11.04.2014
Астана әуежайы басқарудың ақпараттық жүйесін жетілдіруді жалғастыруда

Серпінді дамып келе жатқан  Астана әуежайы, көлемі жағынан Қазақстанның екінші халықаралық әуе айлағы, SITA компаниясының AirportVision® (FIDS) ұшу ақпаратын бейнелейтін жүйелерді енгізді, олар жолаушыларға авиарейстердің мәртебесі туралы ақпаратты нақты уақыт режимінде ұсынады.

Астана әуежайы  Басқарма төрағасының орынбасары Радильбек Адимолда (Radilbek Adimolda) «Жолаушылардың нақты уақыт режимінде ұшу ақпаратына қолжетімдігін ұйымдастыру үшін біз SITA компаниясының экономикалық тиімді жоғары технологиялық шешімдерін таңдадық» деді.

Соңғы жылдары SITA-мен ынтымақтасып Астана әуежайын жаңартуға бағытталған бірнеше инновациялық жоба жүзеге асырылуда. Мысалы, Қазақстанда бірінші рет әуежайдағы барлық өндірістік үдерістерді нақты уақыт режимінде бақылауға мүмкіндік беретін  Әуежайды басқару жүйесі (SITA Airport Management Solution) енгізілді.

SITA AirportConnect Open  жалпы қолжетімдік тұғырнамасы әуежайдың, авиатасымалдаушылардың және хендлингілік компаниялардың ИТ-қосымшаларын өзінде біріктіреді. Оның көмегімен авиакомпаниялар әуежайда орнатылған кез келген радиостансадан, соның ішінде жолаушыларды тіркеу және рейстерге тиеуді бақылау орындарынан, өздерінің брондау жүйелеріне және корпоративтік жүйелеріне қолжетімдік алады. 

Аталған тұғырнама дербес тіркеу дүңгіршектерін орнатуға да мүмкіндік береді. SITA MaestroDCS Local    жолаушыларды тіркеудің автоматтандырылған жүйесі әуежайдың өткізу мүмкіндігін ұлғайтады, сервис деңгейін арттырады және жолаушыларды жөнелту рәсімін орындаған кезде қауіпсіздік нұсқасын жетілдіреді.

ТМД және Ресейдегі  SITA компаниясының вице-президенті Дмитрий Краснов «Соңғы екі жыл ішінде Астана халықаралық әуежайы   нақты уақыт режимінде түсетін ақпарат алмасу және басқару саласындағы ең жаңа шешімдермен жабдықталған жоғары технологиялық кәсіпорынға айналды. Бүгін біз жариялап отырған бірлескен жоба әуежайды басқару және жолаушыларға қызмет көрсетудің замануи ақпараттық жүйе саласындағы біздің табысты ынтымақтастығымыздың табиғи жалғасы болып табылады» – деп атап өтті.

Астана халықаралық әуежайы  Қазақстан елордасынан ТМД ішінде  де, оның шегінен де күн сайын 120 тұрақты рейсті орындайтын 15-тен астам авиакомпанияға қызмет көрсетеді.

2013 жылы әуежай 2,6 миллион жолаушыға қызмет көрсетті және 8,4 тонна жүкті өңдеді.