22.07.2014
Астана халықаралық әуежайында флеш-моб өтті

Астана әуежайы Қазақстанның басты әуе қақпасы болып есептеледі. Сондықтан да ұлттық тасымалдаушы «Эйр Астана» авиакомпаниясының театрланған қойылымын өткізу орны болып табылды. Астана әуежайының жолаушылары мен келушілері «Эйр Астана» авиакомпаниясы қызметкерлерінің жанды көрінісін тамашалады. Іс-шара Астана күні аясында өтті. «Эйр Астана» авиакомпаниясы аптасына Астанадан 53 шақты халықаралық рейстерді орындайды және Қазақстанның басты хабынан бағытты желіні дамытуды жалғастыруда. Астананың жетістіктері – біздің ортақ қазынамыз және зор мақтанышымыз.