23.05.2014
Тұңғыш рет Астана әуежайынан «Астра Эйрлайнспен» Салоникке

Тұңғыш рет Астана қаласынан Салоникке тура рейс ашылады. 2014 жылғы 02 маусымнан бастап ұшулар Astra Airlines грек авиакомпаниясы Airbus-320 бортында он күнде бір рет дүйсенбі және бейсенбі күндері жүзеге асырылатын болады. Астана әуежайынан ұшу уақыты – 03:00 (Астана уақыты), Македония әуежайына қону уақыты (Солоник қаласы) – 05:45 (жергілікті уақыт).

Тура рейстің арқасында қазақстандықтар көлемі жағынан екінші болып табылатын Грекия порты ежелгі, көрікті Салоник қаласын көре алады. Салоник қаласы ескерткіштер, мұражайлар, маңызды сәулет орындары сияқты керемет тарихи және сәулет жәдігерлерін сақтай отырып, туристер үшін үлкен қызығушылық тудырады.