19.04.2014
Астана әуежайы сенбілік өткізді

IMG_7023 IMG_7035 IMG_7042

Экологиялық айлық және жалпықалалық сенбілік өткізу, Астана қаласын көгалдандыру және санитарлық тазалау қалалық акция аясында елордалық әуежай қызметкерлері 2014 жылғы 19 сәуір дәстүрлі көктемгі іс-шараға белсенді түрде қатысты. Еліміздің ең үздік әуежайларының бірі деген мәртебені жоғары ұстау үшін тек ұсынылатын қызметтің сапасын ғана жақсартып қоймай, әуежай аумағын таза күйде ұстау қажет. Сондықтан қатал да, қарлы қыстан кейін аумақты және іргелес аймақты тиісті тәртіпке келтіру керек. Кәсіпорын және сыртқы ұйым жұмыскерлері өткен жылғы жапырақтарды, қоқысты ынтамен, жігерлікпен жинап, ағаштардың бұтақтарын қиып, гүл өсіретін алаңдарды, шағын сәулет нысандарын және басқаларды қалпына келтірді. Әуежай басшылығы қойылған міндеттердің сапалы орындалуы үшін өзі үлгі көрсете алды. Барлығы сенбілікке 750-ден астам адам, автомобиль және басқа да техниканың 10 бірлігі қатысты. Сенбіліктен кейін әуежай аумағының көріктілігі мен әсемділігі қалпына келіп, жарқырап шыға келді.