30.07.2014
«Астана халықаралық әуежайы» АҚ көп балалы және толық емес отбасылардан шыққан балаларға ұмытылмас жазғы демалыс ұйымдастырды!

2014 жылғы 15-21 шілде аралығында балалар әдемілігі және табиғи ландшафты бойынша бірегей Бурабай курорты аймағында,Астана қаласынан 230 км шақырым жерде, Қатаркөл көлінің жағасында орналасқан «Discovery-Borovoe» балаларға арналған сауықтыру орталығында жаздың бүкіл қызығын сезінді.

Балалармен білім саласында тәжірибесі бар тәжірибелі мамандар жаңа әдістемелік әзірлемелер бойынша айналысты. Ойын – сауық педагогикалық бағдарлама балалардың демалысын ұмытылмастай өткізуге септігін тигізді және балаларда «Discovery-Borovoe» орталығында өткен жазғы демалыс туралы көтеріңкі көңіл күй және жағымды естелік қалдырды. «Discovery-Borovoe» сауықтыру орталығында өткен әрбір күн қызықты және өзіншеұмытылмастай өтті: спорт жарыстары, қызықты сайыстар, көңілді ойындар.

Балалар күнделікті «Өзін өзі жетілдіру академиясына» қатысты, ол жерде балалар жаңа өлеңдер мен билер үйренді, оригами өнерін үйренді, өздерін актерлер рөлінде сынап көрді, тренингтерге қатысты. Таза ауаға шығып келгеннен кейін, балалар дәрумендер мен балғын жеміс – жидектерге және көкөністерге толы жайлы асханаға барып тұрды. Міндетті түрде демалудан кейін балалар жабық бассейнде суға түсті, көңілді су эстафеталарына қатысты.

«Астана халықаралық әуежайы» АҚ ұжымы «Discovery-Borovoe» БСО бірлесіп балалардың жазғы демалысын барынша жайлы етуге тырысты, ал педагогикалық топтың жолбасшылары оған айтарлықтай реңк берді.

лагерь 1 лагерь 2 лагерь 3 лагерь сочинение