23.05.2014
Тұңғыш рет Астана әуежайынан «Скат» авиакомпаниясымен Челябинск және Томск қалаларына!

2014 жылғы 01 маусымда  «Скат» авиакомпаниясы Астана халықаралық әуежайынан Челябинск және Томск қалаларына тікелей рейстер ашады. Рейстердің жиілігі Томск қаласына – аптасына 1 рет дүйсенбі күндері және Челябинск қаласына – аптасына 2 рет сейсенбі және жексенбі күндері. Рейстер CRJ-200 авиалайнерінде жүзеге асырылатын болады.