16.09.2014
Ресми делегациялар залын (чартерлік рейстерге қызмет көрсету үшін) басқа ғимаратқа ауыстыру туралы

«Жолаушылар терминалын кеңейту» жобасын іске асыруға байланысты, бұрынғы Ресми делегациялар залы (бұдан әрі-РДЗ) басқа ғимаратқа көшірілді.

Зал 35 отырғызу орнына есептелген. Жолаушылар үшін бар, кабельдік теледидар, Wi-Fi, келіссөздерге арналған бөлме бар. Залда жеделдетілген тіркеу, шекара және кеден бақылаулары ұйымдастырылған. Зал тәулік бойы жұмыс істейді.

Сізге сәтті сапар тілейміз және ыңғайлы зал, мейрімді қызметкерлер Сіздің саяхатыңызды және елордаға ұшып келген сапарыңызды жағымды етеді деп сенеміз.

РДЗ қызмет көрсету мәселелері бойынша келесі телефондар арқылы хабарласуларыңызға болады: +7 71 72 777-802, e-mail: vip@astanaairport.kz .

IMG_9179IMG_9175 IMG_9174