиталдағы мемлекеттің үлесі туралы, олардың акцияларын иеленетін акционерлік қоғамдар туралы ақпаратты қамтитын акционерлердің тізілімінен үзінді көшірме ұсынады (ақпараттық хабарлама жарияланған сәтте).

Шетелдік заңды тұлғалар орыс тіліне аударылған нотариалды түрде куәландырылған құрылтайшы құжаттарды ұсынады.

Сауда өтетін және аукционға қатысу үшін өтінімдерді қабылдайтын орын: Астана қаласы, Әуежай 14-ПББ, «Штаб» ғимараты.