17.06.2014
Елордалық әуежайда қазақ тілінің дамуы

CAM00460

Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының Тіл туралы Заңына, Тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаға, «Астана халықаралық әуежайы» АҚ 2013-2014 ж.ж. мемлекеттік тілді оқытуды ұйымдастыру туралы» басқарма төрағасының бұйрығына сәйкес 2013 жылғы  01 қазан – 2014 жылғы 13 маусым аралығында жұмыскерлерге қызмет көрсету барысында мемлекеттік тілді қолдану аясын кеңейту және мемлекеттік тілде іс қағаздарын сапалы жүргізу үшін мемлекеттік тіл оқытылды. Бірінші жартыжылдықта мемлекеттік тілді – 19 тыңдаушы, екінші жартыжылдықта – 53 тыңдаушы оқыды. Бастауыш, жалғастырушы, жоғары деңгей бойынша 8 топ құрылып, 23 қызметтен – 71 жұмыскер оқыды.   

Соңғы нәтиже бойынша, сынаққа  53 жұмыскер қатысты, оның 47-сі  сынақтан өтті, 26 жұмыскер сабақтан босатылды, 21 жұмыскерге сабақты жалғастыруға ұсыныс білдірілді.

Сабаққа белсенді қатысып және мемлекеттік тілді жақсы меңгерген                7 жұмыскер марапатталды: ұшу қауіпсіздігі жөніндегі инспекцияның бастығы С.Ғ.Әбуов, маркетинг бөлімінің бастығы Л.М. Копейчук, ақпараттық технология және коммуникация қызметінің инженері О.В.Горюнов (бастығы К.В.Актелинов); ұшуларды іздестіруді, апаттан құтқаруды қамтамасыз ету қызметінің жүргізушісі М.С.Шиндин (бастығы Л.М.Островский); тексеру қызметінің инспекторлары Ю.Ю.Быкодарова, И.А. Кружальская (бастығы Ж.Н. Ахметов); бухгалтерлік есеп басқармасының бухгалтері Т.К. Новикова (бастығы К.М.Табильдинова).

«Астана халықаралық әуежайы» АҚ жұмыскерлеріне мемлекеттік тілді  оқыту жалғастырылады.