23.04.2014
Астана әуежайында іс қағаздарды мемлекеттік тілде жүргізу бойынша тәжірибелік семинар өтті

2014 жылғы 23 сәуірде Астана әуежайында «Қазақ тілі терминологиясындағы соңғы әзірлемелер және орыс тілінен қазақ тіліне және қазақ тілінен орыс тіліне аудару техникасының жаңа әдістемелері» тақырыбында дәстүрлі тәжірибелік семинар өтті.

Семинарға авиакәсіпорынның 30 қызметінен 42 қызметкер қатысты. Аталған семинарда іс жүргізушілер грамматика бойынша іс жүргізуде көп кездесетін мәселелер қарастырылды. Құжаттама көлемінің жыл сайын 15 %-ға көбейетіндігін ескерсек, осындай семинарларды өткізу елордалық әуе айлақтың дамуының ажырамас бір бөлігі болып табылады. Іскерлік пікір алмасу болып, көптеген сұрақтарға толық жауап берілді.  

IMG_7058 IMG_7072 IMG_7093 IMG_7106