7.04.2014
Астана әуежайында таксиге тапсырыс беру!

2014 жылғы 17 наурызда Астана әуежайында жолаушыларға ыңғайлы болу үшін «ЭКО таксиге» тапсырыс беруге арналған орын ашылды. Жұмыс уақыты – тәулік бойы. 1-қабаттағы күту залында орналасқан такси тапсырысының арнайы орнында прейскурантпен танысуға және тапсырысты ресімдеуге болады. Такси қызметтері үшін төлемді қолма-қол ақшамен де, VISA, MasterCard төлем карталарымен де жүргізуге болады. Толығырақ ақпаратты +7 71 72 999-702, +7 777 646 77 77 телефондары бойынша алуға болады.