16.09.2014
Тұңғыш рет Астана әуежайында жылжымалы пункт құрылды

Авиациялық индустриядағы өзекті мәселенің бірі сала қызметі қауіпсіздігін қамтамасыз ету болып табылады. Қауіпсіздікті арттыру бойынша шараларды  күшейту бірінші деңгейдегі мәселе.

Әуежайда авариялық оқиғаларды болдырмауға дайындалу мақсатында тұңғыш рет автобус базасында жылжымалы басқару пункті (бұдан әрі- ЖБП) құрылды. ЖБП барлық авариялық оқиғаларды жою бойынша толыққанды штаб жұмысына қажетті радио, телефон және факсимильді байланыспен, ғаламтормен, ақпаратты бейнелейтін стендтермен және басқа да коммуникация құралдарымен жабдықталған.

Құрылған басқару пункті авиакәсіпорынның басшылық құрамына және өзара байланыс жоспары бойынша келген жергілікті және орталық атқарушы органдардың өкілдеріне тікелей оқиға орнынан авиациялық және басқа да оқиғаларға әрекет ету бойынша іс-шараларды жүзеге асыруға мүмкіндік береді. ЖБП арқасында оқиғаларды жою бойынша жұмыс тез және тиімді жүргізілетін болады.

Тұрақты рейстерді жүзеге асыратын авиакомпания өкілдері мен ИАТА өкілдеріне ЖБП тұсаукесері өткізілді.

Астана халықаралық әуежайында табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардан қызметкерлерді, жолаушыларды кәсіпорын инфрақұрылымы объектілерін қорғау, қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін барлық мүмкіндіктер жасалуда.

IMG_9024 IMG_9009 IMG_9012